Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Атақты әнші, ақын, композитор Жаяу Мұса


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (54.5Kb) ] 15.11.2013, 23:09

Атақты әнші, ақын, композитор Жаяу Мұсаның шығармашылығындағы қазақтарға тән емес күлкі, жеңілдік кезеңдер де орын алады. Оның жеңіл, басқаша айтқанда көңіл көтеретін мелодиялары бірыңғай ширектік өлшеуге сыйып отырады, солай аяғына дейін өзгермей, «Гитарға лайықты» сүйемел керек еткендей және биге шақырып тұрғандай болады. Біразды көрген Мұсаға мазурканың ырғағы белгілі болса керек, -дейді А.Затаевич «Қазақтың мың әні».

Мұсаның «Ақ сисасы» бұрын –соңды қазақтың халықтық музыкасында болмаған үлгі. Басталғаннан күшті, серпінді, дауыстың жоғарғы регистрінен алып кеткен дыбыс, сол сатыдан түспей, өршеленіп, екіленіп, автордың рухани күшінің анау – мынау «белдеу күштен» басым екендігін сездіреді. Сол екпінмен, сол жігермен ән аяғына дейін барады. Қайырмасының өзі де «Гәгәги, гәук-ки» деп, сөзсіз келсе де, ашу кейіс дыбысындай қышырланып, үдей түсіп, тек аяғында «айтарымды аттым!» деп, көңілі тынғандай жайдары кейіпке көшіп, құйқылжып барып бітеді.

«ГауҺар қыз» шығармасы Мұсаның әндерінің ішіндегі ірісінің бірі. Бұл әнде сөзсіз, Біржан, Ақанның әсері бар. Мұса өзінің шығармасында өз тұсындағы халық композиторларынан ерекше, жан жақтырақ болды. Ол қалаларда оқып, кейін тағы жақын-алыс ел аралап, музыкалық сөздігіне басқа елдердің интонациясын қосқаны рас. Әсіресе, оның гармонь, скрипка тартуы бұл жағынан әсер етпей қойған жоқ. Мұса дүниге «Гауһар қыз» сияқты ән шедеврін берді. «Гауһар қыз» - азаматтық лирикаға толы, аса жұмсақ, басталуының өзі тыңдаған адамды ұйытып алып кетеді. Өлеңнің екінші жолынан бастап ән шырқап жоғары көтерілгенде, Абай айтқандай «Бақырған құр айқай» болмай өте жұмсақ сызыла көтеріледі.

Халық арасында көп тараған әннің бірі – «Құлбай». Бұл әнде Мұсаның кейбір шығармаларындағыдай қалжың, мысқыл бар. Әсіресе қайырмасында Мұсаға тән құйқылжытып, өршелендіріп келіп: «Құлбай бай, Құлбай бай! әнім менің красивай! Қыпшақски жәрмеңке –ай!» деп кеткен жерінде Құлбайдың руын айтып өзінің бұл жүрісінің қалың Қыпшақ ішінде жәрмеңкедей екенін суреттейді. Мұсаның «Құлбай» дәстүрінде шығарылған әннің бірі – «Шолпан». Ән көңілді, кейбіреулер айтатын жеңілдіктен аулақ, жаратылыс сұлуына қызыққан адамның көңіл ырғағын бергендей кесек туынды. Сырт жағынан осы «Құлбай», «Шолпан» әндеріне ұқсайтын Мұсаның әнінің бірі «Тұрымтай». Бірақ ол бұлардан көрі байырақ. Соған қарағанда автордың музыка шығаруда, орындаушылықта, бірқатар тәжірибесі молайып, қорланып қалған кезінде шығарғанға ұқсайды. «Тұрымтайдың» аспапқа арналып марш болып кете баруы да оның музыкалық тынысының кеңірек болуынан да шығар дейміз. Басталуы осы әндерге жақын боғанымен «Тұрымтайда» азда болса даму, құрылыс жағынан толыға, өсе түсуі бар.

Жаяу Мұса музыкалық шығармашылық жағынан аса бай, жан-жақты адам болды. Ол бір жағынан Біржан, Ақан дәстүрінде шығарса, екінші жағынан қала музыкасының рухында әндер шығарды. Соның бәрінде де оның туындылары басынан аяғына шейін шынайы қазақ музыкасы болып қалды [13; 138-248].

Сұңқарша саңқылдаған –Үкілі Ыбырай ән мен жырдың көгінде шарықтап самғаған саңлақ атамекен табиғатын, сұлу жаратылысын, ән сазымен аққудың саңқылын,қаздың қаңқылын, шағаланың шаңқылын, тас бұлақтың сылдырап аққанын, айдын көлдің толқығанын, өз басының көңіл-күй құбылыстарын, ішкі жан сарайын, ой-сезім әлемін, интеллектуалдық болмысын, көркемдік эстетикалық дүниетанымын, замана шындығын әрі нәзік,әрі әрі терең суреттеген.Өлең жырларының нәзік кестесі,өрнек нақышы,музыкалық құбылыстарға бай. Саз-келісім жағынан алғанда, жігерлі,ойнақы,бұрқыраған қуатқа толы яки жұмсақтығы жібектей әсем әуенді, қоңыр үнді, терең сезімге құрылған я болмаса салтанатты шадыман.

Айтулы әнші- ақын сыршылдыққа,нәзік иірімдерге толы өлеңдермен қатар, өмір, дүние турасында философиялық шынайы толғаныстарға құрылған әндері де көп.

Айтыс ақыны, композитор, әнші,сырнайшы,жонглерлік-клоундық өнердің де иесі- Шашубай Қошқарбайұлы шығармашылық өнеріндегі «Ақ қайың» деген бейнелі ұғым қазақ сахарасының көркем келбетін, сән-сәулетін, шексіз кеңістігін,өнерпаздық болмысын, тұрмыс- тіршілік толқындарын бейнелейді.

Күн нұрына жайқалып өскен, соншалықты музыкалық және поэзиялық сырлары мен қасиеттері терең, қиял, көңіл құстарын шартарапқа таратқан қанатты образ ақынның жан дүниесінің ішкі иірімдерін, өлеңге өнерге деген махаббатын жайып салады [14; 27 б.].

 

2.2 Сал-серілер ізбасары

 

Міне осындай Сарыарқада саф өнердің туын тіккен, оны асқақтата жоғары ұстай білген жұлдыз шоғырындай топ Мәдидің рухани ұстаздары, өнер мектебі болды. Адамның ішкі сырын тамыршыдай тап басып тани білетін Мәди жоғарыда аттары аталған өнер иелерінің қай-қайсының болмасын шығармашылық ерекшеліктерін, әндерінде айтылған ішкі ой иірімдерін аңдай алды. Сол себепті де көкірегіндегі саңылаудан өнер сәулесі ерте түскен бала Мәди оны саралай алды және өзі де сол бағытта батыл қадамға барды. Онысы сәтті шықты да.

Мәди біраз уақыттан кейін қазақ өнеріндегі жарқын тұлғалардың бірі – ақын, әнші –копозитор болып қалыптасты.

 

Сұрасаң руымды Қаракесек,

Досымнан дұшпаным көп қылған өсек.

Дұшпаннның қуғындаған жаласынан

Жатқаным қу қара жер болып төсек,-

деп келетін, Мәдидің қуғын-сүргінде жүргенде шығарған «Қаракесек», сондай-ақ «Үш қара», «Мәди», «Шіркін-ай» әндерінің мазмұн-мағынасы автордың ойын анық суреттейді. Бұл тұрғыдан Мәди шығармалары музыкалық жағынан Жаяу Мұсаның, Сарының, Тәукенің, Иманжүсіптің туындыларымен сабақтасып жатады.

Мәдидің музыкалық шығармалары саны жағынан шамалы болғанымен, әлеуметтік мәні терең.Сондықтан да жұрт оларды сүйіп айтып, құмарта тыңдайды. Әрқайсысы дәуір ағымына, замана оқиғасына байланысты таптық қайшылықтан келіп туған қиянат пен зәбірлікке қарсы айтылған лағынет іспеттес. Халық әншісінің қайсы әнінде де сол күрес, тартыстың, жан ашуының ізі ашық сезіліп,қайрат қаһарына мінген жігерлі үні естілсе, енді бірде мұң мен шердің көңілсіз елестері көз алдыңа келеді.

Халық өнерпазының «жасымнан аяғымды тарта баспай, кетті ғой Қақабайға тізем өтіп»,немесе «Ағамыз Қақабайдың арқасында, алдық қой бұл түрмеден жақсы қоныс» дейтін жолдары жай, ұйқас үшін айтыла салмаған. Мәдидің күрес объектісінің өзі осы Қақабайдан басталады.Сондай-ақ Мәдидің қудалауға түсуіндегі басты себепшінің өзі Қақабай Алшынбаев еді. Ақынның «Қақабай Бәпименен бір туысқан, екеуі өле-өлгенше кек қуысқан» деп әнге қосуының сыры да осында.

Мәди –халық әнші композиторларының ішінде өзіндік ерекшелігі бар өнерпаз. Әндеріндегі бүлікшіл сипат, өр мінезді әуен-әнші шығармашылығына тән қасиеттердің бірі. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 3216 | Загрузок: 282 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]