Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Терроризммен күресу жолдары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:34

Терроризммен күресу жолдары.

Жоспар:

- Терроризм, терроризм актiсi, террористiк ұйым, террористiк акция.

-ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

-Терроризммен күресу жолдары.

Тірек сөздер: терроризм, терроризм актiсi, ұйым, ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

 

Соңғы жылдары құқықтық органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық терроризм болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу табылады.

Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны береді.

«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.

Терроризм –мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау.

Террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады.

Террористiк акция - терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау.

Әсер ету масштабына қарай терроризм ішкі (субъектілер –сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін террористік қимыл) болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1.      Терроризм дегеніміз не?

2.      Терроризм актiсi, террористiк ұйым дегеніміз не?

3.      Террористiк акциядегеніміз не?

4.      ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

5.      Террористік iс-әрекеттерге нелер жатады?

6.      Террористiк ұйым дегеніміз не?

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 15154 | Загрузок: 76 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]