Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Әлеуметтік мобильділіктің түрлерін топтастыру мәселесі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (24.1Kb) ] 08.11.2013, 15:35

Әлеуметтік мобильділіктің түрлерін топтастыру мәселесі.

Жоспары:

 1.Әлеуметтік мобильділік түрлері.

     2.Тік және көлденең мобильділік.

 3.       Өрлеу және құлдырау мобильділігі.

 

1. Әлеуметтік мобильділіктің түрлерін топтастырудың методологиясын жоғарыда көрсетілгендей П.Сорокин негіздеді. Әлеуметтік мобильділіктің түрлерін анықтау және топтастыру әртүрлі белгілерді ескере отырып, мақсаттарға қарай әртүрлі бағытта жүргізіледі. Бұндай топтастырудың негізі ретінде адамның әлеуметтік  және кәсіби орны, білімі, табысы, және т.б белгілері алынады. Бұл жерде әлеуметтік мобильділіктің бір белгісін ғана емес, басқа да факторларды ескере отырып келесі топтаманы ұсынады:

 

Әлеуметтік мобильділіктің түрлері

Демографиялық мобильділік

Әлеуметтік мобильділік

Экономикалық мобильділік

Жұмысқа орналасу

Жұмыстан шығу

Отбасылық жағдайының өзгеруі

*Қоғамдағы таптар арасындағы

*Қабаттар арасындағы

*Мәдени деңгейге байланысты топтар арасында

*Табыс деңгейі және өмір сүру салтына байланысты топтар арасында.

Экономикалық саолалар арасында

Мамандықтар мен қызметтер арасында

Жұмыс орындары арасында

Аймақтар арасында

 

Н.А.Аитов жұмысшылардың орын ауыстыруының келесі түрлерін бөліп көрсетеді:

·       демографиялық қозғалыс

·       әлеуметтік орын ауыстырулар

·       мамандар қозғалысы

·       мамандардың жұмыстан кетуі.

Р.В.Рывкина әлеуметтік мобильділіктің 9 типін көрсетеді: территориялық, мекендердің типтері, қызмет салалары, ұйымдар, лауазымдар, мамандықтар, табыстық топтар, білімділік және т.б бағыттарына қарай топтар арасындағы мобильділік.

Әлеуметтік мобильділікті белгілеріне қарай мына бағыттарға топтастыруға болады.:

1 Ерікті-еріксіз;

2. Себепті-себепсіз;

3. Өрлеу-құлдырау;

4. Қоғамға тиімді-тиімсіз;

5. Қалыпты-қалыпсыз.

Әлеуметтік өзгерістер теориясын ескере отырып, мобильділіктің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1.Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді;

2.Тез және баяу;

3.Ырғақты және ырғақсыз;

4.Табиғи және әлеуметтік.

Әлеуметтік мобильділікті себептеріне , нәтижелеріне, көлеміне және бағыттылығына қарай нақты жүзеге асқан және потенциалдық түрлерін сипаттауға болады.

Жаңалық критериіне қарай әлеуметтік мобильділіктің мына түрлерін бөліп көрсетеміз:

А) Дәстүрлі бағыттан жаңа бағытқа қарай;

Б) Бір дәстүрлі бағыттан екінші дәстүрлі бағытқа қарай;

В) Бір жаңа бағыттан екінші жаңа бағытқа қарай;

Г) Жаңа бағыттан дәстүрлі бағытқа қарай.

Мобильділіктің жеке түрлері нақты өмірде таза түрінде кездеспейді. Мысалы, тік мобильділік еркін және еріксіз сипатта болуы мүмкін. Мобильділіктің бұл түрі тұлғаның кәсіби не еңбектік мобильділігіне алып келеді. Ал территориялық мобильділік көп жағдайда географиялық мобильділікті, жұмыс орнын өзгертуді, салалық жұмыс күшінің өзгеруін, әлеуметтік құрылымының өзгеруін бейнелейді. Территориялық мобильділік кейде кәсіби құрылымның , әлеуметтік құрылымның өзгеруін бейнелейді. Территориялық мобильділік кейде кәсіби құрылымның, әлеуметтік құрылымның өзгеруімен қоса жүреді. Тұрғындардың жастық-жыныстық құрылымы, еңбек ету жасындағы жұмыссыздардың саны көп жағдайда жұмыс күшінің сипатын және оның орнын ауыстыруға қабілетін анықтайды.

Мобильділіктің түрлері арасындағы байланыс үш бағытта жүзеге асады:

1. "Қатал”, яғни міндетті түрде көрсетілген бағыт бойынша;

2. "Жартылай қатал”, яғни көп жағдайда көрсетілген бағытта;

3.Кездейсоқ, яғни байланыссыз мобильділік ретінде көрсетіледі.

2. Тік мобильділікке индивидтің бір қабаттан басқа қабатқа өтуі кезінде пайда болатын қатынастар жатады. Социологиялық энциклопедиялық сөздікте көрсетілгендей "тік мобильділік индивидтің әлеуметтік иереахия жүйесінде оның әлеуметтік статусының өзгеруін қоса қамтитын орын ауыстыруына байланысты мобильділіктің түрі”.

П.Сорокин тік мобильділіктің мынадай жалпы белгілерін жасақтаған:

1. Әлеуметтік топтар абсолютті жабық, не оларда экономикалық , саяси және кәсіби бағыттағы тік мобильділік болмаған қоғамды көре алмаймыз;

2. Тік әлеуметтік мобильділік абсолютті еркін және бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа өту ешқандай қарсылықсыз жүзеге асқан қоғам болған емес;

3. Тік мобильділіктің жеделдігі мен жалпылығы бір қоғамның шеңберінде әртүрлі тарихи кезеңде өзгеріп отырады.;

4. Тік мобильділіктің жеделдігі мен жалпылығы бір қоғамның шеңберінде әртүрлі тарихи кезеңде өзгеріп отырады;

5.Тік мобильділіктің көрінуінің үш түрінде де не үдеу не төмендеу бағытындағы тұрақты өзгерістер жоқ.

Тік мобильділіктің каналдарын " тік циркуляция каналдары” ретінде толық суреттеген де П.Сорокин болды. Оның айтуынша тік мобильділік барлық қоғамға, тіпті алғашқы қауымдық құрылысқа да тән болғандықтан стараталар арасында өте алмайтындай шекаралар жоқ. Олардың арасында индивидтер жоғары және төмен орын ауыстыра алатындай әртүрлі "қуыстар” болады. Солардың ішінде П.Сорокин әлеуметтік циркуляция каналдары ретінде пайдаланылатын әлеуметтік институттарға – армияға, шіркеуге, отбасына, меншікке ерекше көңіл бөлді.

Армия әлеуметтік мобильділіктің каналы ретінде бейбіт жағдайда емес, көбіне соғыс жағдайында көрінеді. Ол кезде атағын көтерген адамдар бейбіт кезде де жеткен деңгейін одан әрі билікке, байлыққа жету үшін пайдаланды. Егер жеке тұлға не адамдардың тобы қоғамда өзінің жағдайын, өзінің статусына әсер етпейтіндей өзгертсе, бұл жерде көлденең мобильділік туралы айтамыз.Көлденең мобильділік индивидтің немесе топтың әлеуметтік құрылымда статусын өзгертпей орын ауыстыруына байланысты мобильділіктің түрі. Социологтар көлденең мобильділікке географиялық кеңістіктегі процестерді және бір топтан екінші топқа әлеуметтік жағдайын өзгертпей өту процестерін жатқызады. Сонымен әлеуметтік мобильділіктің бұл түрінде әлеуметтік топтар мен страталар өздерінің статусын түпкілікті өзгерте алмайды. Бірақ та жылжу барысында адам өзінің материалдық, әлеуметтік жағдайын өзгертуі мүмкін. Жағдайының жақсаруына байланысты оның әлеуметтік орны да өзгереді. Дегенмен ол сол өзінің тобына қала береді. Көлденең мобильділікте басқа да әлеуметтік процестер жүріп жатады. Мысалы, миграциялық процестің түрі ретінде ауыл мен қала тұрғындарының бір-біріне өтуі де көлденең мобильділікке жатады.

Өрлеу – адамның кәсіби және басқа да әлеуметтік жағдайына қарай өрлеуі, басқару баспалдағы бойынша әлеуметтік баспалдақтың жоғары шыңына жылжуы.

Құлдырау- адамның әлеуметтік иерархияның түбіне түсуі, яғни адамның әлеуметтік статусының төмендеуі.

Өрлеу мен құлдырау тік әлеуметтік мобильділіктің бағытын сипаттайды. Бұл жерде әлеуметік мобильділіктің арақатынасы орын ауыстыру қадамы арқылы өлшенеді. Орын ауыстыру бір-екі қадам жоғары , төмен не тік және көлденең бағытта жүзеге асуы мүмкін. Өрлеу мен құлдыраудың арасында белгілі ассиметрия бар:

1. адамдардың бәрі әлеуметтік баспалдақ бойынша көтерілуге ұмтылады, баспалдақтың түбіне түскісі келмейді.;

2. өрлеу адамның өз қалауымен, құлдырау адамды мәжбүр ету сипатында жүзеге асады.

Өрлеу тік мобильділіктің бағыты ретінде әлеуметтік құрылымдағы түбірлі өзгерістерге байланысты. Ол өзгерістер тұлғаның өзгеруіне де алып келеді. Өрлеудің мақсаты – басқа адамдарға не әлеуметтік топқа әсер етудің үлкен мүмкіндіктерін жасақтау, еркіндіктің, биліктің үлкен ауқымына жету, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту. Адамның әлеуметтік баспалдақ бойынша өрлеуі екі бағытта жүреді:

·       индивидтің төменгі қабаттан оған қарағанда жоғары қабатқа енуі;

·       жоғары қабатқа орын ауыстырған индивидтердің жаңа топты қалыптастыруы және әлеуметтік топтың тұтасымен жоғарғы қабатқа өтуі.

Құлдырау екі бағытта жүзеге асырлады:

·       индивидтің өзінің түпкілікті шыққан тобын бұзбастан жоғары әлеуметтік тұғырдан төменгі тұғырға құлдырауы;

·       әлеуметтік топтың тұтас дегредациясы, басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда сол топтың әлеуметтік бірлігінің бұзылуы.

Құлдырау мобильділігінің себептері: мансаптық өсудегі шектердің, кедергілердің болуы; бәсеке дарындылардың өсуіне алып келеді; бұл жұмыс орнын толықтыру мәселесін жеңілдетеді; жұмыс орнына деген бәсеке жалақының өсуіне алып келмейді;  алға жылжу болашығының мүмкіндігінің төмендігі жұмыскердің қосымша жұмыс іздеуіне алып келеді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 1827 | Загрузок: 275 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]