Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 28.3.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

В категории материалов: 21
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ — АҚЫЛ ЗЕРЕК

Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек, 
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. 
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, 
Бұл - қайраттан шығады, білсең керек. 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың едден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. 

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 5561 | Добавил: Admin | Дата: 09.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

КӨКБАЙҒА

Бұралып тұрып, 
Буыны құрып,
Қисайта тартып мұрының; 
Әсемсіп, сәнсіп,
Білгенсіп, бәлсіп,
Әр нәрсенің орынын.
Керенау, кердең, бір керім, 
Жақпайды маған сол жерің.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 2338 | Добавил: Admin | Дата: 08.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ІШІМ ӨЛГЕН, СЫРТЫМ САУ

Ішім өлген, сыртым сау, 
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос — ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?! 

Өз үйінде өзендей 
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбендеп, 
Шабан, шардақ және шау. 

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 3161 | Добавил: Admin | Дата: 08.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ

Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп, 
Ауылдың жаны терең сай, 
Тасыған өзен күрілдеп.

Калың ағаш жапырағы 
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы, 
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 2316 | Добавил: Admin | Дата: 07.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЕСКІЛІК КИІМІ

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен, 
Тон қабаттап кигенім — шидем шекпен. 
Жейде-дамбал ақсаңнан, жарғақшалбар, 
Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 1781 | Добавил: Admin | Дата: 07.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘР НЕГЕ

Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалаң!

Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 3915 | Добавил: Admin | Дата: 06.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.

Ол тілге едік оңтайлы —
Каріпсіз біліп сондайды. 
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 3342 | Добавил: Admin | Дата: 06.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҚЫС

Ақкиімді, денелі, ақсақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жаңды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — кыс келіп, әлек салды. 
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, 
Аязбенен кызарып ажарланды.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 7546 | Добавил: Admin | Дата: 05.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЖАЗҒЫТҰРЫ

Жазғытұры калмайды қыстың сызы,  
Масатыдай құлпырар жердің жүзі. 
Жан-жануар, адамзат анталаса, 
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл кұсымен, 
Жайрандасып жас күлер құрбысымен. 
Көрден жаңа түрғандай кемпір мен шал, 
Жалбандасар өзінің тұрғысымен.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 7254 | Добавил: Admin | Дата: 05.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Кейде есер көңіл кұрғырың, 
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алкынар.

Тарткан бейнет, өткен жас, 
Жүрекгің отын сөндірмес. 
Махаббат — өмір көркі, рас,
Өлген соң ол да үндемес.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 2220 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-21