Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 15.11.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

В категории материалов: 160
Показано материалов: 151-160
Страницы: « 1 2 ... 14 15 16

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Трансформатор (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансформатордың жұмыс істеу принципі электро-магниттік индукция құбылысына және параметрлік эффектіге негізделген. Негізгі элементтері магнитөткізгіш және онда орналасқан бірінші реттік орамалар (БРО) мен бір немесе бірнеше екінші реттік орамалардан (ЕРО) тұрады. Трансформатордың барлық орамалары бір-бірімен индуктивті түрде, ортақ магнит өрісімен байланысқан. Бірқатар Трансформаторларда екінші реттік орама қызметін бірінші реттік ораманың бір бөлігі атқарады,[1] мұндай Трансформаторларды автотрансформаторлар деп атайды. Бірінші реттік орамаларның шықпаларын (Трансформатордың кірісі) айнымалы кернеу көзіне, ал Екінші реттік орамаларның шықпаларын жүктемеге қосады. Бірінші реттік орамалардағы айнымалы ток магнитөткізгіште айнымалы магнит ағынын, ал Екінші реттік орамалардағы өзара индукция электр қозғаушы күш (ЭҚК) тудырады. Бірінші және екінші реттік орамалардағы кернеулердің қатынасы олардағы орамдар санының қатынасына тең болады.
Физика,механика | Просмотров: 9002 | Загрузок: 683 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Күш

Денелердiң өзара әсерлесуiнiң сандық сипаттамасы ретiнде физикалық векторлық шама - күш енгiзiлген. Өлшем бірлігі  63135217987384-8

 Денелер өзара әсерлескенде келесi құбылыстар байқалады:

1.   Дене үдеу алады.

2.   Денелер деформацияланады.

3.   Жоғарыдағы екi құбылыс бiр мезгiлде жүредi.

Физика,механика | Просмотров: 3337 | Загрузок: 457 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (0)

Ньютонның 1-шi заңы

Денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың әсерлерi өзара теңессе дене тыныштық күйде болады немесе өзiнiң түзу сызықтық бiрқалыпты қозғалысын сақтайды.

         Дененiң қозғалыс жылдамдығының бағыты мен шамасын сақтау құбылысын – инерция деп атайды, ал денелердiң бұл қасиетiн   инерттiлiк дейдi.

Физика,механика | Просмотров: 8415 | Загрузок: 616 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (0)

Динамика

 

            Денелердiң өзара әсерлесуiн және осы әсерлесуден пайда болатын қозғалыстарды зерттейтiн механиканың бөлiмiн – динамика деп атайды. Динамиканың негiзiне 1687 жылы Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары жатады.

Физика,механика | Просмотров: 15414 | Загрузок: 1384 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (2)

Шеңбер бойымен бiр қалыпты қозғалыс

Дененiң шеңбер бойымен қозғалысын бұрыштық жылдамдықпен сипаттайды. Шеңбердiң центрiнен материялық нүктеге жүргiзiлген радиус осы уақыт iшiнде   бұрыш сызады, оны бұрыштық ығысу немесе  бұрыштық орын ауыстыру деп атайды.

Бұрыштық жылдамдық бұрыштық орын  ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен уақытқа қатынасына тең. Өлшем бірлігі .

.        

Бұрыштық жылдамдықтың бағыты бұрыштық орын ауыстырудың бағытымен сәйкес келедi.

Физика,механика | Просмотров: 10857 | Загрузок: 735 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (0)

Бiр қалыпты айнымалы қозғалыс

Кез-келген бiрдей уақыт аралығында қозғалыс жылдамдығы сәйкес бiрдей шамаға өзгерiп отыратын қозғалысты бiр қалыпты айнымалы қозғалыс деп атайды.

Егер жылдамдық бiрдей шамаға артатын болса, онда қозғалысты бiр қалыпты үдемелi деп, ал егер жылдамдық бiрдей шамаға кемитiн болса, онда қозғалысты бiр қалыпты кемiмелi деп атайды. Олай болса, бiр қалыпты айнымалы қозғалыстар бiр-бiрiнен жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығына қарай ажыратылады. Қозғалыстың осы қасиетiн сипаттау үшiн физикалық векторлық шама үдеу енгiзiлген.

Физика,механика | Просмотров: 9791 | Загрузок: 609 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (0)

Қозғалыс жылдамдығы

Қозғалыстың екпiндiлiгiн, шапшаңдығын және бағытын анықтайтын физикалық векторлық шаманы жылдамдық деп атайды. Өлшем бірлігі  


Жылдамдықтың бағыты орын ауыстырудың бағытына сәйкес келедi. Ал қисық сызықты қозғалыс кезiнде жылдамдықтың бағыты траекторияға жанама бойымен бағытталады.

Физика,механика | Просмотров: 6878 | Загрузок: 740 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (0)

Ілгерiлемелi қозғалыс

Дене оның кез-келген екi нүктесiн қосатын түзу сызық орын ауыстыра келiп, өзiнiң бастапқы бағытына параллель болып қалатындай қозғалуы мүмкiн. Қатты дененiң осындай қозғалысын iлгерiлемелi қозғалыс деп атайды. Ілгерiлемелi қозғалыс кезiнде дененiң барлық нүктелерi бiрдей траектория сызады және бiрдей уақыт iшiнде бiрдей орын ауыстырады.

Дене кез-келген бiрдей уақыт аралығында бiрдей қашықтық өтетiн болса, ондай қозғалысты бiр қалыпты қозғалыс деп атайды.

 

Физика,механика | Просмотров: 2498 | Загрузок: 323 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (0)

Материялық нүктенiң механикасы

 

Дененiң таңдап алынған санақ жүйесiндегi жасайтын үздiксiз сызығын траектория деп атайды. Траекториясына байланысты қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты болып екіге бөлiнедi.

            Дененiң траектория бойымен жүрiп өткен ара қашықтығын жол  деп атайды.

Дененiң бастапқы және соңғы орындарын қосатын векторды орын ауыстыру деп атайды.

Физика,механика | Просмотров: 1794 | Загрузок: 379 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (0)

Механика – денелердiң механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуiн зерттейтiн физиканың бөлiмi. Механика екi бөлiмнен тұрады: кинематика және динамика.

Зерттелетiн денелердiң сипатына қарай механика  үшке бөлiнедi.

Материялық нүктенiң механикасы. Берiлген жағдайда көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дененi - материялық нүкте деп атайды. Егер дененiң өлшемдерiне қарағанда оның жүрiп өткен  ара қашықтығы көп есе үлкен болса, бұл дененi материялық нүкте деп қарастыруға болады.

Физика,механика | Просмотров: 18081 | Загрузок: 2344 | Добавил: Admin | Дата: 10.09.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 131-140 141-150 151-160