Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Антика мәдениеті


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (96.0Kb) ] 15.11.2013, 23:06

Антика мәдениеті

 

Тақырыбы: Антика мәдениеті

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ 3

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4

1.1 Антикалық мәдениет 4

1.2 Ежелгі грек мәдениетінің ерекшеліктері 4

1.3 Көне Рим мәдениеті 10

ҚОРЫТЫНДЫ 15

 

КІРІСПЕ

 

Әрбір қоғамдық – экономикалық формацияның тарихы тұтастық ретінде берілетін өзіндік мәдениет түрі бар. Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуына байланысты мәдениет түрі бар.

Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ.

Ежелгі мәдениеттің алғашқы түр-тұрпатының қоғамдық бастауы мен негізі, біртұтас қалпы дербес мемлекет төңірегінде қалыптасқан. Осы тұңғыш формасы грек тілінде – «полис», латынша – «циветас» сөздерімен аталған. Полис – кейбір территорияда салынған үйлері, саны нақтылы тұрғандар, әкімшілік құрылымы мен өндіріс күштері бар қала. Халық бас қосатын алаңы мен базары, ғибадатханалары, қоғамдық мекемелері мен қолөнершілерінің ұстаханалары тынымсыз жұмыс үстіндегі қала – экономикалы, саяси және мәдени орталық болып саналған. Бұл полистің азаматтары, мемлекет – отанды абстрактылы ұғым емес, ал өздерін ақиқат, шынайы теңбіз деп есептеген.

 

1.1 Антика мәдениеті

 

Антикалық мәдениет (латынша «антигус» - көне, ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.

Антикалық мәдениет, архаикалық Грекиядан бастау алады. Архаикалық мәдениет ежелгі грек мәдениетінің б.з.д. 7-6 ғғ. Қамтитын кезеңін бейнелеуге қатысты қолданылады.

Оның әлеуметтік негізіне полистердің пайда болуы, антикалық құл иеленушіліктің қалыптасуы, жалпы гректік сауда орталықтарының өркендеуі, алфавиттік грек жазуының жазылуы жатады.

Антикалық мәдениет 4 кезеңге бөлінеді. Әр кезеңінің өзіндік ерекшеліктері бар: 1. Крит-Миной мәдениеті; 2. Ежелгі Эллада мәдениеті; 3. Классикалық грек мәдениеті; 4. Эллинистік мәдениеті.

 

1.2 Ежелгі грек мәдениетінің ерекшеліктері

 

Архаикалық грек мәдениеті, ең алдымен мифологиялық сипатта болды және Гомер есімімен байланысты. Атақты грек мифтері осы кезде қалыптасты.

Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік). Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен орта бөлінбеген, олардың арасында үйлесімдік бар.

Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатумен байланысты болды. Мысалы, Гей – жер, Уран – аспан, Прометей – адамға от сыйлаған, Афины – ақылдылықтың кепілі. Ежелгі гректердің рухани мәдениетінің бүкіл адамзат өркениетінде өшпес із қалдырған түрі кемеліне жеткен антикалық өнер.

Ең алдымен ұлы грек трагиктері Эсхил, Евридип, Софоклдың, комедиограф Аристофан т.б. есімдерін атап кеткен жөн. Гомердің «Иллиада» және «Одиссея» поэмаларында классикалық мифологияның өзі де құдайлар мен батырлар туралы жырлардан, аңыздардан тұратыны атап көрсетілген. Сөйтіп, батырлар мен адамдардың өмірі өте жақын, ұқсас, түбінде бір болып шығады.

Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ.

Ежелгі мәдениеттің алғашқы түр-тұрпатының қоғамдық бастауы мен негізі, біртұтас қалпы дербес мемлекет төңірегінде қалыптасқан. Осы тұңғыш формасы грек тілінде – «полис», латынша – «циветас» сөздерімен аталған. Полис – кейбір территорияда салынған үйлері, саны нақтылы тұрғандар, әкімшілік құрылымы мен өндіріс күштері бар қала. Халық бас қосатын алаңы мен базары, ғибадатханалары, қоғамдық мекемелері мен қолөнершілерінің ұстаханалары тынымсыз жұмыс үстіндегі қала – экономикалы, саяси және мәдени орталық болып саналған. Бұл полистің азаматтары, мемлекет – отанды абстрактылы ұғым емес, ал өздерін ақиқат, шынайы теңбіз деп есептеген.

Классикалық грекияда қоғам өмірі, біртұтас әлем есебінде азаматтар мен полис өзара бірлікте болып, полис сондағы тұрғындар үшін тіршілік етеді – деген ұғым қалыптасқан. «Полис - әділетті тұрмыс үшін өзара бас біріктірген адамдар қоғамы», деп бағалаған кезінде Аристотель. Сондықтан да кіндік қаны тамған қаладан аластатылғаннан артық жаза болмаған. Азаматтық қауым – «заң мен қабырға», «үй мен құқық», «ұя мен қасетті орын» деп бағалаған Вергилий.

Грек полисі, алдымен Афина, б.з.д. 7-6 ғ.ғ. бас кездерінде тұрғызылған. Оның мәдениет деңгейі, жалпы ұғым – ежелгі мәдениет деген анықтауышпен сипатталады.

Оның негізгі қасиеттері:

1. Ежелгі мәдениет объетивизм принципіне негіздеоген. Байырғы гректер өз бетінше талдау жасауға, табиғатты абстарктілі – метафизика тұрғысынан салалау дәрежесіне жетпеген.

2. Ежелгі мәдениет абсолютті касмологизм негізінде жасалды, жалғыз абсолютті ғарыш тіршілік етеді. Ол өзінше жеке дара абсолют. Біз оны көріп, естіп, сезе аламыз. Космос – заңдарын өзі белгілейтін дене.

3. Ежелгі мәдениет – сезімтал материалды, жаны бар және саналы космологизм боп табылады.

Байрғы грек ұғымында космос – жанды азамат тіршілігінің зор денесі. Адам бойында қаншалықты сана мен жан болса, космос та - соншалық тірі де есі бар әлем. Осындай ғарыш, сол замандарда абсолютті құдірет – құдай саналады.

Жағрапия немес медицина, сәулет өнері немесе театр басқа да гректер мүрі таймас із қалдырған мәдениет саласын таба алмайсыз. Гректер мифологиясы, тек өнер мен әдебиет емес, белгілі дәрежеде грек ғылымы үшін де «құнарлы топырақ» болды. Грек аңыз мифтерінің күні бүгінге дейін өміршеңдігін грек әдебиеті мен өнерінің ғұлама өкілдері өз туындыларын көркем-философиялық мәнерде жасап кеткендігімен түсіндірер едік. Мифтереде табиғат күші, адамдардың өз тірлігінде әр түрлі заман ағысына қарай, сол жаратылысқа деген алуан түрлі көзқарастары бейнеленген.

Мифология – нақты образдарда адамдардың қылығын қадағалай, қажетті бағытқа сілтей отырып, әлемді игеруге мүмкіндік алды. Мифология – адамзат тірлігінің негізгі проблемалары - өмір, өлім хақында, күнә, жауапкершілік турасында, парыз бен бақыт жөнінде ұғымдар қалыптастырды. Тәртіп, әлеуметтік қайшылықтарды шешу, өзара қарым-қатынас үлгілері анық түрде құдайлар бейнелері арқылы сомдалды. Құдайлар әлемі гректердің ұғымнша, қоғамның рулық ұйымы үлгісімен жасалған. Олимп құдайларының иерархиясы қисынды қоғамдық өмір құрылысына сай келеді. Антикалық құдйлар мен адамдар патшасы – Зевс аспандағы барлық құбылыстар, онын ішінде күннің күркіреуі мен найзағайдың ойнауы және жыл мезгілдерінің алмасу ретін басқарады. Пасейдон – теңіз тәңірісі. Аид – жер асты әлемінің әміршісі. Олардан төменгі дәрежелі мәртебелерді құдайлардың жас ұрпақтары, әсіресе Олимп құдайларының санатына енетін Зевстің балалары иемденген: олар адамдарды айналысатын кәсіптерін басқарады. Зевстің жақсы көретін қызы - Афина қара халыққа тоқу кәсібімен шұғылдануды үйретеді, қол өнершілер мен ғалымдарға көмектесіп, оның қалқаны бейбіт шаруамен айналысатын жандарды бәле-жәледен қорғайды. Апаллон – тоғыз музаның жетекшісі, әншілер, сазгенрлер мен сәугейлер құдайы. Гефест – от және соған қатыстылардың құдайы, ұста кәсібінің жарылқаушысы. Оның әйелі Афродита – махаббат құдайы, Гермес – таулы жер малшыларының тәңірісі, сонымен бірге жолаушылар, саудагерлер және өсімқорларды желеп-жебеуші. Артемида – орман-тоғай мен ондағы аң-құстардың игері. Арес – соғыс, қанды ұрыстар құдайды ...

Әлеуметтік және табиғи ортаға адамның ықпалы өскен сайын әлемінің ойдағыдай, үйлесімді жасалғаны-жасалмағаны жөніндегі ұғымы өзгере бастады. Оғаш, ақылға қонбайтын түсініксіз күштердің орнына енді тау, орман-тоғай, теңіз бен өзендердің тамаша қорғаушылары — нимфалар дүниеге келе бастады. Фемида — грек мифологиясында тәртіп құдайына айналды. Сөйтіп, көптеген мифология кейіпкерлері бүгінде де қоғамдық - саяси өмірімізде, көркем әдебиет пен өнерде жиі қолданыс табуда.

Әйгілі Гомер грек эпостары — "Иллиада" мен "Одиссея" поэмаларының туындыгері боп саналады. "Иллиада" дастаны Трояға қарсы соғыстың тоғызыншы жылындағы Агамемнонның көсем Ахиллмен жауығуы және соның салдарын жырлауға арналған, "Одиссея" гректерге оншама, мәлім емес алыстағы батыс елдеріне саяхат жасап, аман-есен өз жұрты — Итака аралына оралған Одиссеяның хикаяларына арналған. Көптеген ұрпақтар, Гомер поэмаларын ауыздан-ауызға таратып, жырлаған. Тек б.з.д. VI ғасырда Афинада, қағазға түсіріліп, көркем шығарма мәртебесін иемденді. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 4703 | Загрузок: 539 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
советую просто супер. спс

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]