| Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма | [ Добавить материал ] |
| В категории материалов: 92 Показано материалов: 61-70 |
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 10 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
|
Менің Қазақстаным шығарма
Менiң Қазақстаным Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Менiң бұл отандарымды… Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Бiздiң халық ақындық мұра туған жердi әдемiлiктiң бiраз таң қалатын суреттерi, оның шексiз жерлерi, қардай ақ зәңгiрлер қалалық болады, көкшiл айдын көлдердiң Ұлы ақындары Қазақ жерiн тарихты да әдемiлiктi жырлады. Халық жады Қазақ халығының өмiрiндегi даңқты және қайғылы оқиғаларын ұрпақтан ұрпаққа сақталып алып бередi. Лихтағы ол ұшып келе жатқан салт аттының еркiн желденгi сахаралық шөп тербелетiн үлкен далалары көне крыльях сияқты домбыраның халық себептерi тыңдай елестеттi, күнге.Қазақстан кең және дұрыс сұлап жатты. Күн даладан тұрады, ол да далада оны даланың үстiнде күнi бойы жүрiп, қалғып тұрған қалың ормандармен және мың Көлдермен кездесе кiредi. Солтүстiкте қашан жемiстi деревьялар қар, гүлдеп қойылдардың табанда оңтүстiкте қалалық әлi жатады. Республика Каспий және Арал теңiздерi, оның аумағындағы суларымен жуылып қалады өзендер және Көлдерде көп болады. Ежелгi Қазақ жерiн ертегiдей бай жер қойнауы. Көмiр, мұнай, алтын, титан, қорғасын, цинк, темiр - барлық Қазақ жерiне табуға болу.Бiртұтас жанұямен Қазақстанда ұлттар және халықтардың сты он бес миллион адам, өкiлдер көп өмiр сүредi. |
|
Менің туған жерім - егеменді Қазақстан шығарма
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. |
|
Адамның жаман жақсы болуы өзінен
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін. |
|
Жақсылық пен жамандық туралы шығарма
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін. |
|
9 мамыр жеңіс күні баяндама
Бүгін қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күні. Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күн. Бұл – аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі.
Міне, 1941 жылы басталған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 68 жыл болды. Сол жылдың маусым айынан бастап КСРО-ның миллиондаған әскерімен бірге, қазақ жауынгерлері де Ұлы Отан соғысына аттанып, өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосқан еді. Егер батыр ардагерлеріміздің жеңісі болмаса, мүмкін әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан елі да болмас па еді. Сондықтан, Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қала бермек.
Массагет порталы адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыста жеңімпаз атанған әкелердің, ағалардың, аталардың ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеді және Қазақ халқын 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды.
Бейбіт өмірді әкелген ардагерлеріміз әрқашан аман болғай!
|
|
9 мамыр жеңіс күні туралы шығарма
Ұлы жеңіс
Шүйінші, халқым, шүйінші! Шүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата-анамыз, Шаттан, аға-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке (Айбек О)
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
|
|
ОТБАСЫ – КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.
Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
|
|
Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Таңдандарды жан-жағымды - бай өлке,
Қарапайым, кең дастархан, әдебі.
Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік,
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың символымыз » сертім нық.
Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.
|
|
Атамның ерлігі туралы Араға бірер күн салып адамзат өз тарихындағы қаһарлы соғыстағы Жеңістің 68 жылдық мерекесін тойламақ. Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр қайратының, бірлігінің дәлелі. Бұл соғыстың азабын тартпаған қазақ халқы жоқ шығар. Қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың ішінде менің атам Мукушев Рахат та бар еді. Мен өкінішке орай өзімнің атамды көрген жоқпын, бірақ Советхан атамның (атамның тұңғыш ұлы) айтуы бойынша атам соғыстағы майдандас достарын, жауынгерлердің ерлігі, соғыстағы шайқастары туралы үнемі айтып отырады екен.1917 жылы Семей облысы Үржар ауданы Қызылту ауылында дүниеге келген. |
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. |








