Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма [ Добавить материал ]

Тәртіп тәрбие бастауы шығарма


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

24.11.2014, 18:09

Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып,  абыройынан айырылып қалатын жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бәрі  жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын — ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда  “Ақылдыға ерсең адаспайсың” деген тәмсіл бар. Ата-ана мен  аға буындардың ақылын алып,  солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса,  жас жеткіншектерге тәлім -тәрбие мүлдем қалыптасады. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан әсер ететін тәлім- тәрбие де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн.

Баланы дұрыс тәрбиелеу- тек әке-шешенің ғана міндеті емес. Бұл баршаның ісі. Бала-біздің болашағымыз, қоғамның бір мүшесі және оны ары қарай дамытушы, келешек кемеңгері, саясаткер, ел ағасы. Сондықтан баланы инабаттылыққа тәрбиелеу — бәріміздің абзал борышымыз. Тәртіп, баланы салауатты тепе-теңділікпен өмір сүруге үйретеді .Тәртіп баланың дұрыс және терісті, халал мен харамды  айыру, өзін бақылау, адамгершілік қарым-қатынастарына шек қоя білу, жақсы жаманды айыра алатын т.с.с сана-сезімдерін қуаттандырады.

Баланың қасында ғайбат сөз айту, оғаш қылық көрсету орасан зор зиянды екендігін біз білуге тиімпіз. “Ұяда не көрсе,  ұшқанда соны алады” деген мәтел осыны ескертеді. Аллаһтың іліміне негізделіп, құдіретімен жазылған “Ғалам” атты кітапта: ”Бойдағы ақыл-жігерді ақылмен басқара біліп, ақылы мен ар-ұжданының үніне құлақ асқандар ғана ақиқатқа көз жеткізеді” делінген. Қайсысы пайдалы дегенді сараптаған тура. Ата-бабаларымыздың “қабырғаңмен ақылдас” дегені ісіңді әуелі жақсылап ойланып баста дегені ғой. Сол себептен  бала өзі мәселені дұрыс шеше алатын халде болуы керек.”Ашу –дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос” деп тегін айтпаған бабалар.

Мұсылманның міндеті салауатты істен таймау болып табылады. Парасатты әрекет- адамның өз іс-әрекеттері мен ұстанған жолының ең жақсы, ең дұрыс жол екеніне кәміл  илана отырып, көңілін өзгелерге деген жаман пиғылдан таза ұстауын білдіреді. Ардақты Пайғамбарымыз:”Бір-бірлеріңе теріс қарамаңдар, кек сақтамаңдар, бір-бірлеріңді көре алмай жүрмеңдер, қарым-қатынастарыңды үзбеңдер, ей, Аллаһтың құлдары, дос болыңдар”-деп ескерткен.Бұл хадистегі тәрбиелік мән. Әр адамның тағдыры тәрбиеге тығыз байланысты. Жақсы тәрбиені әр адам ерінбей жалықпай бәр күш ынта жігерін жұмсап барып өзі тауып алады.Жақсы тәрбиелі адам  жырғаулы өмір сүре алады.Яғни басқаға кіріптар болмайды. Ақылсыз бала теріс тәрбие алады да өмірі күңгірт, көлеңкелі болады. Қысқасы күлдікөмеш өмір кешеді деген сөз. “Тәрбие   тал бесіктен” емес, тіпті, ана құрсағына бала пайда болған кезден басталатындығы ғылымда анықталған.Баланың тәрбиесіне әке-шешесінің атқаратын рөлі орасан зор. Ата-ана бала тәрбиесінің  негізін дұрыс  қалап берсе олар арықарай өзін өзі алып кетеді.Егер алғашқы мағлұмат тәрбиені дұрыс бере алмаса бала теріс тәрбиелі болады.

Әкеге қарап ұл, шешеге қарап қыз тәрбиеленетіндігін білгенімізбен  аса мән бермегендіктен теріс  тәрбиелі болып балалар қылмыс-қайшылыққа көптеп ұрынуда.”Алдыңғы арба қалай жүрсе соңғысы да солай” демекші кейбір содыр әке-шешенің былық-шылығына олар еліктеп теріс жолмен кетіп өмірден адасуда.
Ақыл парасаты аз,  жеңілтек,  ұшқалақ кейбірі ішімдікке беріліп, ес ақылынан айырылып әртүрлі  қылмысқа  да  ұрынған ата-анадан не қайыр. Қылмыс- қайшылыққа  ұрынып сотталып сорлап жүргені де көп.Әке-шеше, құлдыраса құлықсаналық жағынан балаға кесапаты тиіп көңіл-күйді құлазытадыЕліміз көлемінде  заңды мүлтіксіз орындау жұмысы өте қанағатсыз. Қылмыс қайшылықтың алдын алу, заң насихаттау жұмысы аймағымызда  өте төменгі деңгейде жүрілуде.Сондықтан жастарды тәрбиелеу үшін ата бабадан бері жалғасып келе жатқан наным-сенім, ырым, салт-дәстүр мен ата дініміздің  тәрбиелік маңызын ерекше пайдаланғаны жөн.Біздің дініміз тәрбиелік маңызды дін.Ислам дінінде ұрлық істеуді харам деп шектегендіктен өркениетті мұсылман елдерінің халқы дүние-мүлкі ашық-шашық жатса да біреулер оны қымқырып- жымқырмайды.Жетім-жесірдің ақысын жемейді, керісінше кем-кетік, кедей-кепсек, ауру-сырқау, міскіндерге қамқоршы болып қол ұшын беріп жәрдемдеседі.Міне мұның бәрі нағыз мұсылмандық, адамгершілік  қасиет.Жүрегіне иман ұялаған пенде ар-ұятты, ақыл-парасатты болады да ұрыс-төбелес, жанжал,  ұрлық,  зорлық-зомбылық, маскүнемдік сияқты жат қылыққа, арамдыққа бармайды. Қысқасы қандай да бір қылмыс-қайшылыққа ұрынбайды. Жалпы білім беретін мектептерде этика, әдеп сабағы жүрілуі тиіс. Әрбір имам, қажылар, діни сауаттылар бұл іске құлшына кірісіп, діни тәлім-тәрбие жасаса ортамыздағы пасықтар, күнәкарлар, сатқындар, күншілдер,  жемқорлар, парақорлар, жалақорлар азайып,  тәртіп жақсарып, қазақ халқы парасатты, ақыл ойлы, бауырмал, өнегелі ел болар еді. Тәртіптілік қоғам дамысына да жақсы әсерін тигізетіндігі дамыған ислам елдерінің тәжірибесінен байқалып отыр.

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Шығарма | Добавил: Admin
Просмотров: 3620 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]