Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 19.9.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

В категории материалов: 754
Показано материалов: 741-750
Страницы: « 1 2 ... 73 74 75 76 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Ахмет Байтұрсынов

 

БайтұрсынұлыАхмет (18731938)  ақын, әдебиет зерттеуші ғалымтүркітанушыпублицистпедагогаудармашы, қоғам қайраткері.
Жоспар
1 Автобиографиясы
2 Хронология
3 Шығ
армалары
4 Ә
дебиеттану
Аудармалары
Түркітану
Фильмдер
Сыртқы сілтемелер
Пайдаланылған әдебиет

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1207 | Загрузок: 416 | Добавил: Admin | Дата: 24.11.2013 | Комментарии (0)

ШӘКЕН АЙМАНОВ

 

 

Айманов Шәкен Кенжетайұлы (1914-1970) – қазақтың әйгілі әртісі, режиссер. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Орта мектеп бітірген соң (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Осы кезден бастап театр өнерімен әуестеніп, 1933 жылы Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, әртістік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды /1951/. 1953 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 8472 | Загрузок: 479 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев

 

М.Б. Қоңқашова

«Әулие-Ата» университеті, Тараз қ.

 

Қазақ ауыз әдебиеті туралы ғылыми зерттеулер он тоғызыншы ғасырда өз бастауын алды. Бұған дейінгі уақытта қазақ фольклоры жайында жекелеген пікірлер ғана айтылып, тек ауыз әдебиеті үлгілері жарияланып келді. Әрине, баспа ісінің кеңіп, өріс алмай тұрған бұл шақта, фольклористиканың өзіндік қиындықтары болды. Сонда да зерттеу-жинақтау жұмыстары тоқтамағаны белгілі. Оған алғашқы болып орыс ғалымдары ат салысса, кейінірек қазақ ағартушылары да қолға ала бастады. Қазақ фольклорының кеңірек зерттеле бастаған шағы , әрине, кеңес дәуірі екені анық.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1880 | Загрузок: 271 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Байсерке күйші

 

Байсерке Ұлы жүз ішіндегі Дулаттан шыққан әйгілі ¬Өтеген батырдан өрбиді.Байсеркенің әкесі Қылыш он саусағынан өнері төгілген ісмер,өлмес өнердін парқын білетін,сері көніл сергек жан болса керек.осындай дәстүрлі өнері бар ортада өскен Байсеркенің домбырашылык қабілеті жас кезінен-ақ Төңірегін тәнті еткен.ол ертегі жырларды әсіресе ән-күйді ішкен асын жерге қойып тыңдайды екен.Жас Байсерке ауылга келген әнші,музыканттардан бір адым қалмай жүріп,естігендерін көкірегіне тоқи береді.Жетісу алабы мен қырғыз елінің күйлуррін 16-17 жасынын өзінде-ақ жеріне жеткізе тартуды игерген Байсерке алқалы бас қосуларда небір дәулескер күйшілермен табан тіресіп домбыра тартысып, алыс-жақынға таныла бастайды.Көпшілік күйді ол бір-екі естігенде-ақ бұлжытпай салып алып,қайта тартып береді екен.Байсеркенің музыкалық жағынан өсуіне сол кездегі белгілі домбырашылар Есім ,Үржарлык,Сарша дегендер септігін тигізеді.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1032 | Загрузок: 275 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Ахмет Жұбанов

 

Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – "Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұ лып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: "Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1145 | Загрузок: 300 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi

 

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады.

 

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1738 | Загрузок: 329 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Арқаның дәстүрлі ән мектебі

 

Арқаның дәстүрлі ән мектебі

Жоспар:

1. Қазақтың ән өнері.

2. Сал-серілік өнер.

3. Қазақ әні, әншілері оның зерттелуі.

4. Қазақтың әншілік өнері.

5. Ән және әншілік ерекшеліктер.

 

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1647 | Загрузок: 381 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

АРҚА КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

 

Арқаның күйшілік мектебі - шертпе мәдениетінің алтын қазығы деуге тұрарлық үлкен мектеп. Себебі, Арқа иісі қазақтың тарихи ортақ мекеніне айналған, үш жүздің еншісі бөлінбегенін айғақтап тұрған қасиетті Ұлытау да осында. Домбырасымен «Ақсақ құланды» толғаған күй атасы - Кетбұғы өмір кешкен Жошы ұлысы да Арқа өңірінде дәурендегені шежіреден аян. Нелер балбармақ домбырашылар өмір кешкен Сарыарқа жерінде күй дегенде алдымен аузымызға абыз Кетбұғыдан бөлек керей батыры–Байжігіт, арғынның аты аңызға айналған ақылманы – Тәттімбет сері түседі. Осылардың ішінде Арқа мектебінің басында тұрған тұлға сөз жоқ, Тәттімбет екені даусыз.

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) өз заманында теңдесі жоқ өнерпаз болды, ғұмыры келте болса да артына мол мұра қалдырды. Ең маңыздысы – жасампаз мектептің іргетасын қалап кетті, Тәттімбетше күй шалу үрдісі осыдан кейін Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Итаяқ, Әбікен, Аққыз, Мағауиялар арқылы дамып, шертпенің даңқы мұқым қазаққа үлгі болды. Арқа күйлерінің музыкалық шығарма ретіндегі маңызды ерекшелігі - өзінше жеке мектеп бола тұра домбыра өнерінде дамыған барлық күйшілік дәстүрді жатсынбауы. Жағырапиялық жағынан Шығыс пен Оңтүстік, Жетісу мен Сырға аралас қонған қоңсылығы бұған септігін тигізгені ақиқат.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1185 | Загрузок: 279 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Атақты әнші, ақын, композитор Жаяу Мұсаның шығармашылығындағы қазақтарға тән емес күлкі, жеңілдік кезеңдер де орын алады. Оның жеңіл, басқаша айтқанда көңіл көтеретін мелодиялары бірыңғай ширектік өлшеуге сыйып отырады, солай аяғына дейін өзгермей, «Гитарға лайықты» сүйемел керек еткендей және биге шақырып тұрғандай болады. Біразды көрген Мұсаға мазурканың ырғағы белгілі болса керек, -дейді А.Затаевич «Қазақтың мың әні».

Мұсаның «Ақ сисасы» бұрын –соңды қазақтың халықтық музыкасында болмаған үлгі. Басталғаннан күшті, серпінді, дауыстың жоғарғы регистрінен алып кеткен дыбыс, сол сатыдан түспей, өршеленіп, екіленіп, автордың рухани күшінің анау – мынау «белдеу күштен» басым екендігін сездіреді. Сол екпінмен, сол жігермен ән аяғына дейін барады. Қайырмасының өзі де «Гәгәги, гәук-ки» деп, сөзсіз келсе де, ашу кейіс дыбысындай қышырланып, үдей түсіп, тек аяғында «айтарымды аттым!» деп, көңілі тынғандай жайдары кейіпке көшіп, құйқылжып барып бітеді.

«ГауҺар қыз» шығармасы Мұсаның әндерінің ішіндегі ірісінің бірі. Бұл әнде сөзсіз, Біржан, Ақанның әсері бар. Мұса өзінің шығармасында өз тұсындағы халық композиторларынан ерекше, жан жақтырақ болды. Ол қалаларда оқып, кейін тағы жақын-алыс ел аралап, музыкалық сөздігіне басқа елдердің интонациясын қосқаны рас. Әсіресе, оның гармонь, скрипка тартуы бұл жағынан әсер етпей қойған жоқ. Мұса дүниге «Гауһар қыз» сияқты ән шедеврін берді. «Гауһар қыз» - азаматтық лирикаға толы, аса жұмсақ, басталуының өзі тыңдаған адамды ұйытып алып кетеді. Өлеңнің екінші жолынан бастап ән шырқап жоғары көтерілгенде, Абай айтқандай «Бақырған құр айқай» болмай өте жұмсақ сызыла көтеріледі.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 4231 | Загрузок: 350 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Антика мәдениеті

 

Антикалық мәдениет (латынша «антигус» - көне, ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.

Антикалық мәдениет, архаикалық Грекиядан бастау алады. Архаикалық мәдениет ежелгі грек мәдениетінің б.з.д. 7-6 ғғ. Қамтитын кезеңін бейнелеуге қатысты қолданылады.

Оның әлеуметтік негізіне полистердің пайда болуы, антикалық құл иеленушіліктің қалыптасуы, жалпы гректік сауда орталықтарының өркендеуі, алфавиттік грек жазуының жазылуы жатады.

Антикалық мәдениет 4 кезеңге бөлінеді. Әр кезеңінің өзіндік ерекшеліктері бар: 1. Крит-Миной мәдениеті; 2. Ежелгі Эллада мәдениеті; 3. Классикалық грек мәдениеті; 4. Эллинистік мәдениеті.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 6591 | Загрузок: 695 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (1)

1-10 11-20 ... 721-730 731-740 741-750 751-754