Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (47.5Kb) ] 15.11.2013, 23:17

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi


 


Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады.


 


Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.


 


"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,


 


Өнерiмен қуантады түбiнде.


 


Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–


 


Өле-өлгенше соны таныр қиядан.


 


Өнер - бiлiм берем десең басынан,


 


Бер оқуға балаларды жасынан,


 


Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,


 


Жақсы-жаман болса, бала – соларда",1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.


 


Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!


 


Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».


 


Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. 2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр".3


 


" ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың орта шенiнде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi берген тәрбие уызын емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған словак педагогы Ян Амос Коменскийдiң " Аналар мектебi" еңбегi есiңе түседi де, ана құдыретiне амалсыз бас иесiң"4 деп толғанады " Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары» мақаласының авторы.


 


Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты бiлiк" еңбегiнде:


 


Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық


 


Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.


 


Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,


 


өзгермейдi салғанша ажал құрығын.


 


Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.


 


Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.


 


Қазақ халқының " Ата – балаға сыншы" деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.


 


Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке" деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. "Қызға қырық үйден тыйым", " Ұлға отыз үйден тыйым" демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.


 


Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.


 


"Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне қарай шабатынын" ең алдымен, атасы мен анасы бiледi. Тарихқа көз салсақ, халқына қорған, елiне басшы болар азамат өсiрiп, төңiрегiне аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы атанған аналар аз ба? Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана, Қызай ана... секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, бiр ру-тайпаның атын иеленiп, өнегелi iстерi аңызға айналып, бүгiнге жетiп отыр. Сондай-ақ, кешегi Түркi қағанаты заманында түрiк әлемiне Күлтегiндей батырды, Бiлге Қағандай дананы сыйлаған ананы халқы хан көтергендей ақ киiзге отырғызған, ардақтаған.5


 


"Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр адам болуы қажет"6 деп толғанады ақын.


 


Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. "Шебер ұстаздан – тәрбиелi шәкiрттер" деп айту өте орынды. "Бала үшiн жай нәрсенiң өзi де жаңалық. Бұлар – құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеушi".7 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1290 | Загрузок: 279 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]