Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма [ Добавить материал ]

9 мамыр жеңіс күні


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

16.02.2014, 23:28

Атамның ерлігі туралы

Араға бірер күн салып адамзат өз тарихындағы қаһарлы соғыстағы Жеңістің 68 жылдық мерекесін тойламақ. Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға.

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр қайратының, бірлігінің дәлелі.

Бұл соғыстың азабын тартпаған қазақ халқы жоқ шығар. Қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың ішінде менің атам Мукушев Рахат та бар еді. Мен өкінішке орай өзімнің атамды көрген жоқпын, бірақ Советхан атамның (атамның тұңғыш ұлы) айтуы бойынша атам соғыстағы майдандас достарын, жауынгерлердің ерлігі, соғыстағы шайқастары туралы үнемі айтып отырады екен.1917 жылы Семей облысы Үржар ауданы Қызылту ауылында дүниеге келген.

Ол 1939 жылы Үржар ауданының әскери комиссариатынан әскер қатарына алынды. Әскери борышын Украйнаның Житоммир қаласында өтеді. Сол жерде үш айлық шофер курсын оқыды. Содан Галышная артиллериясына әкеліп Белайкерков қаласындағы 170 автоавияполкқа апарып қосты. Олардың полкін Трембоволь аэродромына орналастырды. Ол жерде үш ай бітпей, Финляндия соғысы басталды. Одан кейін Украинаның Киев қаласына апарды. Бұл 1939 жылдың аяғы еді. Украйнаны азат етуге бар күшімізді салдық. Бұғаш қаласының жанында объекті бар еді. Сол заводтағы оқ - дәріні күзетіп жаттық. 1941 жылы 22-шілдеде таңғы сағат төртте соғыс өрті басталды. Герман Фашизмі тұтқиылдан тисіп, опасыздық жасады. Біздің аэродромда тұрған самолеттерімізді немістің бомбардировщиктері бомбалап кетті. Жандарындағы полктің екінші истребителі көтеріліп немістің бомбардировщигін Бугаш қаласына дейін қайырып әкелді де, советтің самолеті бұрылып кеп қарсы ұшты да екеуі таран жасап немістің самолетін құлатып түсірді.Олардың соғыс күші зеңбіректері, самолеттері өте көп және басым еді. 70 шақырым жерде жаудың екі мыңдай самолеттері болды, ал бізден бір мыңдай самолет шығарылды. Үш айдан кейін Харковъ қаласына келді. Сол жерде Рахат атам аяғынан жараланып, Москва госпиталіне жіберілді.Ол госпиталде жазылып шыққаннан кейін Саратов қаласына келді. Саратов қаласына жетпей 100 км жерге әкеліп түсірді, жол тегіс бомбаланған еді. Саратовтан ары қарай жүру мүмкіндік болмаған соң Астраханъ қаласына әкелді. Сол жерден поезға отырып Грузияға аттандырды. Зеңбіректерін тазалап, екі күннен кейін Аздок деген жерге жүріп кетті.Бұл жерден мұнай шығады екен.Осы жерде біраз шығынға ұшырадық. Элхотовский воротаға кеш батпай алып кетті. Ең бірінші сол жерде соғыста қаншама зеңбіректерден айырылдық. Зеңбірек орнына зеңбіретер әкелініп толтырылды.Оларды қайтадан Осетиннің бір ауданына қарсы қойды. Жау әскері бізден 25-30 шақырым жерде еді- деп есіне алады екен Рахат атам.Содан оларға Ленинград халқы келіп қосылды. Біздің жауынгерлер қасық қаны қалғанша күресті. Міне , атамның өмір жолы осындай!

 

Сол жылдары мектептің пионерлер дружинасы Ұлы Отан Соғысының ардагерлерімен кездесу өткізіп, пионер қатарына қабылдап, мойнына алқызыл галстук тағыпты. Оқушылар ардагер аталарымыздың соғыс жылдарындағы көрсеткен ерліктерін, бастарынан өткізген небір қиыншылықтарын айтқан кезде қалт жібермей, ұйып тыңдайды екен. Бұл – менің марқұм Советхан атамның айтқандарынанжәне сол кезде кездесуге шақырылған атам Мукушев Рахаттың бұрынғы Семей облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылындағы Қызылту орта мектебінің оқушыларына айтқан әңгімесінен үзінді. Өкінішке орай толық нұсқасы сақталмаған.

Атам 1944 жылы соғыстан аяғынан қатты жараланып, бір аяғын соғысқа беріп, желтоқсан айының он алтысында елге оралды.Соғыстан келген соң атам балдақпен жүріп колхозда парторг болып жұмыс істейді. 1947 жылы отбасын құрды. 5-6 жылдан соң ден саулығына байланысты басқа жұмысқа ауысып, ауылда пошташы болып жұмыс істепті. 1982 жылы 20 қарашада дүниеден өткен екен. Атамның 8 баласы бар. 4 ұл, 4 қыз. Қазіргі таңда 7 баласынан 18 немересі, 27 шөбересі бар. Менің әкем Ермек ең кенжесі.Мен Ермектің ұл кенжесімін. Қазір 10 сыныпта оқимын. Мен де мектеп бітірген соң атам сияқты патриот болып, Отанымды қорғаймын.Отан қорғау ісіне ардагер аталарымыздың үлгісімен әрқашан дайын болып, намыс туын жоғары ұстаймыз.

 

ШҚО. Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы.

«Ақшоқы орта мектеп-балабақша» КММ.

10 – сынып оқушысы Рахатов Досбол Ермекұлы.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Шығарма | Добавил: Admin
Просмотров: 1658 | Загрузок: 77 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]