Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі пәнінен глоссарий


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.01.2016, 18:34

Өзара байланыс анализі-бақылаудың бір түрі, оның көмегімен адамдық тәрбиенің, коммуникациясының, ақпарат алмасуының сыртқы көрінісін, коллективке және жеке тұлғаға қарым-қатынасын, келісуі мен келіспеуінің көрінісін зерттейді.
Анкеталау-анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі.
Анкета-толтырған адам туралы мәлімет беретін сұрақ қағазы.
Зерттеу нәтижелерін енгізу және апробациялау-кез келген ғылыми зерттеудің соңғы кезеңі; зерттеу қызметінің соңғы нәтижесі.
Әңгіме-қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын зерттеу әдісі.
Таңдамалы орташа арифметикалық-бар таңдаудың жұп мәндері бойынша анықталатын кейбір өлшемдердің орташа мәні.
Психодиагностика процесіндегі әдістерді таңдау
Мақсаттардан, міндеттерден, болжамдардан зерттеу проблеманың жағдайын зерттеуге мүмкіндік беретін арнайы әдістердің комплексіне келеді.
Жетекші идея-зерттеудің нақты позициясы немесе концептуалды негізі.
Болжам-бірнеше факторлар негізінде объекті, құбылыстың байланысы немесе себептері  туралы қорытынды жасалатын ұсыныс, бұл қорытындыны дәлелді деп айтуға болмайды.
Құжаттық сұхбат- фактілер мен  құбылыстарды нақтылайтын сұхбат.
Дисперсионды анализ-қарастыратын объекті кездейсоқ шамалардың дисперсиясы болып келетін математикалық-статистиаклық анализ әдістерінің жинағы.
Дискретті бақылау-бақылау объектісі уақыт ішінде ұзақ дамитын кезде қолданылатын бөлінетін бақылау.
Дидактикалық бақылау-бақылау объектісі ретінде оқу процесі толығымен қолданылады.
Дисперсия-осы таңдамалыда жеке мәндердің орташа шамадан қаншалықты бөлінетінін сипаттайтын статистикалық шама.
Сенімділік пен тиянақтылық-жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын анықтайтын критериилер.
Тапсырмалар-ұйымдастырудың кезекті кезеңдері және зерттеуді басынан аяғына дейін өткізу.
Жабық анкеталар ұсынылған формада ғана бір немесе бірнеше  жауаптарды таңдау.
Жабық бақылау-бақылаудың көрінбейтін немесе құпия процесі.
Практика және әдебиет проблемасымен байланысты зерттеу -бұл кезең ғылыми, әдістемелік, арнайы әдебиеттің анализін, сол проблеманың дайындық жағдайын анықтау мақсатында практикалық тәжірибені зерттеуді болжайды.
Зерттеу көздері-ғылыми және арнайы әдебиет, мұрағаттық құжаттар мен қызмет өнімдері.
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу-мұғалімнің педагогикалық міндеттерін атқару кезінде қолданатын кәсіби біліктілігінің деңгейін, педагогикалық қызметінің нәтижелерін көрсететін әдіс.
Сұхбат-ауызша сұрақ қою арқылы ақпарат алу әдісі.
Пікірлер сұхбаты адамдардың қандай да бір құбылысқа арақатынасын анықтауға бағытталады.
Сұхбаттасу-әңгіменің бір түрі; зерттеуші алдын ала дайындалған сұрақтарды ғана қояды.
Құжаттарды зерттеу-білім процесіндегі қалыптасқан практиканы сипаттайтын зерттеушіні кейбір объективті мәліметтермен қамтитын әдіс.
Конференция-тәжірибені жинақтау және зерттеу формасы. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетпен танысады және өздері мен әріптестерінің тәжірибесін талқылайды.
Корреляционды анализ-корреляция коэффициенттерін зерттеу және есептеумен байланысты математикалық-статистикалық анализдің әдісі.
Дөңгелек үстелдер-нақты проблема бойынша пікір алмасуды бейнелейтін педагогикалық тәжірибені зерттеу формасы.
Контент-анализ-текстік және сөздік хабарламалардағы ақпараттың бағасын сипаттайтын және шығаратын әдіс.
Медиана-берілген белгінің шамасы бойынша нақтылайтын таңдауды бөлетін зерттелетін белгінің мәні.
Тәжірибе мәліметтерін алғашқы статистикалық өңдеу әдісі-бұл оның көмегімен тәжірибедегі өлшеулердің нәтижесін бейнелейтін көрсеткіштерді алуға болатын әдіс.
Тәжірибе нәтижелерін екінші рет статистикалық өңдеу әдісі-бұл оның көмегімен алғашқы мәліметтер негізінде ондағы жасырын статистикалық заңдылықтарды көрсететін статистикалық өңдеу әдісі.
Педагогикалық зерттеу әдісіЗерттеу нәтижесі эмперикалық деңгейде тәжірибе жинағында, ережелер тұжырымдамаларында, олардың анализі мен жүйелеуінің фактілерін алуда көрініс табады.
Зерттеу әдістері-зерттеу қызметінің мерзімдері, негізгі кезеңдері.
Методологиялық және теориялық негіз-зерттеу негізінде жатқан негізгі теориялық және методологиялық жағдай.
Өзін-өзі бағалау әдісі-тұлғаның өзін өзі, өзінің басқа адамдар ішіндегі мүмкіндіктерін, қасиеттерін және орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі-зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық байланыстарды орнататын тәсіл.
Тәуелсіз сипаттамаларды жинақтау әдісі-бақыланған адамға әр түрлі адамдар баға беретін тиімді әдіс. 
Сән-таңдамалыда жиі кездесетін зерттелетін белгінің сандық мәні.
Монографиялық бақылау өзара байланысты әр түрлі шамадағы сандарды қамтиды, олардың дамуын бақылайды.
Моделдеу-педагогикалық процесс туралы теориялық түсінік. Модель педагогикалық процестің қызметінің шарттарын, байланысын, элементтер жүйесін бейнелейді.
Бақылау-процесс нәтижесінде зерттеуші нақты мәліметтер алатын белгілі бір педагогикалық құбылыстың мақсатқа бағытталған көрінісі.
Ғылыми жаңалық-бұрын ешкім зерттемеген алғаш рет алынған нәтижелер.
Тура бақылау
Зерттеуші бақылау кезінде көрген фактілерді тура тіркейді.
Үздіксіз бақылау педагогикалық құбылыс бірге және қысқа уақыт аралығында өтетін кезде болуы мүмкін.
Стандартталмаған сұхбат зерттеуші алдын ала қойылатын сұрақтарды дайындайды, алайда әңгіме барысында оны өзгерте алады.
Шолыма-сыни зерттеу
Зерттеуде проблема бойынша жасалған қорытындылардың сыны толығымен және анық көрсетіледі.
Шолыма-аналитикалық зерттеу
Зерттеу өңделген мәліметтерді, әдебиетті тақырып бойынша зерттеу және сұрыптау көрсетіледі. 
Ашық бақылау
Зерттеуге оны қызықтыратын құбылыстың барлық жақтарын қамтуға мүмкіндік береді.
Ашық анкеталар-жауаптардың саны мен сипаты, олардың түрі мен формасы  алдын ала дайындалмаған анкета.
Мерзімі ұзартылған бақылау-объектіні белгілі интервал арқылы бақылау, сонымен қатар педагогикалық процестің жеке нәтижелерінің көрінісін бақылау.
Бағалау/Рейтинг-берілген шкала бойынша белгілі бір құбылысқа субъективті баға беру.
Бағалау/Рейтинг-арнайы адамдардың көмегімен тұлғаның қасиеттерін бағалау шкаласы.
Зерттеу объектісі-бұл проблемелық жағдай тудыратын құбылыс немесе процесс.
Педагогикалық тәжірибе-белгілі бір әдістің, оның педагогикалық тиімділігін анықтауға арналған жұмыс тәсілінің  арнайы дайындалған тексеруі.
Педагогикалық жағдай-адамның қасиеттері туралы, оның сипатталған педагогикалық жағдайдан жол табуын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.
Педагогикалық бақылау-оның ұзақ мақсатқа бағытталған көрінісіне негізделген педагогикалық процестің танымдық әдісі.
Педагогикалық экспедиция-мақсаты қысқа мерзімді көптеген мектептер немесе басқа тәрбие мекемелерінің белгілі бір проблема бойынша нақты мәліметтер алу немесе озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және комплексті зерттеу.
Педагогикалық оқулар мұғалімнен жинақтаудың жоғары деңгейін, эмперикалық тәжірибенің анализін талап етеді.
Ізденушілік бақылау зерттеушіні қызықтыратын құбылыстар мен фактілерді іздеу мақсатында қолданылады.
Жобалық әдістеме-жоба нәтижесін психологиялық интерпретация негізінде тұлғаны толығымен зерттеу әдістемесінің жинағы.
Проблема-арнайы тәжірибелік ғылыми зерттеу өткізусіз жауап табу мүмкін емес және шешім табуды талап ететін өмірлік маңызы бар актуалды мәселе.
Қайшылық-дамудың қозғаушы күші; зерттеудегі карама-карсы жақтардың болуы.
Зерттеу заты-бұл объектілер шекарасындағы объектінің нақты қасиеттері, олардың арақатынасы, объектілер мен қасиеттердің белгілі бір жағдайда тәуелділігі.
Жартылай жабық анкеталар-респондентке бір немесе бірнеше жауаптар беріледі.
Тәжірибені тұжырымдайтын әдістемені жасау
Нақты болжамдарды дәлелдеуге қажет әдістемелерді таңдау және апробациялау. Мұндай әдістемелер сенімді, дәлелді, зерттелетін құбылыстың жағдайын өзгертуге, немесе білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін болуы керек.
Жоспарды жасау және тәжірибені өткізу бағдарламалары
Ғылыми болжамдарды тексеру мақсатында қойылған сұрақтарға дәлелді жауаптар алу үшін тәжірибе бағдарламасы мен жоспары жасалады. Жоспар мен бағдарлама көбіне жүргізілетін зерттеудің негізгі кезеңдері анықталатын хаттық құжаттар болып келеді. 
Регресионды анализ-көптеген жеке тәуелділіктерді өзгермелі және олардың үздіксіз сызықтық тәуелділігінің жеке мәні арасындағы тәуелділікті анықтауға мүмкіндік беретін математикалық статистика әдісі.
Өзін бақылау-өзін өзі бақылау.
Стандартталған сұхбат нақты кезекпен көрсетілген сұрақтардан тұрады.
Арнайы бақылау-бұл зерттелетін құбылыстың суретін аналитикалық қарастыруға әкелетін саты.
Социометрия-топтағы өзара тұлғалық қарым-қатынастардың құрылымын сандық және графикалық көрсетуге мүмкіндік беретін әлеуметтік психология әдісі.
Шығармашылық семинарлар-озат педагогикалық тәжірибе мәселелері қаралатын педагогикалық тәжірибені зерттеу формасы. Бұл формаға өткізу кезіндегі ерекшелік тән.
Теориялық зерттеу
Әдебиеттің шолуы мен сынау анализінен басқа сол проблеманы шешуге бағытталған автордың теориялық шамалауы кіреді.
Тестілеу-тұлғаның индивидуалды-психологиялық қасиеттерін, білімдерін, дағдыларын белгілі шамада өлшеуге арналған стандартталған тапсырманы өзіне қосатын әдіс.
Зерттеу болжамдарын тұжырымдауды нақтылау
Болжам проблема тұжырымынан шығады және өткізілген тәжірибеде дәлелдеуді қажет ететін кейбір қаулылар болады. Жалпы болжамнан кейін оның мазмұнын ашатын нақтылаушы, жеке, деталдық, болады.
Арнайы маманданған бақылау зерттелетін бір құбылыстың оның өз шекарасында көрініс беруін көрсетеді.
Факторлық анализ-кездейсоқ корреляциондық шамалардың анализіне негізделген және кездейсоқ шамалардың топтарын шығаруға бағытталған математикалық статистика әдісі немесе процедурасы. Мұндай әдіспен шығатын корреляцияның математикалық-статистикалық негізі фактор деп аталады.
Жеке әдістемелік бақылау-ғылыми көріністің объектісі нақты оқу процесі болуы мүмкін.
Мақсат-зерттеудің қажетті соңғы нәтижесі.
Зерттеудің кезеңдері мен процедуралары-бұл теориялық болжамдар мен практикалық ұсыныстардың тиімділігіне қатысты шынайы ақпарат алуға мүмкіндік беретін психология мен педагогикадағы зерттеу.
Эмперикалық түсіндірмелі зерттеу
Алынған фактілерді анализдеу мен жинақтау ғана емес, сонымен қатар оларды түсіндіру.
Эмперикалық сипаттамалық зерттеу
Бұл зерттеуде тәжірибе жолымен аз зерттелген құбылыстар мен объектілердің жаңа фактілері сипатталады және алынады.
Адекватты-тепе-тендік немесе пара-пар.
Азаматтық болмыс- адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және 
жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. 
Биологизаторлық бағыт-адамның табиғи жетілуінің барысында дене құрылымы мен рухани қасиеттерінің қалыптасуы.
Педагогика-тәрбиелеу, жетектеу, бағу.
Педагогикалы эксперимент-арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті.
Психоаналитикалық бағыт- жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды.
Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі. 
Түсіндіру-тәрбиеленушіге эмоционалды сөзді әсер ету әдісі.
Гуманистік-адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау
Технология-материалды өндеудің тәсілдері мен құралдары туралы білімнің жиынтығы.
Дидактика-грек сөзі, білім беру мен оқытудың теориясы. 
Даралық-бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен   
өзгешелігі.       
Даму- жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі.        
Дәстүрлер-тәрбиеленушілерді эмоцианалды қабылдайтын әдет-ғұрып,  
Ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формасы.      
Демократизм-ересктер мен балалар арасындағы рухани қатынастар 
теңдігін қалыптастыру.      
Диффериенцалдық қатынас-әрбір пәннің ерекшелігін, жекеленген   
бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған 
сәйкес бақылау дың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп 
сақтауын талап етеді.Жеке адам-адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке-дара қатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалау.
Креативтік-бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы.
Қалыптасу-жеке адам дамуының нәтижесі ретінде кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иеленуі.
Мақсаттық принципі-оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсаттылығы, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін үйлестіріп, ұйымдастырып жоспарлы түрде өткізу.
Мектептің өмірімен байланыс принципі-мектеп тәрбие мен білім беру ісін қоғамдық өмірімен байланысты жүзеге асыру.
Мораль-адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі.
Ғылымдық принципі-оқушының таным қабілетін дамуына, жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал жасау.
Ретроспективтік-халықтық педагогика дәстүрлері негізінде жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу.
Түсініктілік принципі-жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге көшу, оқушының таным процесін бірте-бірте үйрету арқылы нақты фактілерден жалпы қорытындыға  көшу ұғымы.
Жүйелік және бірізділік принципі-оқу материалын бірізділікпен белгілеп жүргізу. 
Сапалық пен бірізділік – білімді саналылықпен белсене қабылдап, өмірмен байланыссын тереңдете отырып оқыту
Көрнекілік пинципі-сабаққа оқушының дүние танымыны негізінде оқуды көрнекілік арқылы жүзеге асыру
Бағыттылық принципі-жеке адамның жан-жақты дамуына оқыту мен тәрбиені үйлесімділігіне ықпал жасау
Оқыту процесінің формасы: 
1.Білім беру 
2.Тәрбие беру 
3.Дамытушылық 
Эстетикалық сұхбат-тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір аалысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі әдіс түрі.
Субьект(әрекет иесі) –белгілі зат жөніндегі ой .
Предикат(р)-заттың жаңа белгісі жөніндегі ой 
Бейімделу (адаптация)-тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті.Тарбиелену және оку барысында байланыста қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады.
Библиография-басылымдарды оқырмандардың саяси,ғылыми тәрбиелік мақсатта тиімді пайдалануы үшін хабар беруді қамтамассыз ету жолдарын зерттейді Библиография әдебиеттердің басылып шығу мерзіміне , аймақтық белгісіне мемлекет, өлкелік жергілікті т.с.с. тақырыптық ауқымына қарай болінеді.
Болжам(гипотеза)-құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі
Ғылыми абстрактілеу(научная абстракция)-заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, турі.
Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі.
Инновация педагогикалық (жаңаны енгізу)- білім беру ортасына оның жеке бөліктерін,компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін,мақсатты көздейтін өзгеріс.
Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру.
Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне қосу.
Түбірлі инновация– мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.
Модуль - бір ғана оқу пәннің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Педагогикалық технология – оқытуда пайдаланылатын материалдық және идеалдық (білімдер) құралдар жүйесі және осы жүйені қолданысқа енгізу тәсілдері (Е.И.Машбиц).
Технология – (грек-techne-өнер, шеберлік, іскерлік және логия – ілім, білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)  
Оқыту моделі – адам оқыту процесінің негізіне алынған модель.Оқыту моделінің екі типін қарастырады-дескриптивті және нормативті.Оқытудың дескриптивті моделі адам оқитын іс-әрекет рпоцесін сипаттау негізінде құрылады.Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып беріледі. Нормативті типтегі оқытуды – мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Моделдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зертеу әдісі. 
Конъюнкция (лат.conjunction- одақ байланыс) ережесінде қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады.
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының элементі бар студенттің өзіндік оқу еңбегінің бір түрі. 
Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру.
Ақиқат фактілері – бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.
Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары.
Бақылау – зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы.
Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады.
Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.
Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуі.
Дедуктив әдіс – жалпы пікірден жеке қорытынды жасау. 
Реферат  – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны.
Конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар.
Аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнын қысқаша ақпар жазу.
Сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1445 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]