Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 30.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Салауатты өмір салтын қалыптастыру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:37

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Жоспар:

-Өмір салты және денсаулық;

-денсаулық және жастардың өмір салты;

-денсаулық және экология.

Тірек сөздер: салауатты өмір салты, денсаулық, экология.

 

Салауатты өмір салты – бұл әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдысының жеке жүйесі.

Адам денсаулығының басты құрайтын көздері оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді және адамның рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады.

Денсаулық пен еңбек қабілеттілігін қолдау үшін адам белгілі тамақ, нәрлендіргіш заттарды – белокті, майды, көмір қышқылын, витаминді, минералдық тұзды таңдауға мәжбүр.

Белоктар – организмдегі әрбір клетканың құрамына кіреді. Олар хайуанаттар мен өсімдіктерде болады.

Май – организмдегі энергия қорының негізгі күші және әрбір клетканың қажетті құрамдас бөлігі.

Көмір қышқылы – өсімдік тектес негізгі азық-түлік түрінде болады, ол жармаларда крахмал түрінде немесе бір бөлігі гликогенге айналатын әр түрлі қант түрінде кездеседі.

Витаминдер организм тіршілігі үшін аса қажет. Оның жетіспеушілігі бір қатар аурулардың дамуына алып келеді.

Дұрыс күн тәртібі (еңбек және демалыс режимі) организм денсаулығын сақтау, сыртқы ортаның жағымсыз факторларына оның еңбек қабілетін арттыру үшін маңызды алғышарт болып табылады.

Бүгінгі күннің міндеті – әркайсымызда тәніміздің сау болу, салауатты өмірдің дағдыларын игеру, жастайымыздан дұрыс дене шынықтыру негіздерін үйрену қажеттігін тәрбиелеу.

Көптеген өсімдіктер сыртқы ортадан тек неорганикалық заттарды алады (су, топырақ, топырақтағы минералды тұз), сондай-ақ ауадан көмір қышқыл газын алып, олардан органикалык заттарды – қант пен крахмалды жасайды. Өсімдіктермен салыстырғанда хайуанаттарға тамақтану үшін күрделі органикалык заттар: белок, май, және көмір қышқылы кажет. Хайуанаттардың өздері оларды неорганикалық заттардан жасауға қабілетсіз. Тірі организмдер қоректеніп, дем алады, сыртқы неорганикалық ортамен тұрақты өзара байланыста болып, бір-бірімен өзара іс-әрекет етеді.

Организмге әсер ететін сыртқы неорганикалық орта жағдайларының жиынтығы антибиотикалық факторларды, ал организмге басқа организмдер тіршілігі ықпалының жиынтығы биотикалық факторларды  құрайды.

Түйіндей айтқанда баршамыздың денсаулығымыз қоршаған ортаның жәй-күйіне тікелей байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1.      Денсаулық және салауатты өмір салты.

2.      Тазалық - саулық негізі.

3.      Дене шынықтыру және рухани күш қуат.

4.      Жастар денсаулығы және салауатты өмір салты.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 5452 | Загрузок: 113 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]