Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Бірлік - менің таңдауым ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

13.01.2016, 00:18

Мекен- жайы    БҚО Жәнібек ауданы Тау ауылы 
Мектебі    Ғ.Абдуллин атындағы ОЖББМ
Пән мұғалімі    Машанова Гүлсара Қисашқызы
Сыныбы-  9 «а, б»    Күні  -  05.02.2015
Сабақтың тақырыбы    Бірлік - менің таңдауым
Сілтеме     Слайд,  интернет материалдары 
Мақсаты

    Бірлік пен қоғамдық келісімді қалыптастырудың өзегі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 
20 жыл толуын, іргелі институттың бірлік пен келісімнің, ауызбіршіліктің қозғаушы күшіне айналғаны туралы  түсініктері қалыптасады.
Күтілетін нәтижелер

         Қазақстан халқы Ассамблеяның қызметі, мақсаты, негізгі міндеттері, құрылымы, парламенттік өкілдігі туралы біледі. 
    “Бірлігі жоқ елдің тозатынын, бірлігі күшті елдің озатынын”  оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы талдау жасап, жан-жақты ашады. 
    Өз Отанын, туған елін, тілін сүюге  тәрбиеленеді.
    Елімізді мекендейтін ұлттар мен ұлыстарды   құрметтеуге  үйренеді.                                              
Түйінді идея


    “Ауызбіршілік жоқ жерде еш¬қа¬шан да ұлттық идеялар жүзеге асқан емес, жаулықтың ең үлкені, ең қиы¬ны – ынтымақ үшін ымыраға бара алмау”                                                                                                                                                                                             
                                                                   Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың дәйексөзі     Ынтымақ барда қара суда қаймақ татыр.
Керекті  жабдықтар     интербелсенді тақта, постер, маркерлер, түрлі түсті қағаздар,стикерлер
Сабақ  бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері    Мұғалім әрекеті    Оқушы әрекеті
Оқушы-
ларға психология-
лық ахуал туғызу    Балалармен амандасу.  
    Сергіту сәті.   «Жылы шеңбер» 

    Сыныпты топқа бөлу. 
Берілген мақал- мәтелдердің түсіп қалған сөзін тап. 
... (Бейбіт) елде береке бар.  
... (Бірлік) болмай, тірлік болмас. 
Бірлігі жоқ ... (ел) тозар,
Бірлігі күшті ...( ел) озар.     Балалар бір – біріне бүгінгі күнге  сәттілік тілейді.


Түсірілген сөздерді тауып  атау  арқылы  3 топқа бөлінеді. (бейбіт, бірлік, ел).
«Ой қозғау»    -Биылғы жыл елімізде қандай жыл болып белгіленіп отыр?

 

-Сонымен қатар Ассамблея жылында  тағы қандай айрықша мәнге ие тарихи мерейтойлар өтетін болады?

 

-Өз өлкемізге байланысты қандай шараларды атай аласыз?    Оқушылар биылғы жылдың елімізде  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы (20 жыл) екенін айтады.

ҚР Конституциясына 20 жыл, Қазақ хандығы құрылғанына  550 жыл, Жеңістің 70 жылдығы тойланатынын да атайды. 


Туған аулымыздың және ауыл паркінің құрылғанына   50 жыл толуын да мақтанышпен айтады. 
Мағынаны тану
    Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, негізгі мақсат, міндеттері, құрылымы, парламенттік өкілдігі туралы мәлімет беру (слайд көрсетіледі).

Қазақстан халқы Ассамблеясының       2015 жылға арналған логотипіне назар аударту.     Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, мақсаты, негізгі міндеттері, құрылымы, парламенттік өкілдігі туралы біледі, білетіндерін толықтырады.
Қазақстан халқы Ассамблея-
сының 2015 жылға арналған логотипін жан-жақты талдайды.
Толғаныс    «Біз өз - өзімізбен және өзгемен бейбітшілік өмір сүреміз» тақыры-
бында шығармашылық жұмыс. 


І топ:  Плакат шығару.
ІІ топ: Хат жазу( шетелдегі досына, өзге  ұлт өкіліне, т.б).
ІІІ топ: Сыйлық әзірлеу.
Сыйлыққа қойылатын талаптар:
Жеңіл, ықшам.
Бұзылмайтын.
Ұлттық нақыш.
Құнды.
Әдемі.
Қолданылатын.    Тақырып бойынша  сын тұрғысы-
нан ойлау арқылы талдау жасап,  жан-жақты ашады.


Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.


Қорытын-
ды

    
«Бүгінгі күннің тілегі». Күн суретінің айналасына өз арман -тілектерін жазып жапсыру.     Оқушылар  мен қатысушы қонақтар  стикерлер арқылы күн бейнесінің айналасына өз  арман-тілектерін жазып жапсырады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin | Теги: бірлік туралы, Бірлік - менің таңдауым, бірлік, ашық сабақ
Просмотров: 528 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]