Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Нақты ғылымдардың философиялық проблемалары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

30.09.2016, 18:27

Нақты ғылымдардың философиялық проблемалары.

1. Ғылымның пәндік моделі. Ғылыми білімнің негізгі құрылымдық бірліктері. Ғылыми білімнің эмприкалық және теориялық деңгейлері.

2. Ғылыми теорияның негізгі функциялары: баяндау, түсіндіру, алдын-ала айту.

3. Ғылыми әдістердің алуан түрлігі және олардың классификациясы(жіктелуі).

4. Физиканың, химияның, астрономияның, космологияның, математиканың, информатиканың, жер туралы ғылымның(география, геология), техниканың философиялық проблемалары.

Өзінің құрылымы бойынша, ғылыми теория дегеніміз анықтаманың көмегімен оның бүкіл басқа ұғымдары мен негізгі заңдарынан жекеше заңдары тұжырымдап шығарылатын түбірлі ұғымдар мен негізгі зандардың жүйесі болып табылады. Математикалық теорияларда негізгі зандардың орнына аксиомалар туралы, жекеше зандардың орнына теоремалар туралы ой-пікірлер қолданылады. Осы тұрғыдан қарастырғанда теория алғашында аса қарапайым эмпириялық заңдарды, ал содан кейін жалпылығы кеңдеу теориялық заңдарды іздеп табудың қиын жолдарының нәтижесіңде қалыптасады. Тек зерттеудің соңыңда ғана негізгі теориялық заңдар тұжырымдалады. Сөйтіп, тұжырымдалып аяқталған формасында теория дегеніміз ұғымдар, тұжырымдар, аксиомалар мен заңдар сияқты құрамдас бөліктері белгілі бір логикалық қатынастар негізінде байланысқан білімдердің бір тұтас біріккен жүйесі болып табылады. Сондықтан жеке гипотеза мен жеке заңды тұжырымдап, тексерумен салыстырғанда теория құру ісі әлде кайда күрделі де қиын жұмыс болып табылады.

Мықты теориялық жүйе құрудың қиындығы және бұл істің толып жатқан түрліше факторларға байланыстылығы ғылымды зерттелуші құбылысты оңайлату үшін оны белгілі бір схемаға салып, тұрпайыландыруға мәжбүрлейді. Сол себепті ол шындық дүниедегі нақты объектілердің орнына дерексіздендірілген (идеализацияланған), абстракцияланған объектілірді енгізеді (бұл соңғылардың арасыңдағы қатынастар шындықта бар нәрселер мен процестердің арасындағы мәнді байланыстарды шамалы ғана дәл бейнелендіреді). Мұңдай абстракциялық объектілердің қасиеттері теорияның бастапқы, негізгі ұғымдарының көмегімен, ал олардың арасындағы логикалық қатынастар не аксиомалардың көмегімен (математикада) немесе теорияның негізгі заңдарымен (нақты ғылымдарда) бейнеленеді. Демек, мұндай зандар шындык, жүйесінің элементтері арасындағы байланысты білдірмейді, осы шындық жүйелерін бейнелендіруге көмектескен абстракциялық объектілер арасындағы байланысты білдіреді. Механикада, мәселен, мұндай жүйе ретінде "нүктелік массалар" немесе сыртқы күштің әсерінен қозғалатын материалдық нүктелер алынса, ал генетикада гендер жүйесі, социологияда әлеуметтік әрекеттер жүйесі және т.т. алынады. Материалдық нүктелердің бөгде күштің әсерінен болатын қозғалысы Ньютонның үш негізгі заңымен түсіндіріледі; Мендельдің заңы, ал қазіргі молекулалық генетиканың заңы тұқым қуалау кезінде ата-ана белгілерінің бөліну процесін түсіндіреді; социологияның зандары әлеуметтік қарым-қатыныстардың нәтижелерін сипаттайды.

Бұл сияқты абстракциялық объектілер жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды білдіретін зандар шындықтағы жүйелердің элементтерінің мәнді белгілері мен байланыстарын салыстырмалы түрде дөл бейнелендіретіндіктерінен ғана олардың мәні мен маңызы болады. Міне сондықтан да абстракциялық объектілердің осындай жүйелері ғылыми теорияның ерекшелігін көрсетеді және ол теорияларды құруда басты рөл атқарады. Мұндай жүйенің теорияны қалыптастырудағы шешуші рөлін атап көрсету үшін оны теорияның концептуальдық өзегі, базисі немесе іргелі теориялық схемасы деп атайды. Мұндай жүйе белгілі бір тұрғыда зерттелуші шын жүйенің орнына жүре алатындықтан, оны абстракциялық модель ретінде де қарастыруға болады. Модельдердің абстракциялық объектілері арасыңдағы қатынастар дәл ғылымдарда түрліше тендеулердің және олардың жүйелерінің көмегімен түсіндіріледі, ал басқа ғылымдарда сипаттаушы модельдің бастапқы объектілері арасындағы қатынастар туралы мазмұнды пікірлермен түсіндіріледі. Егер бұл қатынастар шындық процестері мен жүйені сипаттайтын қатынастар арасындағы байланысты мүмкіндігінше жуық көрсетсе, онда модель мақұлданады. Ал шындық пен теориялық модель арасында айтарлықтай алшақтық бар екендігі көрінсе, онда модель түзетіледі, түрі өзгертіледі немесе тіпті жарамсыз деп тасталады.

Теориялық және эмпириялық ұғымдар. Кез келген теорияны зерттеуді оның негізгі ұғымдарын талдаудан және теориялық ұғымдар мен эмпириялық ұғымдардың арасыңдағы байланыс пен айырмашылықтарды анықтаудан бастаған жөн. Зерттеудің алғашыңда эмпириялық ұғымдарды бақылауға болатын объектілер және олардың қасиеттері туралы ұғымдар деп, ал теориялық ұғымдарды бақылауға болмайтын ұғымдар деп анықтауға болады. Бұлайша бөлу таным процесін сезімдік-эмпириялық және рациональдық-теориялық зерттеу сатыларына бөлуге сәйкес келеді. Алайда жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлайша бөлу танымның дамуыңда бақылауға болмайтын объектінің бақылауға болатын объектіге айналу өзгерісін есепке алмайтын бастапқы ғана болу екенін түсіну қиын емес. Олай болса эмпириялық және теориялық ұғымдардың арасындағы айырмашылық зерттеудің уақыты мен жағдайларының шеңберімен ғана шектелген салыстырмалы айырмашылық болып табылады. Бұл айырмашылықты абсолюттендіруші ғалымдар зерттеудің рационалдық және эмпириялық деңгейлерінің арасыңдағы өзара байланыстылықты, теориялық ойдың бақылау мен тәжірибеге тигізетін әсерін, яғни тәжірибенің "теориялық жүгі" болатынын ескермейді. Дәл осы фактілер мен диалектикалық қарым-қатынасты ескермеу позитивистерді ғылым тілін бір-біріне байланыссыз таза теория тіліне және таза бақылау тіліне бөлуге алып келді - бұлайша бөлу позитивизмге қарсы шыққан ғалымдар тарапынан қатты сынға ұшырағаны белгілі.

Егер эмпириялық ұғымдарды және оларды білдіретін термин сөздерді бақыланатын объектілермен және олардың қасиеттерімен, ал теориялық ұғымдарды бақылауға келмейтін объектілермен байланысты қарастырса, онда оларды әлгіндей қарама-қарсы қоюдың салыстырмалылығын байқау 1 эсперимент жүргізу техникасын жетілдірген сайын оңайлана түседі. Шынында да электр тізбегіндегі токтың күшін тікелей бақылау мүмкін емес, оны амперметр деген аспаптың көрсетуі бойынша ғана білуге болады, сол себепті де оны бақылауға болатын құбылыс деп санаймыз. Екінші жағынан алғанда, амперметр стрелкасының қозғалысын бақылау электр тогының зандары туралы теориялық түсініктерге негізделеді. Бұл мысал бақылауға болатын және бақылауға болмайтын құбылыстар арасындағы шекара, белгілі бір тұрғыдан алғанда, салыстармалы, тәжірибелік жолмен анықталатын уақытша құбылыс екенін көрсетеді.

Эмпириялық және теориялық ұғымдар арасында абсолюттік шекараның жоқтығы олардың арасында салыстырмалы айырмашылық бар екенін мойындау орынды дсп санауға қайшы келмейді. Алайда бұл айырмашылық тиісті объектілерді бақылаудан гөрі, олардың теориялық түсініктерден тәуелділік деңгейіне көбірек байланысты екенін атап көрсету қажет. Эмпириялық ұғымдардың теориялық "жүгі" болып, теориядан қаншалықты тәуелді болғанымен, бірақ олардың шындыққа сәйкестігі мен дәлелдігі айтарлықтай дәрежеде оларда қолданылатын теориядан тәуелсіз анықталады. Ал теориялық терминдер ғылыми тілге белгілі бір дерексіз жүйенің абстракциялық объектілерінің қасиеттері мен қатынастарын түсіндіру үшін енгізіледі. Олар шыңдықтан алынған абстракциялылық болғаңдықтан, оларды бақыланатын объектілермен, олардың қасиет, қатынастарымен тікелей салыстыруға болмайды. Сондықтан теориялық ұғымдардың шындықпен үйлесімділігін де, теориялық пікірлердің ақиқаттығын да олардың эмпириялық түсініктемелерінің көмегімен ғана анықтауға болады. Бұл айтылғанның бәрі эмпириялық және теориялық ұғымдардың өзара аса тығыз байланыстылығын көрсетеді.

Танымның тарихи даму барысында эмпириялық және теориялық ұғымдар бірін-бірі қуаттап, толықтырып отырады. Шындықты барған сайын тереңірек және толығырақ танып білудің күрделі де қайшылықты процесінде эмпириялық ұғымдардың түзілуі бірінші қадам болып табылады. Күнделікті таным деңгейінде ол ұғымдар сезімдік қабылдау мен бақылау нәрселері мен құбылыстарының атауларына, түсініктеріне сәйкес келеді. Алайда танымның эмпириялық деңгейінде-ақ ғылымдарға күнделікті сөйлеу тіліндегі терминдерге қарағанда әлдеқайда ғылыми мәні бар ұғымдар енгізіле бастайды. Бірақ олар бұрынғыша не тікелей бақыланатьш нөрселерді, олардың қасиеттері мен қатынастарын немесе түрліше аспаптар мен приборлардың көмегімен бақылауға болатын нәрселер мен қасиеттерді білдіреді.

Эмпириялық ұғымдардан абстракциялық, теориялық ұғымдарға көшу зерттеудің сезімдік-эмпириялық деңгейінен рационалдық-теориялық деңгейіне диалектикалық секіріс болып табылады. Рационалдық-теориялық танымның көмегімен шындық дүниенің нәрселері мен процестерінің сезім мүшелерімен қабылдауға болмайтын қасиеттері мен қатынастарын, яғни мәні деп аталатын жақтарын бейнелендіруге болады. Құбылыстың мәнін тікелей қабылдауға болмайтындықтан, оны түсіндіру үшін эмпириялық ұғымдар мен пікірлер енгізіліп, солардың көмегімен мәнін ашып көрсетеді. Осыны негізге ала отырып, эмпиризмнің, инструментализмнің, бихевиоризмнің, операционализмнің, ғылым философиясының және басқа кейбір бағыттарының жақтаушылары теориялық ұғымдар мен термиңдерді эмпириялыққа жатқызбақшы болды немесе оларды ғылым тілінен мүлдем шығарып тастауға әрекеттеңді.

Теориялық ұғымдардың бірінші, ең маңызды қызметі сол, олардың көмегімен ғылыми білімді дедукциялық тұрғыда жүйеге келтіруге жағдай жасалады, ал бұл соңғы сондай-ақ теориялық пікірлерді де пайдалануды талап етеді. Теорияның негізгі ұғымдары мен бастапқы пікірлерін анықтағаннан кейін, логиканың ережелері бойынша, олардан басқа барлық пікірлерді, оның ішінде эмпириялық түсініктеме беруге болатындарын да қорытып шығаруға болады.

Теориялық ұғымдардың екінші методологиялық қызметі эмпириялық қорытындылар мен заңдарды түсіндіру үшін де және оларды теориялық тұрғыдан жалпылау және ғылыми білімді кеңейту үшін де қолдануға болатындығында. Эмпириялық қорытындылар мен заңдар заттар мен құбылыстардың қимыл-әрекетін бақылаудың шеңберінде ұдайы қайталанатынын көрсетеді. Олар бірақ мұндай қайталанудың себебі мен механизмін түсіндіре алмайды. Мысалы, ағаштың суға батпайтыньн, ал темір батып кететінін сансыз кеп бақылаулардан білеміз. Бірақ бұл пікір тек су тұрғысынан ғана ақиқат болады, ол ағаш пен темір тұрғысынан салыстырмалы ғана рас болады, өйткені суда батып кететін ағаш бар екен- ол Шри Ланкеде (бұрынғы атауы Цейлон — ант.) ғана өсетін, темір ағаш деп аталатын ағаш екен. Сонымен катар, темірден іші қуыс шар жасаса, ол да суға батпайды екен. Бұл құбылысты түсіндіру үшін ғылымда көлемдік тығыздық немесе сыбағалы салмақ деген ұғым енгізілген. Ол ұғымды дененің массасының оның көлеміне қатынасы ретінде анықтайды. Физикада оны Р=m/v деген (т — масса; V— көлемі) формуламен өрнектейді.

Сөйтіп, "сыбағалы салмақ" деген жаңа теориялық ұғым енгізу арқылы физикада жаңа фактілерді түсіндіруге мүмкіндік туды: дененің тығыздығы судың немесе басқа сұйықтықтың тығыздығынан кем болған кезде дене олардың бетінде қалқып жүреді, ал егер дененің тығыздығы артық болса, онда ол батып кетеді деген заңдылық тұжырымдалды. Теориялық ұғымдардың үшінші методологиялық қызметі олардың эмпириялық және теориялық білімдерді жүйеге келтіруінде. Мұндай жүйеге келтіру теорияның бастапқы алғышарттарының көмегімен ғана емес, сондай-ақ оның алғашқы теориялық ұғымдарының көмегімен де жүзеге асады. Теория ұғымдарының жүйеге келтірілуі, жоғарыда айтқандай, барлық екінші қатардағы, туынды ұғымдарды негізгі ұғымдардың анықтамасынан логикалық жолмен шығару арқылы іске асады. Ол ұғымдарда теорияның абстракциялық обьектілерінің мәнді қасиеттері бейнеленетіндіктен, оларсыз ғылыми білімді жүйеге келтіру ешқашан мүмкін болмайды.Сөйтіп, білімді теория шеңберінде жүйеге келтіру теориясының бір пікірлерін басқаларынан логикалық жолмен қорытып шығару арқылы ғана емес, сондай-ақ біреулерінің логикалық анықтамасын басқаларының анықтамасынан шығару арқылы да іске асады екен.

Теориялық ұғымдардың төртінші методологиялық қызметі теориялық білімдердің дамуымен байланысты. Мұндай даму ең алдымен теориялық білімнің ұғымдық мазмұнының концепциялық өзгерісімен байланысты бола-ды-бұл дамудың барысында кейбір ұғымдардың мазмұны анықтала түсіп, жаңартылады, ал екіншілерінің көлемі кеңейтіліп, терендей түседі.

Теориялық ұғымдардың бесінші методологиялық қызметі олардың ғылыми білімнің дамуы мен қолданылуында эвристикалық және прагматикалық рөл атқаруында. Іргелі теориялық ұғымдарда зерттелуші құбылыстардың аса жалпы қасиеттері бейнеленетіндіктен, олар ең терең мазмұңды заңдар мен принциптерді тұжырымдауға мүмкіңдік береді.

Теорияның құрылымын талдаудың әдістерімен танысқаннан кейін енді оны құрудың әдістері мен принциптері туралы ең күрделі де қиын мәселені қарастырайық. Жалпы ғылыми зерттеу және әсіресе теория құру процесі творчествалық сипаттағы іс болғандықтан, оның принциптері барлық зерттеулер үшін міндетті болмай, мүмкіндігінше жалпы ұсыныс түрінде болуы қажет. Методологиялық принциптердің ішінен, біріншіден, логикалық пен интуициялық (аңғарушылық) және екіншіден, эмпириялық пен рациональдық факторларды ерекше бөліп көрсетуге болады.

XX ғасырдың екінші жартысында ғылым методологиясы тап болған түсіндірудің шын мәні әлдеқайда күрделі екенін, ең бастысы — позитивистер бір ізге салған моделінен гөрі көп түрлі екенін көрсетті. Телеологиялық түсіндірудің Аристотельдік дәстүріне қайта оралу тарихта және әлеуметгік-гуманитарлық ғылымдарда бұл түсіндірудің айрықша сипатын ашып берді. Түсіндірудің әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдардың міндеттеріне сәйкес жаңа модельдерін іздеу қазіргі кезде түрлі бағытта жүргізілуде. Әрекет етуші субъектінің мақсат-мүдделерін ескеретін телеологиялық түсіндірудің ең тиімді формасы, көп зерттеушілердің пікірінше, кезінде Аристотель қолданған практикалық силлогизм көрінеді, өйткені практикалық силлогизмнің үлкен алғышартында әрекеттің мақсаты айтылады, кіші алғышартында сол мақсатқа жетудің амалдары келтіріледі, ал қорытындысыңда алғышарттарға сәйкес әрекет еткенде ғана, яғни мақсат пен оған жетудің амалдарын дұрыс ұштастырғанда ғана кездеген мақсатқа жетуге болады дегсн пікір айтылады. Кесімді силлогизммен салыстырғанда практикалық силлогизм дәлелді ойқорытынды еместігіне қарамай, дегенмен ол әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда түсіндіруді талдаудың маңызды құралының қызметін атқарады.

Интенционалдық деген термин латынша іntenio -талпыныс дегенді білдіреді. Бұл түсіңдірмеде бірінші орынға талпыныстың сипаты, әрекет етуші субъектінің ниеті мен мақсат-мүддесі қойылады. Бұл түсіндіру психологияда, педагогика мен заң ғылымдарында жиі қолданылады, сондықтан мұны телеологиялық түсіндірудің бір түріне жатқызуға болады.

Функциялық түсіндірме өзінің міңдеті жағынан алғанда телеологиялық түсіндірмеге жақын, өйткені ол "қалай, неліктен" деген сұрақтарға емес, "не үшін" деген сұраққа жауап қайырады. Мұндай түсіндірмелер бір тұтас системаға жататын кіші система немесе элемент атқаратын қызметі (функция) туралы түсіндіргеңде қолданылады. Мысалы, тірі организмнің мына мүшесі немесе мемлекеттің мына органы қандай қызмет атқарады деген сұрақтарға жауап бергенде осы түсіндірме қолданылады. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы тұжырымдалғаннан кейін бұл түсіндірме кеңінен қолданыла бастады. XXғ. жалпы системалар теориясы мен синергетика шыққаннан кейін мақсат, функция, мақсатқа сай даму деген ұғымдарды т.б. өздігінше ұйымдасушы күрделі системалардың функциясын түсіндіру үшін пайдалану мүмкіндігі туды.

Адамдардың қоғамдағы мінез-құлқын түсіндіру үшін нормативтік түсіндірме берудің рөлі мен маңызы арта түсті. Адам-қоғамдық-әлеуметтік жан болғаннан кейін ол белгілі бір моральдық нормаларды, құқықтық нормаларды орындауға міндетті. Оларды дұрыс орындау үшін дұрыс түсіндірме берілуі тиіс. Ондай нормалар табиғатта жоқ, қоғамда ғана әрекет етеді. Осыны негізге ала отырып, кейбір зерттеушілер түсіндірудің дедукциялық-номологиялық моделі жаратылыстану ғылымдарына дұрысырақ сәйкес келеді, ал қоғам үшін лайықтысы нормативтік түсіндірулер дейді. Бұл да бір ойландыратын проблема болып табылады.

Қорыта айтқанда, түсіндірудің барлық альтернативтік модельдерінде басты назар алдымен адамның саналы да мақсатты іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне, атап айтқанда, көздейтін мақсат-мүддесіне, қоғамдағы атқаратын қызметі мен рөліне т.б. субъективтік факторларға аударылады. Бұл зерттеулерде қол жеткен маңызды бір нәтиже түсіндіру мен ұғыну процестерінің арасындағы терең бірлікті түсіну десек, артық айтқан болмас, өйткені ғылым философиясын иемденуге тырысушы осы күнгі бір батыстық бағыт- неопозитивизмді жақтаушылардың назарынан ұғыну проблемасы тыс қалып қойыпты. Сол себепті де олар ұғынуды түсіндірудің бір психологиялық кезеңі ғана, ол ғылым философиясында қосымша эвристикалық қана рөл атқарады деп санайды. Шынында да солай ма, енді сол мәселені анықтауға көшейік.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin | Теги: қазақша реферат, философия, реферат
Просмотров: 314 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]