Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 20.11.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Онегиннің сипаты өлеңі (Абай Құнанбаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

 

ОНЕГИННІҢ СИПАТЫ
(А. С. Пушкиннен)

Жасынан түсін билеп, сыр бермеген, 
Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,
„Дем алысым, құмарым — бір сен“ десе.
Жанын құрбан жолына қылған жансып,
Көз карауы құбылар әлденеше,
Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік, 
Қамыққансыр, кайғырып, орны келсе.
Жай, жаңа кісі болып түк білмеген,
Калжыңын білдіртпейді қалай деген.
Жаның шошыр өрлігі жаннан бөлек,
Кісіге балдан тәтті орны келген.
Биттей бойы босаса, сезер сонда,
Жастық жеңіп, көңілді шайқағанда.
Ғашыққұмар, ақыл мен бойыңды алып,
Жылы жауап есітер не кылсаң да.
Емінер, „әй“ дегізер, дайын кылар,
Жүрегің қалай соқса, пайым қылар.
Жылы ізін суытпас, дамыл көрмес,
Бір оңаша жолығар жер айтқызар.
Ел аулақта оңаша қолына алып,
Көңіліндегі сабағын айтып тынар.
Жасынан көрсе оны ақылы сасқан 
Не сұрқия жандарың жұрттан асқан.
Жеңуге, қор қылуға тағы да ұста,
Өзіне күндес шықса, жол таласқан.
Ажуаға, қорлауға тілі орамды,
Не түрлі тұзақ кұрып көңілін басқан.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (14.11.2016)
Просмотров: 376 | Теги: абай, өлеңдер, онегин | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]