Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Тәуелсіздік – тұғырым тәрбие сағаты


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.05.2014, 01:41

Тәуелсіздік – тұғырым тәрбие сағаты

 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы 
«Н.К. Крупская атындағы орта мектеп» 
Сынып жетекшісі 
Калиханова Лаура Каироллаевна 
Тәрбие сағаты:Тәуелсіздік – тұғырым 
Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта 
тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа. 
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты 
Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
Әнұранды орындау 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Мұз жастанып азаттықтын жолында, 
Тәуелсіздік туы тұрды қолында. 
Сойыл таяқ ойнаса да жанында. 
Отан үшін жанын қиды ұлдарың, 
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, 
Күйініштен ауырады жүрегім, 
Естігенде желтоқсанның ызғарын. 
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, 
Ұрпақ өсер айналатын тірекке, 
Егемендік тиді бүгін еншіме, 
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке. 
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. 
Егемендік иесі мен деген сөз, 
Көптеген бері естілмеген ерен сөз, 
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған 
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. 
Егемендік ел болудың белгісі, 
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші. 
«Егемендік» деген сөзден естілер 
Ата жұрттың арысы мен бергісі. 
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. 
Шықты тарап ой данадан, 
Бері қарады жұлдыз беті. 
Өзі қалап сайлап алған, 
Елімніңбар Президенті. 
Шырақ етіп өмір нұрын, 
Алыс жатты алдағы жол. 
Ел намысын, елдің жүгін, 
Арқалаған ардағым-ол. 
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды. 
Күнісіз қазақ көгінің, 
Шуағын шашқан халқына. 
Қазығы бостандығымның, 
Қажымас қайсар нар тұлға, 
Ұшырдың алыс айға адам 
Халқымның мақсат арманын, 
Түсінер сіздей қайда адам?! 
Бес қару белге буынып, 
Қол бастар көсем өзіңсің, 
Жаныңды қиып бересің, 
Қазақтың байтақ жері үшін. 
1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. 
Рәмізім-елдігімнің белгісі, 
Білу керек бала дағы ең кіші. 
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. 
Қазақстан Туы 
Көк аспандай көкпеңбек 
Қазақстан жалауы. 
Көк емес ол тектен-тек- 
Елдің ашық қабығы. 
Ақ ниеті – алтын күн, 
Асқақ арман-қыраны. 
Жалауы бұл-халқымның, 
Мәртебесі, мақтаны. 
Елтаңбасы елімнің 
Елтаңбасы елімнің 
Неткен әйбәт, әдемі! 
Тұнығындай көңілдің 
Ортада-аспан әлемі. 
Құт, береке, шаңырақ, 
Орын алған ол төрден. 
Қанатты қос арғымақ. 
Екі жақтан көмкеркен. 
Тәуелсіздік жолында 
Талай-талай тер тамған... 
Билігім өз қолымда, 
Еркіндігім-Елтаңбам. 
Әнұран 
Әнұраным-жанұраным, 
Айтар әнім-сөйлер сөзім. 
Туған жерім-сағынарым - 
Мың қайталап айтам мұны. 
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз. 
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді. 
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік. 
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді. 
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты. 
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді 
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды. 
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді. 
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды. 
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді. 
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды. 
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды. 
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды. 
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды. 
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді. 
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды. 
Сұрақ-жауап сайысы 
1. Қазақстан қандай ел? 
2. Қазақстанның қанша халқы бар? 
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер? 
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала? 
5. Біздің еліміздің басшысы кім? 
6. Еліміздің Президенті кім бола алады? 
Мақал-мәтелдер сайысы. 
«Жалғастыр» 
1. Еңбек түбі береке, 
(Көптің түбі мереке) 
2. Елінен безген – ер оңбас, 
(Көлінен безген – қаз оңбас) 
3. Ер бір рет өледі, 
(Қорқақ мың рет өледі) 
4. Сөз атасы – құлақ, 
Жол атасы – тұяқ, 
(Су атасы – бұлақ) 
5. Өлеңді жерде 
Өгіз семіреді. 
Өлімді жерде 
(Молда семіреді)


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin | Теги: тәрбие сағаты, ашық сабақ, 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні, Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – тұғырым, желтоқсан, сценарий
Просмотров: 8893 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]