Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Аралас [ Добавить материал ]

Металл кескіш жабдықтардың топталуы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

07.12.2015, 21:39

Металл кескіш жабдықтардың топталуы

Металдарды шабу деп - дайындамадан металл қабаты бөлінін алынатын немесе дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы аталады. Крейцмейсель немесе шапқының жұмыс (кескіш) бөліктерінің пішіндеріне сәйкес сынаның әсері, металдарды шабудың физикалық негізі болып табылады. Металдарды шабу операциясы дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе тиімсіз болған жағдайда қолданылады. Металдарды шабу арқылы дайындаманың бетін тегістеуге, оның бетіндегі қатты қабатты шабуға, бөлшектердің үшкір жиектерін өңдеуге, жырықшалар мен ойықтарды алуға, қалыңтыр металдарды бөліктерге бөлуге және т.б. болады. Металдарды шабу, әдетте, қысқыштардың көмегімен жүргізіледі. Қалыңтыр металдарды бөліктерге шауып бөлуді тегіс металл плиталардың үстінде жүргізуге болады. Металдарды шабу кезінде негізгі кескіш аспаптар ретінде крейцмейсель немесе шапқы, ал соғу аспабы ретінде балға қолданылады. Ұсталық шапқы (1 сурет) - бұл аспапты көміртекті болаттан дайындалған стержень. Ол үш бөліктен тұрады: 1 - соғатын бөлігі; 2 - ортаңғы бөлігі; 3 - жұмыс (кесу) бөлігі. Шапқының соғатын бөлігі жоғары қарай жіңішкеріп, ал төбесі дөңгеленіп жасалған. Шапқының ортаңғы бөлігі шабу кезінде ұстауға арналған. Жұмыс (кесу) бөлігі сына тәрізді. Сынаның үшкірлеу бұрышы өңделетін материалдың қаттылығына байланысты таңдалып алынады. 1 сурет – Ұсталық шапқы: 1 - соғатын бөлігі; 2 - ортаңғы бөлігі; 3 - жұмыс бөлігі; 4 - кесу жиегі Кеңінен қолданылатын материалдарды шабуға ұсынылатын сынаның үшкірлеу бұрыштарының мәндері: - қатты материалдар үшін (қатты болат, шойын) ¬- 70 о; - қаттылықтары орташа материалдар үшін (болаттар) - 60 о; - жұмсақ материалдар үшін (мыс, жез) - 45 о; - алюминий қорытпалары үшін - 35 о. Шапқының соғатын және кесетін бөліктері термиялық (шынықтыру, жұмсарту) өңделеді. Шапқының шынықтырылу дәрежесін егеу арқылы анықтауға болады. Ол үшін егеуді шапқының шынықтырылған бетімен жүргізеді. Егер егеу шапқының бетімен «сырғанайтын» болса, онда ол жақсы шынықтырылған. Крейцмейсель - шапқыға үқсас аспап, айырмашылығы, оның кесу жиегі жіңішке. Крейцмейсель жіңішке ойықтар мен жырықшаларды шабуға арналған. Крейцмейсельмен металдардың қалың қабатында бірнеше жырықшалар ойылып, олардың арасындағы металды шапқымен шабады. Әр түрлі пішінді ойықтарды шабу үшін арнаулы крейцмейсельдер қолданылады. Олардың айырмашылығы тек кесу жиегінің пішінде ғана. Ұсталық балғалар Металдарды шабу кезінде екі түрлі балғалар қолданылады: соғатын бөлігі дөңгелек және квадрат пішінді. Балғаның негізгі сипаттамасы оның салмағы болып табылады. Металдарды шабу үшін салмақтары 400-600 г балғалар қолданылады. Балғалар көбінесе аспапты көміртекті болаттардан дайындалады. Балғаның жұмыс бөліктері (дөңгелек немесе квадрат соғатын бөлігі және сына тәрізді екінші жақ бөлігі) термиялық өңдеуден өткізіледі. Балғаларды ағаштардың қатты түрлерінен(қайың, емен, қара ағаш, тобылғы және т.б.) және синтетикалық материалдардан дайындалған саптарға бекітеді. Саптардың көлденең қимасы сопақ, овал тәрізді және бос ұшына қарай жуандайды. Олардың кіші көлденең қимасының үлкен көлденең қимасына қатынасы 1:1,5 тең. Саптың балға отырғызылған ұшы ағаш немесе металл сыналармен бекітіледі. Металдарды шабу кезінде денені дұрыс ұстаудың (жұмыс істеушінің денесі мен аяғын ұстауы), кескіш аспаптарды дұрыс ұстаудың және балғамен соғуды орындау техникасының маңызы зор. Балғамен соғу кезінде дененің ауырлық центрі тұрақты болуы керек. Ол үшін жұмыс істеушінің денесі тік және қысқыш осіне 45 о шамасында жартылай бұрылып, табандарының ось сызықтары 40 о болатындай сол жақ аяғы жарты қадам алға қарай тұруы керек (2 сурет, а, г). Шапқыны оның соғатын бөлігінің шетінен 15-20 мм төмен, ортаңғы бөлігінен ұстау керек. Шапқының кесу жиегі жаңқа алынатын сызыққа (кесу сызығы)қойылады. Шапқының бойлық осі өңделетін металдың бетіне 30-35 о бұрышпен, ал қысқыштың бойлық осіне 45 о бұрышпен орналасқаны дұрыс (2 сурет, б, в). Балғаны, оның сабының шетінен 15-20 мм төмен, оң қолмен ұстайды. Балғаның сабын барлық саусақтармен қатты қысып, шапқының соғатын бөлігінің тең ортасынан қатты соғу керек. Балғамен соғуды орындау білектің, шынтақтың немесе иықтың көмегімен болуы мүмкін (2 сурет, д, е, ж). Білектің көмегімен соғу кезінде балғаны серпу тек оң қолдың білегі арқылы іске асады. Мұндай соғу тек металдарды өте дәл шабу немесе жұмсақ металдың жұқа қабатын алу кезінде қолданылады. Шынтақтың көмегімен соғу кезінде оң қол шынтақтан бүгіледі. Қатты соққы алу үшін оны тез жазады. Бұл әдіс шабу кезінде өте жиі қолданылады. 2 сурет – Шабуды орындау техникасы: а - жұмыс істеушінің денесін ұстауы; б - шапқының өңделетін бетке көлбеулігі; в - шапқының қысқыштың бойлық осіне көлбеулігі; г - жұмыс істеушінің аяқтарының орны; д - білектің көмегімен соғу; е - шынтақтың көмегімен соғу; ж - иықтың көмегімен соғу Иықтың көмегімен соғу кезінде жұмысқа оң иық және оң қолдың білегі қосылады. Бұл әдісте, балғаны жоғары қатты серпіп қайта түсіргенде, соққының күші ең көп болады. Иықтың көмегімен соғу металдардың қалың қабатын шабу үшін қолданылады. Соққының күші жұмыстың түріне сәйкес болуы керек және балғаның салмағы мен сабының ұзындығы ескеріледі. Балғаның салмағы ауыр және сабы ұзын болса, соққының күші де көп болады. Қысқыштарда металдарды шабу үшін берік және салмақты қысқыштар қолданылады. Шабу қысқыштың бетімен бірдей немесе одан жоғары деңгейде жүргізіледі. Қысқыштың бетімен бірдей деңгейде жұмсақ, жіңішке, қалыңтыр металдар, ал одан жоғары дейгейде жалпақ бетті дайындамалар шабылады. Морт материалдарды (шойын, қола) шеті жарылып, сынып кетпес үшін, шетінен ортасына қарай шабады. Шабудың соңында балғаның шапқыны соғу күші азайтылады. Металл бетінің қалың қабатын бірден түгелдей шабуға тырысудың қажетті жоқ. Ол біріншіден көп уақытты алады, ал екіншіден шабылған беті тегіс болмайды, брак болуы да мүмкін. Мысалы, қалыңдығы 4 мм қабатты екі рет 2 мм-ден шабуға болады. Металдарды шапқымен шауып бөлу металл төстің немесе плитаның үстінде жүргізіледі. Бұл кезде шапқы вертикаль бағытта қойылады. Шабу кезінде шапқыны жылжытқанда, оның кесу жиегінің шамалы бөлігі шабылған ойықта қалып отыруы керек. Сонда шабылған бет тегіс болады. Металдарды шабу кезінде кескіш аспаптар мұқалып, өтпей қалуы мүмкін. Соңдықтан, оларды қайрап, қалпына келтіріп отыру керек. Қайрау кезінде кескіш аспаптардың кесу жиектері қатты қызып кетпес үшін, оларды қайраққа немесе ажарлау шеңберлеріне күшпен қысып жақындатуға болмайды. Сол сияқты, қайралатын бөлігін 5 % сода бар суға әлсін-әлсін суытып отыру керек. Кесу жиектерінің қайралу бұрыштары 70 о, 60 о, 45 о және 35 о ойықтары бар арнаулы шаблондардың көмегімен тексеріледі. Металдарды шапқымен немесе крейцмейсельмен шабу кезінде келесі техника қауіпсіздік ережелерін орындау керек: - қорғағыш көзілдіріктерді пайдалану; - қолды балғамен ұрып алмау үшін (әсіресе жаңа үйрену кезінде) шапқыға сақтандырғыш резина шайбасын кигізу қажет; - қатты және морт материалдарды шабу кезінде жұмыс орнын арнаулы торлармен немесе қалқандармен қоршау керек; - тек жұмысқа жарамды аспаптармен жұмыс істеу керек. Металдарды кесу Бөлшектердің немесе дайындамалардың материалдарына, пішіндеріне және өлшемдеріне байланысты, оларды кесу қол немесе механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Оларға тістеуіктер, қол және электр қайшылары, қол және пневматикалық аралар, құбыр кескіштер және т.б. аспаптар жатады. Жұқа қалыңтыр материалдар мен сымдарды кесуге арналған қайшылар мен тістеуіктердің жұмыс істеу принципі екі кескіш пышақтардың қысыммен бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарына негізделген. Тістеуіктердің кесу жиектері барлық ұзындықтары бойынша бір уақытта беттеседі, ал қайшылардың кесу жиектері бір жақ шетінен бастап, біртіндеп қиылысады. Тістеуіктер мен қайшылар, бір-бірімен шарнирлі қосылған, екі рычагтан тұрады. Оның қысқа жағы кескіш пышақтар, ал ұзын жағы қолмен ұстайтын тұтқаның ролін атқарады. Тістеуіктерді сымдарды кесу үшін қолданады. Олардың кесу жиектерінің үшкірлеу бұрыштары кесетін материалдардың қаттылықтарына байланысты өзгеріп отырады. Көптеген тістеуіктердің үшкірлеу бұрыштары 55-60 о тең. Қол қайшылары (3 сурет, а, б және в) қалыңдықтары 1,5 мм-ге дейінгі түсті металдар және 0,5-1,0 мм болат табақтарын кесуге арналған. Олар кесу пышақтарының құрылыстарына байланысты келесі түрлерге бөлінеді: - металдарды тік сызық немесе радиусы үлкен шеңбер бойымен кесуге арналған - тік қайшылар (3 сурет, а); - кесу пышақтарды жіңішке-саусақты қайшылар (3 сурет, б); - металдарды радиусы кіші шеңбер бойымен кесуге және табақты металдарда тесіктерді оюға арналған - қисық қайшы (3 сурет, в); - өлшемдері үлкен және қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металдарды кесуге арналған - столға бекітілген қайшы (3 сурет, г); - қалыңдықтары 4 мм-ге дейінгі болаттарды және 6 мм-ге дейінгі түсті металдарды кесуге арналған - рычагты қайшы (3 сурет, д). а д б в г 3 сурет – Қолмен кесетін қайшылар: а - тік қайшы; б - саусақты қайшы; в - қисық қайшы; г - столға бекітілген қайшы: д - рычагты қайшы (1 - төменгі пышақ; 2 - рычаг; 3 - жоғарғы пышақ; 4 - белгі; 5 - кесілетін металл) Кесу пышақтарының орналасуларына байланысты қайшылар оң және сол болып екіге бөлінеді. Оң қайшылардың астыңғы пышақтарының қиғаш кесу жиектері оң жақта, ал сол қайшыларда сол жақта орналасқан. Ауыр және көлемді металдары кесу процесін механикаландыру үшін электр қайшылары қолданылады. Электр қайшылары (4 сурет) электр қозғалтқыштан 1, эксцентрикті 7, редуктордан 4 және тұтқадан 2 тұрады. Эксцентриктің ілгерілемелі - кейінді қозғалысы жоғарғы пышаққа 6 беріледі. Төменгі пышақ 8 бекіткішке 5қатты бекітілген. Қол аралары (5 сурет) дөңгелек немесе әр түрлі пішіндегі қалың металдарды кесуге арналған. Қол араларымен ойықтарды, шлицаларды оюға, дайындамаларды контур бойымен кесуге және т.б. жұмыстарды орындауға болады. Араларды бекітетін станоктардың екі түрі бар: - тұтас - бір ұзындықтағы араларды бекітуге арналған; - жылжымалы - ұзындықтары әр түрлі араларды бекітуге арналған. Аралар - бір жақ қырында тістері бар жіңішке және жұқа пластинадан тұрады. Олар аспапты немесе тез кескіш болаттардан дайындалады. Аралардың ұзындықтары көбінесе 250-300 мм болып келеді. Араның әрбір тісінің пішіні сына тәрізді. Оның артқы бұрышы a, үшкірлеу бұрышы b, алдыңғы бұрышы g және кесу бұрыштары d=a+b бар (5 сурет, б). 4 сурет – Электр қайшысы: 1 - электр қозғалтқыш; 2 - тұтқа; 3 - ажыратқыш; 4 - редуктор; 5 - бекіткіш; 6 - жоғарғы пышақ; 7 - эксцентрик; 8 - төменгі пышақ 5 сурет – Қол арасы: а - құрылысы (1 - рама; 2 - құлақты гайка; 3 - тарту-винтінің қалпақшасы; 4 - кескіш ара; 5 - штифт; 6 - тұтқа); б - қайрау бұрыштары; в - «тіс бойынша» тістерді тарату; г - «сырық бойынша» тарату Кесілетін материалдардың қаттылықтарына байланысты олар келесі мәндерге тең болады: a=35-40 о, b=43-60 о, g=0-12 о. Қатты материалдарды кесу кезінде үшкірлеу бұрышының мәні үлкен, ал жұмсақ материалдарды кесу кезінде үшкірлеу бұрышының мәні кіші болуы керек. Кесілген тіліктің ені араның енінен шамалы үлкен болуы үшін, оның тістерін «тіс бойынша» немесе «полотно бойынша» екі жаққа ажыратын таратады (5 сурет, в және г). Бұл кесу процесін жеңілдетеді және араның металға қысылып қалуын болдырмайды. Металдарды қайшымен және арамен кесу Металдарды қолмен кесу кезінде қайшыны оң қолдың алақаны мен саусақтарының арасына қысып ұстау керек. Бір саусақ (көбінесе сұқ саусақ) тұтқалардың арасында болған дұрыс: онымен төменгі тұтқаны қажетті бұрышқа ашады. Қайшыны кескіш пышақтарының ұзындығының 2/3 бөлігіне ғана ашқан дұрыс. Кесілетін металды сол қолмен ұстап, қайшының кесу жиектерінің арасына, жоғарғы пышақ белгі сызығының ортасында жататындай етіп, бағыттау керек. Содан кейін, саусақтармен тұтқаны қысу арқылы кесу жүргізіледі. Металдарды түзу сызық және шеңбер бойымен кесу кезінде, белгі сызығы дұрыс көріну үшін, оң қайшыларды қолданған дұрыс. Металдарды рычагты қайшылармен кесу кезінде фиксатордан босатылған рычаг жоғары көтеріледі, ал кесілетін металл пышақтардың арасына перпендикуляр бағытпен орналастырылады. Сол қолмен металды ұстап, оң қолмен рычагты төмен басу арқылы кесу іске асырылады. Металдарды электр қайшылармен кесу - оны электр желісіне қосып, бос жүрісте тексеруден басталады. Қайшыны оң қолмен ұстаған дұрыс, сұқ саусақ электр ажыратқыштың үстіне қойылады, ал кесілетін металды сол қолмен ұстау керек. Қайшының пышақтарын белгі сызығына келтіріп, ажыратқыштың көмегімен электр қозғалтқышты қосу арқылы металдарды кесуге болады. Металдарды арамен кесу кезінде алдымен араның өзі таңдалып алынады. Оны рамаға бекіткенде, тістерінің бағыты тұтқадан кері бағытталған дұрыс. Кесілетін металл немесе дайындама қысқышқа бекітіледі. Кесу кезінде майысу немесе діріл туғызбас үшін, олардың кесетін жері қысқышқа неғұрлым жақын орналастырылады. Араның тұтқасын оң қолмен, ал рамасын сол қолмен ұстау керек (6 сурет, а). Араны металл бетімен горизонталь бағытта ілгері-кейінді жылжыту арқылы металдарды кесуге болады. Араны ілгері бағытта (жұмыс жүрісі) жылжытқанда сәл төмен басу керек, ал кейін жылжытқанда, (бос жүрісі) тістері тозбау үшін, сәл жоғары көтерген дұрыс. Жұқа қалыңтыр материалдар мен мыс түтіктерді екі ағаштың арасын қысып бекітеді. Бұл олардың майысуын және діріл туғызуын болдырмайды. Кескен кезде ағаштармен бірге кеседі. Ұзын бөлшектерді кесу үшін араның рамасы 90 о бұрышпен бекітіледі. (6 сурет, в). 6 сурет – Металдарды арамен кесу: а - жұмыс істеушінің денесін және араны дұрыс ұстауы; б - аяқтарының орны; в - рамасы 90 0 бұрышқа бұрылып бекітілген арамен жұмыс істеу Металдарды кесу кезінде келесі техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек: - рамаға қатты немесе бос керіліп тартылған арамен жұмыс істеуге болмайды: бұл араның сынып, қолды жарақаттауға әкеп соғады; - металдардың ұсақ жаңқаларын үрлеп немесе қолмен тазалауға болмайды, ол үшін сыпырғыш-щетканы қолдану керек; - металдарды кесуді аяқтардың алдында дайындаманың кесілетін бөлігін бір қолмен ұстау қажет; - қалыңтыр материалдарды қайшымен кесу кезінде, қолды жарақаттап алмау үшін, қорғағыш қолғаптар киген дұрыс; - электр қайшыларымен жұмыс істегенде электр қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс; - жұмыс орнында керек емес аспаптар мен артық құралдар болмауы керек. Металдарды егеумен өңдеу Егеулердің көмегімен дайындама бетінен бір қабат материалды алу тәсілі - металдарды егеулеу (түрпілеу) деп аталады. Егеу-дайындама немесе бөлшектің өңделетін бетінің кедір-бұдырлылығын азайтып, жоғары дәлдігін қамтамасыз ететін, көп жүзді аспап. Егеулеу арқылы бөлшектердің қажетті пішіні мен өлшемдерін және бет тазалығын алуға болады. Егеулердің көмегімен жазық беттерді, қисық сызықты беттерді, әр түрлі пішіндегі ойықтарды және түрлі бұрыштармен орналасқан беттерді өңдеуге болады. Егеулеуге қалдыратын бөлшектердің артық өлшем шамасы(әдіп) 0,5-0,025 мм аралығында. Өңдеу дәлдігі 0,2-0,05 мм, кейбір жағдайда 0,005 мм-ге дейін. Егеу (7 сурет, а) - белгілі пішін мен ұзындығы бар, болаттан жасалынған аспап. Оның жұмыс бетінде тіліктер (ойықтар) бар. Осы тіліктер өте ұсақ, сына тәрізді, өткір тістерді құрайды. Егеудің тістерінің үшкірлеу бұрышы b=70о, алдыңғы бұрышы g=0-16о, артқы бұрышы a=32-40о аралығында болады. Егеулер бір(қарапайым) тілікті, қос тілікті, нүктелі тілікті және доғалы тілікті болып бөлінеді (7 сурет, б-д). 7 сурет – Егеулер: а - негізгі бөліктері (1 - тұтқа; 2 - артқы бөлігі (құйрықшасы); 3 - сақина; 4 - бос бөлігі (өкшесі); 5 - қыры; 6 - тіліктері; 7 - қабырғасы; 8 - тұмсығы); б - бір тілікті; в - екі (қос) тілікті; г - нүктелік (рашпильді) тілікті; д - доғалы тілікті; е - тұтқаны отырғызу тәртібі; ж - тұтқаны егеуден шығару тәсілі Бір тілікті егеулер металл бетінен тіліктің барлық ұзындығына тең жалпақ жаңқаны бөліп алады. Оларды жұмсақ металдарды егеулеу үшін қолданады. Қос тілікті егеулер - болаттарды, шойындарды және басқа қатты металдарды егеулеуге арналған. Олардың жұмыс беттерінде бір бірімен қиылысып орналасқан тіліктер металл жаңқаларын майдалап, жұмысты жеңілдетеді. Нүктелі (рашпильді) егеулер - жұмсақ металдар мен металл емес материалдарды өңдеуге арналған. Олардың тістерінің арасындағы, жаңқалар орналасатын, ойықтары кең. Доғалы тілікті егеулердің тістерінің арасындағы ойықтары терең, соңдықтан жоғары сапалы бет тазалығын және жоғары жұмыс өнімділігін береді. Барлық егеулер У13 немесе У13А аспапты көміртекті болаттардан дайындалады. Жұмыс беттеріне тіліктер ойылғаннан кейін, термиялық өңдеуден өтеді. Егеулердің тұтқалары көбінесе ағаштардан дайындалады. Тұтқаларды отырғызу және шығару 7 суретте (е және ж) көрсетілген. Қолданылулары бойынша егеулер келесі топтарға бөлінеді: - жалпы қолданыстағы егеулер; - арнаулы қолданыстағы егеулер; - түрпілер; - рашпильдер; - машиналық егеулер. Барлық ұсталық жұмыстар үшін жалпы қолданыстағы егеулерді пайдаланады. Оларды, 1 см ұзындыққа келетін тіліктер санына байланысты, 6 номерге бөледі. № 0 және 1 тілікті егеулердің тістері ірі және 0,5-0,2 мм дәлдікпен алғашқы (тұрпайы) өңдеуге арналған. № 2 және 3 тілікті егеулер 0,15-0,02 мм дәлдікпен таза өңдеуге арналған. № 4 және 5 тілікті егеулер 0,01-0,005 мм дәлдікпен соңғы өңдеуге арналған. Егеулердің ұзындықтары 100-400 мм. Көлденең қималарының пішіндеріне байланысты егеулер жалпақ, квадрат, үш бұрышты, дөңгелек, жартылай дөңгелек, ромб, аралық болып келеді (8 сурет). 8 сурет – Егерлердің көлденең қималарының пішіндері: а және б - жалпақ (жазық); в - квадрат; г - үш бұрышты; д - дөңгелек; е - жартылай дөңгелек; ж - ромб; з - аралық. Дайындаманы егеулер алдында, оның өңделетін беті қысқыштан 8-10 мм жоғары болатындай етіп бекітеді. Жұмысшының денесін дұрыс ұстау тәртібі металдарды арамен кесуге ұқсас. Оң қолмен егеудің тұтқасынан ұстау керек (9 сурет, а), ал сол қолдың алақанын, егеудің тұмсығынан 20-30 мм төменірек, егеудің үстіне қою керек (9 сурет, б). 9 сурет – Егеуді дұрыс ұстау және жұмыс үрдісі кезінде теңестіру: а - оң қолмен ұстау; б - сол қолмен ұстау; в - қозғалыстың басындағы және соңындағы егеуді төмен басу реттері Егеу өңделетін металдың бетімен барлық ұзындығы бойынша біркелкі жылжытылады. Егеудің алға қарай қозғалысы жұмыс жүрісі болып табылады. Ал, кері қозғалысы - бос жүріс. Металдарды егеулеу кезінде минутына 40-60 қос жүрісті қозғалыс тиімді деп саналады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас
Просмотров: 661 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]