Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Жалған буын , псевдоартроз


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 22:42

Жалған буын , псевдоартроз (грек. pseudos — жалған, arthron — буын) — бітіспеген сынық орнында немесе организмнің дұрыс қалыптаспауынан пайда болатын сүйектің қалыптан тыс "ойнақшып” қозғалып тұруы. Ж. б-ның іштен туа біткен және жүре пайда болатын түрлері бар. Ана құрсағындағы нәресте сүйегінің дұрыс қалыптаспауынан болатын — іштен туа біткен Ж. б. — жас сәбилерде болады және сирек кездеседі. Жүре пайда болған Ж. б. сүйектің жарақаттануынан (иық, қол, сан сүйектері сынғанда, остеотомия), остеомиелит, мешел, цинга, т.б. аурулардың салдарынан болады. Сынық дұрыс бітпегенде, сынған жердің арасында шеміршек не тыртық пайда болады. Бұл сынықтың бір-бірімен жанасып өсуін (бітісуін) тежеп, соның салдарынан орнына барып түспеген сүйек "ойнақшып”, қозғалып тұрады. Мұндай жағдай болмау үшін сынған сүйекті бір-бірімен дұрыс жанастырып, қозғалмайтындай етіп бекіту керек. Ж. б-ды, негізінен, хирургиялық жолмен емдейді. Кей жағдайда сынған сүйекті металдан не пластмассадан жасалған арнайы пластиналар арқылы жалғап, өз орнына салады. Сынық әбден жазылғаннан кейін, жалғаған заттардың кейбіреуі сүйек тіндерімен бірігіп, бітіп кетеді де, қалғанын дәрігер алып тастайды. Сондай-ақ, Ж. б-ды емдегенде ортопедиялық аппараттар да пайдаланылады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 757 | Загрузок: 84 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]