Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

30.09.2016, 17:53

ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау.

  1. Ғылыми – техникалық жобаларды экологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық экспертиза жасау.
  2. Сцентизм және антисцентизм. Ғылым жәе паранаука, жалған ғылым.
  3. Ғылымның мәдениеттегі жаңа функциялары. Ғылымның жаһандық контексті. Ғылыми ақпараттың өсуі және ғылым әлемінің өзгеруі.

Қазіргі заманда жер жүзіндегі барлық халықтардың қолданатын санау жүйесі - ондық системасы. Осы ондық система - ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Оны ойлап табуға бүкіл халық болып ат салысты деуге болады, өйткені мұндай санақ системасын тудырған бүкіл адамзаттың практикалық іс-әрекеті деуге болады. Мәдениеттің тарихыңда адамзаттың практикалық өмірі үшін ондық системадай зор маңызы бар ғылыми прогресс жасаған, өшпес із қалдырған, терең ықпалын тигізген математикалық білім кемде-кем шығар. Ондық системаның пайда болуы екі қолдың саусақтарын санау практикасына байланысты екеніне күмән келтіруге болмайды.

Санау системасының негізіне оннан басқа санды да алуға болады және сондай-ақ бір системадан екінші системаға көшуге де болады. Ертедегі вавилондық астрономдар санау негізі үшін, мәселен, алпыстық системаны қолданған. Сағаттың және бұрыштық градустың алпыс минутқа бөлінуі де осымен байланысты. Скандинав түбегіндегі елдердің (Швеция мен Норвегияның) тілінде бестік система ізінің күштілігі байқалады. Санау системасының негізінде жиырмалық системаның ізі француз, ағылшын, нидерланд тілдерінде сақталғаны байқалады.Біз өмір сүріп отырған дүние үлкенді-кішілі ашық системалардан тұрады — олардың дамуы кейбір жалпы заңдылықтарға бағынады. Сонымен қатар оның ұзақ даму тарихы бар. Қазіргі заманғы ғылым дүниенің даму тарихында болған оқиғалардың хронологиясын (болу ретін) шамамен былай көрсетеді:Қазіргі ғылымға тек уақыт мерзімдері ғана емес, сондай-ақ Әлемнің Үлкен қопарылыстан біздің заманға дейінгі эволюциясының механизмі де белгілі. Бұл адамзаттың ақыл-ой дамуының таңғажайып табысы! Әлем тарихының сырын ашуға бағытталған ең ірі жаңалықтар XX ғасырдың екінші жартылысында ашылды: үлкен қопарылыс концепциясы ұсынылып, дәлелденді; атомның кварктік моделі жасалды; фундаментальды ғылымдардың өзара қарым-қатынасының типі анықталып, оларды біріктірудің бірінші теориясы қүрылды т.т. Біз ең алдымен физиканың және космологияның табыстарына көңіл аударып отырмыз, өйткені дүниенің ғылыми көрінісінің жалпы бейнесін қалыптастыратын алдымен дәл осы ғылымдар.Қазіргі жаратылыстану суреттеп отырған дүниенің көрінісі әрі аса күрделі, әрі аса қарапайым. Күрделі болатын себебі сол, ол дүниенің бүрынғы механикалық ғылыми көрінісіне әбден үйреніп қалған қатардағы адамның түсінігін тұйыққа тірейді. Уақыттың басталуының болғаны, кванттық объектілердің корпускулалық-толқындық дуализмі жайлы идеялар, т.б. жаңалықтар дүниенің қазіргі көрінісіне біраз "ақылға сиымсыздық" түр береді (өткен шындыққа көзжіберсек, бір кездерде адамдар Жердің шар тәрізді көрінісін де "ақылға сиымсыз" деп қараған жоқ па еді?!).Сонымен бірге дүниенің қазіргі ғылыми көрінісі қарапайым да таңданарлық. Оның бұл сапалық ерекшелігін түсіну үшін қазіргі заманғы ғылыми білімді құратын (жоғарыда қарастырылған) басты принциптерін тағы да еске түсірейік:

а) жүйелілік (системалылық); б) глобальдық эволюционизм; б) өздігінше ұйымдасу және в) тарихилық. Дүниенің ғылыми көрінісін құрудың бүл принциптері, жалпы алғанда, табиғаттың өмір сүру, дамуының негізгі зандылықтарына сөйкес келеді. Жүйелілік дегеніміз біз күн сайын көріп жүрген Әлемнің құрылысы менорналасу реті алуан түрлі орасан көп элементтерден (кіші жүйелерден) тұратын, біз білетін жүйелердің ішіндегі ең ірісі екенін бейнелелендіретін ғылыми система. Демек, "жүйе" деп өзара байланысты элементтердің ретке келтірілген тобын айтады. Элементтердің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде біртұтас жүйеде жаңа сапа, қасиеттер пайда болады. Мысалы, судың молекуласына біріккен сутегі мен оттегінің атомдары өздерінің бұрынғы қасиеттерін мүлде өзгертеді. Жүйеліліктердің тағы бір маңызды сипаты бағыныштылық (субординация) қатынас — төменгі деңгейдегі жүйелер біртіндеп жоғары деңгейдегі жүйелердің құрамына еніп отырады. Түрлі деңгейдегі жүйелердің осылайша бір-бірінің қүрамына енуі, біріншіден, олардың құрылымдық бірлігін көрсетсе, екіншіден, кез келген жүйенің кез келген элементі барлық басқа мүмкін жүйелердің элементтерімен байланыстылығын көрсетеді. Мысалы, адам — биосфера — Жер планетасы — Күн системасы — Галактика — Метагалактика т.т. Осыған сәйкес дүниенің ғылыми көрінісі де және оны бейнелендіруші жаратылыстану да дәл осылайша құрылады.Глобальдық эволюционизм — Әлемнің және ондағы үлкенді-кішілі элементтер жүйесінің дамусыз, эволюциясыз өмір сүре алмайтынын мойындау. Әлемнің жаппай даму сипаты — дүниенің материалдық бірлігінің дәлелі, оны құратын әрбір элемент глобальдық эволюция процесінің тарихи салдары екенінің көрсеткіші.Өздігінше ұйымдасу (түзілу) — материяның өздігінше дамып, күрделіленуінің, сөйтіп, әлдеқайда реттелген құрылымдар жасау қабілеті. Материалдық жүйелердің (системалардың) әлдеқайда реттелген сапаға өту механизмі барлық деңгейдегі жүйелер үшін ортақ заңдылық сияқты.Дүниенің қазіргі заманғы жаратылыстану-ғылыми көрінісінің бұл аталған түбірлі ерекшеліктері оның жалпы басты бейнесін айқындап бере отырып, алуан түрлі ғылыми білімдерді біртұтас білімдер жүйесіне біріктіру жолын көрсетеді. Алайда, оны дүниенің бұрынғы ғылыми көріністерінен айырып тұратын тағы бір ерекшелігі бар. Ол — оның тарихи сипаттылығы, яғни оның өзінің де және басқа да кез келген дүниеннің ғылыми көріністерінің де толық аяқталып бітпейтіңдігі. Қазіргі бар ғылыми көрініс бүкіл бұрынғы тарихи дамудың туындысы, ал болашақ ғылыми көрініс бүгінгінің жалғасы болып табылады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin | Теги: қазақша реферат, философия, реферат
Просмотров: 183 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]