Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 30.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

В категории материалов: 104
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 10 11 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

1 желтоқсан президент күні тәрбие сағаты(Менің тұңғыш Президентім!)

 

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты:а)Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
Жүрісі: 
Әнұран
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкінг емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 3924 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

Шәмші қалдаяқов тәрбие сағаты(Сағынышқа айналған сазгер)

 

Тақырыбы:                                  Сағынышқа айналған сазгер.
Мақсаты:  Шәмші Қалдаяқовтың  әндерінің  сырын  сезініп, құрметтеуге,
                   сахна  төрінде  айта  білуге  тәрбиелеу. 
                   Оқушының ойлау, қиялдану, әсерлену, елестету  қабілетін   
                   дамыту.
Түрі:  
Көрнекілігі:  суреттер
                   Тәрбие сағатының жүрісі:
І.   Мұғалімнің кіріспе сөзі.
    Ш.Қалдаяқов есімі аталғанда  аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналып  кеткен  «Менің Қазақстаным» әні түседі.  Исі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп жүре беретін әндердің қай қайсысы  да халықпен бірге.  1986 жылы желтоқсанда жастар азаттықтың  туын көтеріп, Шәмшінің «Менің Қазақстаным»  әнін айтып, орталық  алаңға шыққан еді. Шәмшінің көзі тірісінде сол ән ұранға  айналды. 

Тәрбие сағаты | Просмотров: 1564 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

22 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты(Туған тілім-тірлігімнің айғағы)

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім-тірлігімнің айғағы».
Тәрбие сағатының мақсаты:1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, 
                                                   өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін  
                                                түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға 
                                                үйрету.
                                                2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге 
                                                 баулу.
                                                 3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбие- 
                                                леу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
Өткізу әдісі: Ауызша журнал.
                               
                                     Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   
        - Оқушылардың назарын аудару. 
ІІ.Кіріспе сөз:
       - Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 10932 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

12 сәуір ғарышкерлер күні тәрбие сағаты(Жер кіндігі-Байқоңыр)

 

Тақырыбы: Жер кіндігі-Байқоңыр.
Мақсаты:
Әдісі:
Көрнекілігі:
Барысы.
    Қазір адамзат өз өмірін ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуірінде
 Ю. Гагарин алғаш ұшқанда, ешкім де дәл бүгінгідей, жаңа технологиялар шығып, ғарыштан бақылайтын заман болатынын білмеген. Ғарышты игеру өмірдің барлық саласына жаңалық әкелді.. мәселен, ауыл шаруашылығын дамуы үшін, ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткіліктігі бақылануы тиіс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады.
    Жалпы Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерісін, атмосферасын зерттейді. Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады.
    Ой-қозғау: Ғарыш дегеніміз не?
    Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Слайд, суреттер көрсетіледі.
    Адам ерте кезден –ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?

Тәрбие сағаты | Просмотров: 14682 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

Мен Қазақстанның болашағымын тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: «Мен Қазақстанның болашағымын»
Мақсаты: Адам  баласының ортақ қазынасы білімге терең бойлап, әлемді таң 
                  қалдыратындай бәсекеге көтерілу үшін күресуге тәрбиелеу
                 Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін күресуге тәрбиелеу.
                Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт   
                көрсету
                Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға 
               қалыптастыру
Әдісі :  пікірталас.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, интерактивті тақта.
Барысы.
Кіріспе:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мен Қазақстанның болашағымын» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәрбие сағаты | Просмотров: 5117 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

Шаңырақ шуағы тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:                   Шаңырақ шуағы. 
                                             /семинар – тренинг/

«ХХІ ғасырда отбасы тату, өнерлі болуы тиіс»
Н.Ә.Назарбаев
Мақсаты: Ата – ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару. Ата – ананың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру.
Сабақтың барысы:
1.    Психологиялық дайындық.
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге
Алақанға ұрайық.
Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту).
-    Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды? 

Тәрбие сағаты | Просмотров: 6000 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

Рәміздер туралы тәрбие сағаты балабақшада

 

       Қазақстан:Туымен тұғырлы,елтаңбасмен еңселі, әнұранымен айбатты.
Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
 ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
 ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: Ауызша журнал.
 Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.
 Кіріспе бөлім:
    Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 4949 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

4 маусым мемлекеттік рәміздер күні тәрбие сағаты(Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы)

 

Тақырыбы:    Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы
    
Мақсаты:        
Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;
Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу; 
Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі: рәміздердің суреті, елбасының суреті, кітаптар
Барысы:
Мұғалім:  Мектеп өмірі білім баспалдағы тәрізді. Бір сатыдан екінші сатыға әр түрлі қиындықтар мен қуаныштардан өтіп, жоғарылай бересіздер. Барлық қиындықтарды бірге жеңеміз деген үміттемін. Тек қана білім алуды ғана емес, сонымен қатар дос болуға да үйренеміз. Біздің сыныбымыздағы жақсы қарым-қатынасымыздан әрдайым жылулық сезінсін.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 3453 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты(Бүкіл әлемдік СПИД-ке   қарсы күрес күні)

 

Адамзатқа төнген қауіпті дерт
  Сабақтың мақсаты 
Оқушыларға  темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.
Оқушыларды  ЖИТС  (жүре  п.б.  иммундық  тапшылық  синдромы)  немесе  ЖЖБА-дан  сақтану  әдістерін  үйрету,  төтенше  жағдай  кезінде  дұрыс  шешім  қабылдай  білу  қабілеттілігін  дамытатын  қажетті  білім,  білік,дағды  /ББД/  қалыптастыру. 
Сабақтың негізі: :   Елбасының «Қазақстан – 2030» Жолдауы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы тәрбиені ұрпақ боййына сіңіру ұстаздар алдында тұрған үлкен мәселе. 
Бұл сабақта қазіргі таңда елімізде де таралып бара жатқан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын ойландыратын СПИД дерті жайлы сөз болмақ.
 Онда СПИД-тің пайда болуын, таралу жолдарын, зиян екенін түсіндіру, нашақорлықтан бойларын аулақ ұстауға үйрету көзделді.

Тәрбие сағаты | Просмотров: 14409 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

Ұлттық аспаптар тәрбие сағаты

 


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аспаптар

Мақсаты: Қазақтың  ұмыт болып бара жатқан көне аспаптары туралы білім беру, оқушылардың ой -өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Ұлттық, әдет – ғұрыптарды сақтау, өнер иелерін құрметтеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық аспаптар, суреттер, домбыра, қобыз, шешендік сөздер, ілінген плакаттар, шиырма кітапшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ.Ұлттық аспаптар.
ІІІ.Ұлттық аспаптармен ойнап көрсету.
IV.Сабақты қорытындылау

Тәрбие сағаты | Просмотров: 1866 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 ... 91-100 101-104