Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Санау жүйелері ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.01.2016, 16:25

              Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы
                    Жамбыл атындағы мектеп-лицейі 
Информатика пәнінің мұғалімі Әжібекова ІңкәрСусарқызы

Сабақтың тақырыбы:       Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен      екінші санау жүйесіне      ауыстыру.
Сабықтың мақсаты:
Білімділігі:   
 оқушыларға санау жүйесінің тарихын түсіндіру,    сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылығы:  
оқушы белсенділігін, зейінін, ойлау қабылетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту, ой-қиялын дамыту.
Тәрбиелігі:
білімге құштарлыққа, ұқыптылыққа, алға жетелеуші бәсекелестікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын арттыру;
Сабықтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, компьютер, карточкалар
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдерме! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал енді сабағымызды бастайық. Сыныпты екі топқа бөлеміз 
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды
ІІІ.Жаңа сабақ
Әр түрлі елдің адамдары әр түрлі тілде сөйлегенімен, олардың есептеу тәсілдері бірдей болып келеді. Неге олай? 
Біріншіден, бұл сауда-саттық істеріне байланысты, ертеде-ақ адамдар әр түрлі тауарлар сату-алу кезінде олардың санын есептеу мен жазуды бірдей етіп орындаудың ыңғайлы екенін есептеуді жеңілдететінін байқаған. Адамдар есептеу ісін жүргізген ерте кездерден бастап сандарды жазу керек екені белгілі болды. Заттардың санын мыс, малдар санын есептеуде қатты нәрсе – тас, ағаш, кептірілген балшық беттеріне сызықшалар немесе  таңбашалар салу арқылы жүргізілді.  Сан математикадағы сияқты информатикада да басты негіз. Бірақ математикада сандарды өңдеуге көп көңіл бөлген болса, ал информатикада сандарды ұсыну әдісі ғана емес, сонымен қатар жадының қажетті қорын, жылдамдықты, есептеуде жіберетін қетені анықтайды.Санды көрсету үшін қолданылатын белгілер және ережелер жиынын санау жүйесі деп атайды. Қысқаша айтқанда, санау жүйесі деп сандардың аталу және жазылу әдісін айтады.
Санау жүйесі екіге бөлінеді: позициялық және позициялық емес.

Екілік     0,1
Сегіздік     0,1,2,3,4,5,6,7
Ондық     0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Оналтылық     0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F

1.    12  санын 2 –лік санға айналдыру үшін:
12:2=6 (0)
6:2=3 (0)
3:2=1 (1)  
Нәтижесі: 1100 2  деген екілік сан болып шығады.
2.    12 санын 8-дік санға айналдыру үшін:
12:8=1 (4)
Нәтижесі: 14 8            1*8¹+4*8º=8+4=12 10
3.    65 санын 16 –лық санға айналдыру үшін:
65:16= 4 (1)
Нәтижесі 41 16                     41 16 =4*16¹+1*16º=64+1=65 10

IV. Сергіту сәті (Оқушыларға бүгінгі сабаққа байланысты бір сөзден айту және сол сөзге сөйлем құрау)

V. Ақпараттық диктант
(Оқушыларға бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар қойылады. Оқушылар дәптерге жауаптарын жазады.)
VI. Практикалық тапсырма

1.    Есеп. Ондық санау жүйесінен екілік, сегіздік, оналтылдық санау жүйесіне ауыстыру.


78 10 =100010110 2          
             78 10 = 116 8         
    78 10 = 4Е 16         

89 10 =1011001 2
    89    10 = 1318       89 10 = 59 16


45 10 =1011012
    
45    10 =558    
  45 10 = 1С316

61 10 =1111012    
    61 10 =  758      
                61 10 =   3D 16     


 VII. Сабақты бекіту сұрақтары
- Біз бүгін санау жүйесі туралы ұғым алдық, соларға есептер шығардық. Кім мына электрондық оқулықтағы сұраққа жауап береді екен? – 
Сұрақтар:
1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесі позициялық емес санау жүйесінен немен ерекшеленеді?
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Қандай санау жүйесін білесіңдер?
5. 16 санау жүйесінің ерекшелігі қандай?
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 348 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]