Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 16.11.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

В категории материалов: 389
Показано материалов: 381-389
Страницы: « 1 2 ... 37 38 39

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар,кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан Аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen — шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.
Биология | Просмотров: 3685 | Загрузок: 132 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Айкезбе - аспандағы ай толысқан кезде кейбір сезімтал адамдардың өз-өзінен мазасынданып ұйқысы келмей, түн ішінде ұйқысырап тұрып кезіп жүріп кететін аурудың атауы. Айға байланысты халық жадында сақталған наным-сенім бойынша, айкезбе ай толысқан кезде құбыжыққа айналып, ай қайтқанда ол қайтадан қалпына келеді немесе жаңа туған айдың үшінші жаңасында қымбат метал күмістің тәңірісі ретінде адамға күштірек әсер етеді екен деседі. Айкезбе болған адам дағдылы қимыл-әрекеттерді орындайды, түн мезгілінде өзінен-өзі ұйқылы күйінде жүріп кетеді, кейде өзі білмейтін әртүрлі істер істейді. Ондай сырқатты бақсыға ұшықтатып емдеген. Дәстүрлі наным-сенім бойынша адам ай астында иен далада ұйықтап қалған кезде бетіне айдың сәулесі түссе, айдың шалығы тиіп есі ауып, аузы қисайып қалады деп санаған.[1]
Биология | Просмотров: 920 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Аденофлегмона. Лимфа түйінінің іріңдеп, инфекцияның айналадағы клеткаға таралуы. [1]

Пайдаланған әдебиет

 

↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3

Биология | Просмотров: 866 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. [1]Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Биология | Просмотров: 4257 | Загрузок: 391 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.[1]
Биология | Просмотров: 1494 | Загрузок: 332 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Қан физиологиясы

Мазмұны 

Қан физиологиясы

2 Гемостаз

Қанның ұюы.

4 Гемолиз және оның түрлері.

Қан топтары.

Биология | Просмотров: 2618 | Загрузок: 829 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безіенде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

Сперматогенездің көбею кезеңіңце гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді.

Биология | Просмотров: 2020 | Загрузок: 250 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ,қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Биология | Просмотров: 4938 | Загрузок: 383 | Добавил: Admin | Дата: 25.11.2013 | Комментарии (0)

Нанотехнология [1]- бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанотехнология (грек. nanos – ергежейлі және технология) – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады.[2] Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химия қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым.

Биология | Просмотров: 7130 | Загрузок: 666 | Добавил: Admin | Дата: 20.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 361-370 371-380 381-389