Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма [ Добавить материал ]

Ұлтшылдық туралы шығарма


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (64.0Kb) ] 24.11.2013, 19:18

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ­стан­дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақ­станның білім және ғылым қызметкер­лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстанның отан­шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру­дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында­рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің хал­қын сүюге тәрбиелеу – мұғалім­нің аса маңызды, аса жауап­ты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мем­лекетінің егемен ел болып қалыпта­сып, дербес мемлекет болуы және өркен­деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.

Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни на­ным сенімдер­мен тығыз байла­ныс­ты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.

Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.

Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осы­ған өз әлінше үлес қосуы – бұ­ның басты шарт­тарының бірі. Жас­тарға патриот­тық тәрбие беру­дің бағдарлы идея­ларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қа­зақстан – 2030 ” атты еңбегінің "Қа­­зақстан мұраты” деп атала­тын бөлі­мінде: "…біздің балала­рымыз бен не­мерелеріміз… бабаларының игі дәс­түрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарық­тық экономика жағдайында жұ­мыс істеуге даяр болады. Олар бей­біт, абат, жылдам өркендеу үстін­дегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары бо­лады” – деп, үлкен үміт артты.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңында "Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Респуб­ли­­касына сүйіспеншілікке, мем­лекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәр­биелеу” десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында "…тәрбиелік жұ­мыстарды қазақ­стандық патрио­тизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негі­зінде құру” – керек екендігі көрсетілген.

Егемендік алған бастапқы күн­дерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікір­талас жүріп келеді. Одан "ұлттық патриотизм”, "қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн, олардың мазмұндық құры­лы­мы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады, бұдан бы­лайғы кезде мектеп оқушы­ларын отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдер­дің формалары мен мазмұнын қолда­нуға бола ма деген сияқты көптеген мәселелер толық зерделенбей отыр.

Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда­ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыз­дың бойындағы отансүйгіштік құндылық­тарды ұрпақтан-ұрпақ­қа беріліп отыр­ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама­нынан бастау алған патриоттық құн­ды­лық Күлтегін жазбаларын­да былай деп суреттеледі: "Елте­ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио­тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын­дығын көрсетеді. Күлте­гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:

Кедей халықты бай қылдым,

Аз халықты көп қылдым…

Түркі иелігінен

айырылған халықты

Ата-баба мекеніне орнатты…

– делінген.

Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие бо­лып отыру жолында жан ая­мау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.

Туған жерге деген ыстық сезім, ата­мекенге деген құрмет пен қадір қа­сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор­қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала­сағұни, Мах­мұд Қашқари, т.б. айтқан бола­тын.

Ықылым заманнан бізге жет­кен "Қорқыт Ата кітабында” тә­лімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: "Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қы­лыш­тай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шыға­рып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірік­ші болғаннан жарық көріп, өмір сүр­ме­ген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақта­ныш сезімін тудырса керек.

Әл-Фараби өзінің "Азаматтық сая­сат”, "Поэзия өнері туралы”, "Ба­қытқа жол сілтеу”, "Рито­рика”, "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты трактатта­рында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім кате­горияларының бетін ашып, олар­дың негізгісін дәлелдеп берген.

Ақын-жыраулар халыққа өне­ге­лі сөздерімен ықпал етіп, олар­ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық­тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.

Жоңғар шапқыншылығы ке­зін­дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс­ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен­дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.

Бұқар жырау:

Ер жігітке жарасар

Қолына алған найзасы,

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы – деген екен.

Ал Ақтамберді жырау болса:

Жауға шықтым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап.

Дұшпаннан көрген қорлыққа,

Жалынды жүрек қан қайнап

Ел-жұртыңды қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа, батылдыққа ша­қырған.

Қазақтың айбынды ақын­дарының бірі Махамбет Өтеміс­ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман­дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі­гін, олардың адамгершілік қа­сиеттерін жыр етті.

Өз халқына, ұлтына деген пат­риоттық сезімді қазақ ағартушы­лары Ш.Уәли­ханов, Ы.Алтын­сарин, А.Құнанбаев шығармала­рынан да көруге болады.

Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің пат­риоттық сезімін: "Менің патриот­тық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, – деген екен. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасы­нан бастау алып әулет, тумалас­тарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.

Қазақта ең алғаш қазақ бала­лары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің бала­сына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.

Абай Құнанбаевтың еңбекте­рін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патрио­тизм­ге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиет­терін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген сөзі, барша жұртшылықты жаула­су, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақы­рады. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Шығарма | Добавил: Admin
Просмотров: 5718 | Загрузок: 386 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]