| Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Еуразияшылдық:теория және практика | [ Добавить материал ] |
| В категории материалов: 14 Показано материалов: 11-14 |
Страницы: « 1 2 |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
|
ТҮРКІЛЕРДІҢ ЕУРАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ОРНЫҚТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
1. Түркі өркениетінің ерекшеліктері. 2. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті.
1. Түркі өркениетінің ерекшеліктері. Түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ю.Худяков айтқандай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді. |
|
ЕУРАЗИЯ ҚҰРЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨНЕ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР ТАРИХЫНАН
1. Көшпелілер өркениетіндегі діни сенімдер. 2. Буддизм, Христиан, Ислам діндері.
1. Көшпелілер өркениетіндегі діни сенімдер. Тәңірілік немесе шамандық діни сенімдер көшпелілер дұниетанымында ерекше орынды иеленді. Тәңірілікте о дүние өмірі идеясы жоқ, Тәңірі бұл өмірде тағдырыңды шешеді - сыйлайды немесе жазалайды. Түріктерде қағандыққа сайлаған кезде ерекше дәстүр арқылы жүргізілген. Түріктер дүниені 3 бөлікке - аспан, жер, жер асты деп бөлген. Тәңірі -Аспан, Көк. Аспанды 3-ке бөлген: Аспан- Көк-алыс аспан, көгілдір аспан күмбезі, космостың бір бөлігі ретінде қабылданған. Шамандық аспабы-қобыз. Ортаазиялық 2 бағыты бар: түрік (малшылар) және тәжік (егіншілер) кешендері. 1. Түрік кешеніне тән белгілер: шамандар -ер адамдар-бақсылар. Шекті аспапты қолданады. Қазақтарда-домбыра, қобыз. Түрікмендерде- дутар, скрипка. Қырғыздарда -комыз. Емдеу кешке басталып, шайтан, періге құрбандық шалынған. 2. Тәжік кешенінде бақсылар -әйелдер. Бубенде ойнаған, емдеу күндіз жүргізілген. Қатардағы, билеуші, сарай шамандары болған. Зороастризм - маздаизм, авестизм, отқа табыну, парсаизм деп те аталынады.Иранда бұл дінді ұстанушыларды- гебра деп атаған. Бір ағымы- митраизм-Митра соғыс құдайы. Зороастризде от қасиетті саналған. Абыздар оған демдерімен тимеу үшін ауыздарын байлап, қолдарына қолғап киген. |
|
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы. 2. КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы.
1. 1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы. Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ, одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын. 20-30 жж. олардың бастамасымен бірқатар баспа орындары қызмет жасады. Олар жинақтар, альманах, журнал мен газеттер, сондай-ақ, бағдарламалық шығармалар жеке кітапшалар болып жарыққа шықты. Мәселен, еуразияшылдық баспаханаларынан Савицкий, Трубецкой, Алексеев, Толь, Полковников, Бромбергтердің еңбектері жарияланды. Сонымен бірге Ұлыбритания, АҚШ, Еуропаның жетекші қалаларында тұрған еуразияшылдықтың көшбасшылары хат жазысып отырған. Мұндай хаттар Мәскеу, Прага, Париж, Берлин, София және т.б. қалалардағы мұрағаттарда сақталған. Еуразияшылдық тобының қалыптасуы Н. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» атты еңбегінің шығуымен байланысты болды. Бұл еңбектен соң еуразияшылдық үйірмесі құрылған болатын. 1921жылы София қаласында ең алғашқы еуразияшылдыққа қатысты «Утверждений» — «Исход к Востоку. Утверждение евразийцев. Предчувствия и свершения. Книга 1» атты жинақ шығарылады. |
|
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕУРАЗИЯ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ, АҒЫМДАРЫ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕУРАЗИЯ ИДЕЯСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
1. Қазақстандық еуразия идеясының тарихы мен эволюциясы, ағымдары. 2. Қазақстандық Еуразия идеясының мазмұны мен іске асырылуы.
1.Қазақстандық Еуразия идеясының тарихы мен эволюциясы, ағымдары. Тарихи алғышарттары. Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты. Хандық дәуірде де, патшалық, одан қалды кеңестік Ресейдің отарында болған кезеңдерде де Қазақстанның Еуразия кеңістігінде алатын орны ерекше болды. Біздің еліміз геосаяси және өркениетті тұрғыда қарағанда Қытай, Орталық Азия мен Ресейдің арасында «кіндік ортадағы» жағдайды иеленеді. Қазақстанның Еуропа мен Азияның тоғысындағы алатын тарихи жағдайы туралы Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толкынында» атты еңбегінде жан - жақты жазды. Cонымен, Қазақстанның көпғасырлық ұлы тарихы елбасының қазіргі Еуразиялық ілімінің тарихи алғышарты болып табылады. Халықаралық-аймақтық алғышарттары. Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды. |








