Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 30.4.2017
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 5512
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 551 552 »

Торжественная линейка, посвященная празднику «Первого звонка»
 Время 9.00
 Место проведения -  двор школы.
 Оформление: - банеры.: « Добро пожаловать», «С праздником!» «Мерекелеріңізбен!», Шары, флажки, подставки под цветы.

 Музықалық жабдықтау: Песни о школе,  Танец «5», Казахский танец.

Жоспары:

1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туды енгізу
4. ҚР әнұранын орындау
5. Қала әкімінің құттықтауы
6. Би
7. Мектеп директорының  бұйрығы
8. Танец «5»
9 Алғашқы қоңырау салтанаты
10. Қорытынды сөз 
11. Оқушыларды мектепке кіргізу. 

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 143 | Добавил: Admin | Дата: 25.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ҚЫЗ СЫРЫ

Көк белдерге шық тұнғанда, 
Шықтым бір күн далаға. 
Күнмен бірге шықтың алдан, 
Шықтың алдан, жан аға.

Қыр астынан шуақ шашып, 
Келе жатты күн шығып. 
Омырауға құлап шашым, 
Қиылып ем қымсынып.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 341 | Добавил: Admin | Дата: 25.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Екі дүние ерегісіп жатқанда,
Сұңқар құлап жартасқа,
Дауыл тұрған шақтарда,
Күшігендер аспанда,
Сай, Жыраны паналап,
Жемтік іздеп баққанда,
Жұмыр жерді аралап кетті бір үн ғаламат. 
Ұшты ақиық Дауылпаз қанатына жүк артқан.
Қалды тобыр мұнартқан,
Сұлулардың иісіне кұмартқан.
Қалды небір кеселдер:
Қорқақ, күншіл, мешелдер,
Бола алмаған көсемдер,
Көбік езу шешендер.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 228 | Добавил: Admin | Дата: 25.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ТАУДАҒЫ КӨКТЕМ

Сай-саланы 
Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай
Көп баладай
Күбір-күбір кеңесті.

Қасқа бұлақ
Тастан құлап
Бара жатыр шапқылап.
Шыңылдаған,
Сыбырлаған
Айқай тастар — саққұлақ.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 310 | Добавил: Admin | Дата: 23.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ҚЫЗ СЫРЫ

Көк белдерге шық тұнғанда, 
Шықтым бір күн далаға. 
Күнмен бірге шықтың алдан, 
Шықтың алдан, жан аға.

Қыр астынан шуақ шашып, 
Келе жатты күн шығып. 
Омырауға құлап шашым, 
Қиылып ем қымсынып.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 209 | Добавил: Admin | Дата: 23.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ЖЫЛ ӨТТІ

Білмеймін, күн өтті ме, жыл өтті ме? 
Баяғы байыз таппас жүрек, міне, 
Күн, айлар, жылдар өтті дүр етті де, 
Бір тамыры болымсыз дір етті де, 
Баяғы жүрек қалды.
Жүрек, міне.

Байғұсым ұзатып сап барлығын да 
Өзі қалды өзінің хандығында.
Кеуде деген керемет сарайының, 
Жаңа жылдық алауын жандыруда. 
Жайлап қана ұзатып барлығын да.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 212 | Добавил: Admin | Дата: 21.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

СЕН СҰРАМА

Мен айтпаймын,
Сен сұрама,
Сұрама сен мен кіммін! 
Жеңетіннен жеңілдім де, 
Жеңбейтінге жеңдірдім. 

Көңіл деген құйты құсты 
Көнбейтінге көндірдім. 
Сенетінге иландырмай, 
Сенбейтінге сендірдім.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 221 | Добавил: Admin | Дата: 21.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ЕГІСТІКТЕ

— Әзер шығып, әлсіреп күн батады, 
Тұмау тиіп қалған ба Күнге тағы?! 
Амандығын сұраспай бір-бірінің, 
Осылай деп екі қарт үн қатады.

Жаз аспаны жабыңқы, түнеріп түр, 
Жатыр дала шаңытып, күреңіп қыр. 
Аузын ашып шөлдеген аңызаққа, 
Сәл-пәл тамшы сараң бұлт жіберіп тұр.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 200 | Добавил: Admin | Дата: 19.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

КЕТЕЙІКШІ БІР ЖАҚҚА

 

Барайықшы жылғаға, 
Барайықшы жылғаға. 
Барайық та жылғаға, 
Тебейікші сырғанақ.

Барайықшы суатқа, 
Шығайықшы қыратқа. 
Шығайық та қыратқа, 
Бөленейік шуаққа.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 244 | Добавил: Admin | Дата: 19.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА

 

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда. 
Сақталушы еді сыбаға, 
Сапарға кеткен ұлдарға, 
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күнгі игі! 
Күні игі жердің — түрі игі. 
Бауыры жылып науат қар, 
Бабымен ғана жібиді. 
Шашылып ырыс шанақтан, 
Шақырып бір үй бір үйді, 
Шаттанушы еді бір игі.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 286 | Добавил: Admin | Дата: 18.12.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 5501-5510 5511-5512