Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Ұлт және ұлтаралық қатынастар социологиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (42.0Kb) ] 08.11.2013, 16:01

Халықаралық ынтымақтастық

Ұлт және ұлтаралық қатынастар социологиясы

 

Жоспары:

1.Этникалық қауымдастықтар және олардың формалары.

2.Этностардың даму процестері.

3.Ұлтшылыдық және оның түрлері.

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымында класстар мен қабаттардан кейін маңызды орынды этникалық қауымдастықтар алады. Этникалық қауымдастықтар дегеніміз:- тұрмыстары, территориясы, әдет-ғұрыпы ,сенімі, тілі және т.б ортақ факторлары арқылы біріккен адамдардың тұрақты топтары. Адамзат тарихи даму процесінде этникалық қауымдастықтардың ру,тайпа, халық, ұлт секілді негізгі формалары пайда болды.

Этникалық қауымдастықтардың ру-тайпалық формасы алғашқы қауымдық қоғамға тән. Ру-қандық туысқандық топтар, ал тайпа –рулардың біріккен жиынтығы.  Ал сауда қатынасы мен жекеменшік, кластар мен мемлекеттер пайда болғаннан соң әртүрлі тайпалар халықтарға біріге бастады. Осыған байланысты бұрынғы қандық-туысқандық байланыстың орнына шаруашылық, тілдік, мәдени байланыстар келді. Ақыр соңында феодалдық қоғам ыдырап және капиталистік қатынастар мен ұлттық , нарықтық қатынас кезінде адамзаттың неғұрлым дамыған тарихи формасы-ұлт пайда болды. (5-схема)

Халықтар мен тайпалардың ортақ территориясына, экономикасына, тіліне, дініне, мәдениетіне, ұлттық танымына қарай күрделі бөлінуі мен бірлігі нәтижесінде ұлттардың ұзыннан-ұзақ қатары пайда болды. Сондықтан ұлт және халық ұғымын шектеу оңайға соқпайды. Кейбір ғалымдар ұлт пен халық арасындағы айырмашылықты ашып көрсетуден бас тартты. Ұлттардың маңызды көрсеткіші ретінде адамдардың ұлттық танымын, яғни өздерінің қайсыбірэтносқа жататындығын сезінуі мен ұғынуын айтуға болады.

Этнос ұғымына байланысты тағы да екі ұғым:ұлттық және халық ұғымдары бар. Әлемнің көптеген елдерінде бұл ұғымдар мемлекеттік органдар арқылы емес, ерікті адамдар арқылы анықталады. Бұның өзі өркениетті демократиялық қоғамдағы жеке тұлғаның ұлттық танымы мен бостандығының көрінісі болып табылады.

"Халық” ұғымы көбіне ұлттардың белгілі бір елге бірігуін білдіреді. Басқаша айтқанда халық –белгілі бір мемлекеттің, елдің , республиканың барлық тұрғындары. Мысалы, Ресей халқына татарлар, якуттер, еврейлер, әзербайжандар, белорустар, немістер, орыстар және т.б ұлттар-яғни Ресей жерінде қоныстанған барлық ұлттар мен халықтар жатады.

(5-схема)

Этникалық қауымдастықтардың негізгі формалары.

Қауымдастық түрі

Негізгі белгілері

Өмір сүру кезеңі

Ру

Қандас туысқандар тобы

 

 

Алғашқы қауымдық кезең.

Тайпа

Территориялық, шаруашылық, тіл бірлігіне байланысты біріккен рулардың жиынтығы.

Халық

Ортақ территориясына, шаруашылығына, тіліне, мәдениетіне қарай біріккен тайпалар жиынтығы.

 

Құлиеленушілік және феодалдық кезең.

Ұлт

Ортақ территориясына, экономикасына, тіліне , мәдениетіне, ұлттық танымына және белгілі бір мемлекетке бірігуіне байланысты біріккен адамдар қауымдастығы.

Капиталистік кезең

2.                                                                                                                                  Адамзаттың этникалық даму процеі өте күрделі және әрдайым жүріп отыратын процесс болып табылады. Яғни этностар пайда болады, бөлінеді, бірігеді, өркендейді және кейде жойылады да. Мысалы, финикийлер, скифтер және т.б сол сияқты ірі қауымдастықтар бір уақыттарда жойылып кетті. Ал қазіргі этностардың көбісі ерте заманнан ақ пайда болған. (мыс,армяндар б.э.д VI-IV ғ.ғ; грузиндер-б.э.д І-мыңжылдықта) Ал ағылшын (XVIғ.), орыс(XVII-XVIII ғ.ғ), неміс (ХІХ ғ.) және т.б ұлттар кейіннен пайда болды. Ал ХХ ғ. І-жартысында түрік, ХХғ. Ортасында австралиялық, ХХ ғ. ІІ-жартысында куба сияқты ұлттық қауымдастықтар пайда болды.

Этностардың бірігуіне мысал ретінде галлдардың, франктердің және т.б халықтардың француз ұлтына бірігуін айтуға болады.

Ал этникалық бөлінуге ежелгі русьтердің (XIV-XV ғ.ғ.) белорустарға, украиндарға және орыс ұлтына бөлінуін жатқызамыз.

Қазіргі кезде ұлттар мен халықтардың 2000-ға жуық түрлері бар. Әлемнің көптеген елдері көпұлтты болып келеді. Мыс, Қазақстанда 130-ға тарта, Қытайда 55, Индияда бірнеше жүздеген, Ресей федерациясында да жүзден аса ұлттар мен халықтар бар. Әлемдегі адамдардың ұлтаралық некелері, көшіп-қону миграциясы, мемлекеттердің көпұлттылығын көтере түседі.

Қазіргі қоғамдағы ұлттардың көптүрлілігі адамдардан, басқа ұлттармен қарым-қатынаста шыдамдылықты, мейірімділікті, ашықтықты талап етеді. Өйткені көпұлтты пәтерде бейбіт өмір сүру үшін өзіміздің көршілерімізбен тату-тәтті тұруымыз керек. Бірақ адамдардың кейбір бөліктері жалпыға ортақ бұл талаптармен санаспай, ұлтшылдыұ идеясын жоғары ұстайды.

Ұлтшылдар өздерінің "үлгілі” ұлттарын басқаларға қарсы қоя отырып, басқа ұлттарға сенімсіздікпен қарап, өз елдеріндегі қолайсыз жағдайлар мен кризистік құбылыстарды әрдайым солардан көріп отырады. Ұлтшылдық негізгі екі формаға бөлінеді:  "жаулаушы” және "қорғанушы”. (6-схема)

Жаулаушы ұлтшылдық-ұлтшылдықтың ең агрессивті түрі болып табылады. Мұндай ұлтшылдық әртүрлі жағдайларда, әсіресе колониализм саясатында , яғни ұлы державалардың (Ұлыбртания,АҚШ, Франция) әлсіз ұлттың үстінен үстемдік жүргізуінде көрінеді.

Колониалдық кезеңдерге(XVI-XX ғ. ортасы) тарихи баға бергенде , ұлтшылдық идеология мен саясаттың бұл түрі-ұлы державалық шовинизм(Никола Шовен) деген атқа ие болды. Шовинизмге жақын  адамзатқа қарсы идеологияларға расизм, апартейд және антисемитизмді жатқызуға болады. (7-схема)


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 6509 | Загрузок: 557 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]