Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 15.7.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма [ Добавить материал ]

В категории материалов: 92
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 9 10 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Табиғат

Табиғатты аялайық шығарма

 

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.

Шығарма | Просмотров: 43700 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.01.2015 | Комментарии (0)

Әділдік

Әділдік, Әділеттілік (арабша әдл) —әділдік, әділқазылық, шыншылдық;
турашылдық, адалдық, дұрыстық; әдәләт — 1) әділқазылық; 2) юстиция — дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдындағы ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін әлеуметтік-этикалық категория.

Шығарма | Просмотров: 16390 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.01.2015 | Комментарии (0)

Әділдік, Әділеттілік (арабша әдл) —әділдік, әділқазылық, шыншылдық;
турашылдық, адалдық, дұрыстық; әдәләт — 1) әділқазылық; 2) юстиция — дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдындағы ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін әлеуметтік-этикалық категория.

Шығарма | Просмотров: 1285 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.01.2015 | Комментарии (0)

Адалдық

Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздйтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.

Шығарма | Просмотров: 4414 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.01.2015 | Комментарии (0)

Халық поэзиясы көбіне ауызша айтылады, кейін назарға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеу құралдары да басқаша, көбіне байырғы тіл әдісімен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне көтеріледі. Кеңес заманында халық поэзиясының ірі өкілдерінің бірі – Жамбыл Жабайұлыболды. Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында туған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Бірақ молдалардың қорлығына шыдай алмай Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысында пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
Ес білгеннен өр мінезді, тентектеу болып өскен бала Жамбылдың қызықты қылықтары көп болған. 

Шығарма | Просмотров: 1671 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.12.2014 | Комментарии (0)

Өзiнiң 75 жылдық мерейтойы аясында Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры көрерменнiң көзайымына айналар қандай жаңа шығарма сахналайды екен деп көптен күткен күптi көңiл орнына түскендей болды.  
Бейсенбi күнi театр сахнасында драматург Д.Исабековтiң «Мұңлық-Зарлық» лиро-эпостық драмасының премьерасы аншлагпен өттi. Бұлай болатын да жөнi бар. Өйткенi Арыс ауданының Жиделi ауылында моласы жатқан «Мұңлық-Зарлық» эпосы оңтүстiк жұртының ғана емес, бар қазақтың рухани қазынасы.  

Шығарма | Просмотров: 6209 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 24.11.2014 | Комментарии (0)

Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып,  абыройынан айырылып қалатын жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бәрі  жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын — ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда  “Ақылдыға ерсең адаспайсың” деген тәмсіл бар. Ата-ана мен  аға буындардың ақылын алып,  солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса,  жас жеткіншектерге тәлім -тәрбие мүлдем қалыптасады. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан әсер ететін тәлім- тәрбие де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн.

 

Шығарма | Просмотров: 14713 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 24.11.2014 | Комментарии (0)

Алтын күз шығарма

 

Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр. «Бр-р...» Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. «Ух, қандай суық еді!..» Сәлден соң күн ашылды. Ауыр- ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып- тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр- судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай.Інім сары жапыраққа алақанын тосты. «Қап, тесіліп қапты!» деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің «үстеріңді лас қылмаңдар!» дегенін ұмытып, жұп- жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық. Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте- бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі- ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қақылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар оны «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп, айыптап жатады. Ал біз оны «алтын күз» дейміз. Біз алтындай сап-сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды!

Шығарма | Просмотров: 28343 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.05.2014 | Комментарии (2)

Күз туралы шығарма

 

Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай! Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз... Ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді екен. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын да елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа-райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым. Адам қандай болсын бірібір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау. 

Шығарма | Просмотров: 18244 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.05.2014 | Комментарии (0)

Тұрмыс - салт жырлары туралы шығарма

 

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі: 
тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер), 
дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік), 
үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар), 
мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау), 
өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырлырында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Жылқышы”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Бозінген”, т.б.

Шығарма | Просмотров: 13065 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.05.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 ... 81-90 91-92