Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 27.2.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

В категории материалов: 21
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

 

ОНЕГИННІҢ СИПАТЫ
(А. С. Пушкиннен)

Жасынан түсін билеп, сыр бермеген, 
Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 157 | Добавил: Admin | Дата: 14.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЖАЗ

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек, 
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда; 
Шұрқырап жатқан жылқының 
Шалғыннан жоны қылтылдап, 
Ат, айғырлар, биелер 
Бүйірі шығып, ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап, 
Құйрығымен шылпылдап, 
Арасында құлын-тай 
Айнала шауып бұлтылдап. 

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 213 | Добавил: Admin | Дата: 13.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҚАҚТАҒАН АҚ КҮМІСТЕЙ КЕҢ МАҢДАЙЛЫ

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. 
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
 
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, 
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды. 
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. 

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 152 | Добавил: Admin | Дата: 13.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП ЕСКЕРМЕДІМ

Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? 
Адамның бір кызығы - бала деген, 
Баланы окытуды жек көрмедім.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 480 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

КҮЗ

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, 
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін, 
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. 
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 217 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҒАДЫ АҢҒА

Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар андығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет. 
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда. 
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, 
Қандыкөз қайқаң кағып шықса аспанға, 
Көре тұра қалады қашқан түлкі 
Құтылмасын білген соң құр қашқанға. 

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 141 | Добавил: Admin | Дата: 11.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҚАРАША, ЖЕЛТОҚСАН МЕН СОЛ БІР-ЕКІ АЙ

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай – 
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп, 
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып, 
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп, 
Шекпен тігер катыны бүрсең кағып.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 253 | Добавил: Admin | Дата: 11.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

КӨҢІЛІМ МЕНІҢ ҚАРАҢҒЫ

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын! 
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.

Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас 
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 312 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ
(А. С. Пушкиннен)


Амал жоқ,- қайттім білдірмей, 
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.

Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 452 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҒАШЫҚТЫҚ, ҚҰМАРЛЫҚПЕН - ОЛ ЕКІ ЖОЛ

Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол, 
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. 
Сенен артықжан жоқ деп ғашық болдым, 
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Көңілімнің рақаты сен болған соң, 
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, 
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 266 | Добавил: Admin | Дата: 09.11.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-21