Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Жақсылық,жақсы адам туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:22
ЖАҚСЫ АДАМ АЛЫСТЫ ЖАҚЫН ЕТЕР

Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең.

Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең (Шал ақын).

Аққу — құстың төресі жалғыз жатып оттамас. 
Қас жақсының белгісі қара сөзді қоштамас.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, 
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

Аласаны атқа санама, 
Жақсыны жатқа санама.

Асыл адамға өлім жоқ.

Асылдың сынығы, айдынның тұнығы.

Асыл масыл емес.

Асыл туған адамның алтын жетпес нарқы бар. 
Жақсы менен жаманның аспан мен жердей парқы бар.

Асыл туған жақсының
ақыл-ойы кең болар.
Атадан жаман туғанның
ақыл-ойы кем болар (Марабай ақын).

Атына заты сай.

Әр жақсыда бір мағына.

Биік таудың төбесін көріп түбіне барма, 
Жақсының атын естіп үйіне барма.

Биік төбеге шықсаң көзің ашылады. 
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

Бір кісі мың кісіге олжа салады.

Екі жақсы қас болмас, 
Екі жаман дос болмас (Бұқар жырау).

Екі жақсы қосылса
ай мен күндей жарасар. 
Екі жаман қосылса
ырылдасар, таласар.

Екі жақсы қосылса 
бірін-бірі қиыспайды. 
Екі жаман қосылса
кең дүниеге сыйыспайды.

Екі жақсы қосылса қыл өтпейді арадан. 
Екі жаман қосылса қол кетпейді жағадан.

Екі жақсы қосылса өлгенінше дос болар. 
Екі жаман қосылса өлгенінше өш болар.

Екі тентек кездессе төбелеспен тарқайды. 
Екі мылжың кездессе ерегеспен тарқайды. 
Екі жақсы кездессе елжіресіп тарқайды.

Екі торының өзгелігі жоқ, 
Игі жақсының бөтендігі жоқ.

Жақсы адам алтын басын еңкейтсе, 
Жаман адам жаман артын тоңқайтады.

Жақсы адам алысты жақын етер (Сүйінбай ақын).

Жақсы адам атқа мінсе жарасады, 
Жаман адам атқа мінсе адасады.

Жақсы адамда жаттық жоқ, 
Тәуекелдің көңілі тоқ.

Жақсы адам елдің көркі, 
Жауқазын гүл жердің көркі.

Жақсы адам еддің ырысы, 
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам жолына жолазық қалдырады. 
Жаман адам жолына ор қазып қалдырады.

Жақсы адам жұрттың ырысы.

Жақсы адам қартайса, жазып қойган хаттай. 
Жаман адам қартайса бықсып жанған оттай.

Жақсы адамның жасын сұрама 
Жақсы аттың тісін қарама.

Жақсы адам тауып айтады, 
Жаман адам итше қауып айтады.

Жақсы адам туса көптің ырысы, 
Жазғы жаңбыр жауса көктің ырысы.

Жақсы аз, жаман көп.

Жақсы — ай мен күңдей, әлемге бірдей.

Жақсы алдында жазыларсың, 
Жаман алдыңда тарыларсың.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 13039 | Загрузок: 80 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]