Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Жол туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:25
ЖОЛҒА ШЫҚҚАН ЖОЛДАН ТАБЫЛАР

Айналыс та болса жол жақсы,
Ақсақ та болса қыз жақсы.

Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.

Алыс жолға шығар болсаң, алдымен жолдасынды сайла.
Жаудың аддын алар болсаң, алдымен қолбасынды сайла.

Алыс жүрсең де жолмен жүр.

Алыс сапар алғашқы кадамнан басталады.

Арқан бойы соқпақтың тұсау бойы төтелігі бар.

Атар таңға жүрсең де батар күнге жүрме.

Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі.

Ауыр жол атанды сынайды,
Ауыр іс адамды сынайды.

Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.

Барар жер ұзақ болса,
Қайтар жол қысқа болар.

Беткейден өтсең бел қалар.

Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс.
Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын.

Екі елді жол қосады,
Екі адамды қол қосады.

Етік жолға бастайды,
Шалбар түзге бастайды.

Жақсы жолдың ұзыны жақсы,
Жаман жоддың қысқасы жақсы.

Жақсы жол елге жора.

Жақсы жол ұзақ та болса жақын,
Жаман жол жақын да болса алыс.

Жаман шопан қойдан көреді,
Жаман шофер жолдан көреді.

Желді куған жоғалар,
Жолды қуған оңалар.

Жол азабы — көр азабы.

Жол анасы — із,
Ер анасы — түз.

Жолаушыға жолдан жолдас қосылар.

Жолаушыны жол асырайды,
Өнерпазды қол асырайды.

Жолаушыны жол сынайды.

Жолаушының азығы жолында.

Жолаушының ақысы жүрсе бітеді.

Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.

Жол білмеген адастырады,
Жөн білмеген шатастырады.

Жолға жомарт қонар немесе нәмарт қонар.

Жолға шыққан жолаушы жол амалын сұрайды.
Артта қалған ауылда ел аманын сұрайды.

Жолға шыққан жолдан табылар.

Жолға шықпақ болсаң:
жолдасыңды сайла,
бөктергі мен ат дорбанды байла.

Жолға шықпас бұрын жолдасынды сайла,
Үй салмас бұрын көршінді сайла.

Жолға шықсаң жол азығың мол болсын.

Жолға шықсаң жолдасыңның жүгі болма, жұбы бол.

"Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық"
(Шәкәрім).

Жолда жатқан жантақты алып таста, жолаушыға кірмесін сенен басқа.

Жолдан адасу айып емес, жол жүрмеу айып.

Жолдасты жол айырады.

Жолдасты жол танытады.

Жолдастының жолы кең.

Жол жаман болса:
ат та сүрінеді, атаң да сүрінеді.

Жол жарасты көрінер ылдиымен, өрімен,
Қол жарасты көрінер қолбасшы, батыр ерімен.

Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады.

Жол жүрген жұртты жайға жеткізеді.

Жол жүрген май ішер,
Үйде калған қан ішер.

Жол қадірін жүрген біледі.

Жол қуған қазынаға жолығады,
Сөз қуған пәлеге жолығады.

Жол мақсаты — жету,
Қыз мақсаты — кету.

Жолмен жүрсең жортып жүр, жортып жүрсең жол өнер.

Жол сұрамай жолға түспе.

Жолшыбай буынған белбеу жолда шешіліп қалады.

Жолы жаман жерге соқпақ түсер.

Жолыңа жуа бітсін,
Сөзіңе дуа бітсін.

Жолың алыс болса атыңды қинама.

Жөн сұраған кісі адаспайды,
Жол сұраған кісі жаңылыспайды.

Жүрместен бұрын жолынды байқа,
Киместен бұрын тонынды байқа.

Көп жүрген жер таниды,
Көп қыдырған ел таниды.

Көпті көрген біледі,
Алысты жүрген біледі.

Кисық болса да жол жақсы,
Долы болса да қыз жақсы.

Мезгілінде жүрмесең, мерзімді жерге жетпессің (Қайып ақын).

Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде — сокпақ,

Мың адам жүрген жерде — жол.

Өрісті жол елге жеткізер,
Өзен, су көлге жеткізер,
Соқпақ жолға жеткізер,
Жол молға жеткізер.

Тоңған тонын мақтайды,
Адасқан жолын мақтайды.

Ұлы жол үй табалдырығынан басталады.

Шөлде жүрген шөл таныр,
Жодда жүрген жол таныр.

Шөлмен жүрсең жолмен жүр:
жол бұлақты көлге апарады, көл қонысты елге апарады.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 4783 | Загрузок: 65 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]