Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі (Абай Құнанбаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҒАДЫ АҢҒА

Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар андығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет. 
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда. 
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, 
Қандыкөз қайқаң кағып шықса аспанға, 
Көре тұра қалады қашқан түлкі 
Құтылмасын білген соң құр қашқанға. 
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.
Қызық көрер, көңілді болса аңшылар. 
Шабар жерін карамай жығылғанға,
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі, 
О дағы осал жау емес қыран паңға.
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмайды ертең таңға.
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап кұйылғанда. 
Жарқ-жұрқметіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға. 
Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар - аппақ, бүркіт – қара, түлкі - қызыл, 
Ұқсайды хасса сұлу шомылғанға.
Қара шашын көтеріп екі шынтақ,
О да бүлк-бүлк етпей ме сыйпанғанда, 
Аппақет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, 
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда.
Күйеуі ер, қалыңдығы сүлу болып,
Және ұқсар тар төсекте жолғасқанға.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (11.11.2016)
Просмотров: 66 | Теги: Қансонарда, абай, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]