Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

Қолданбалы ақпарат теориясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 09:48

Қолданбалы ақпарат  теориясы
Кіріспе. Ақпараттың қолданбалы теориясы пәнінің негізгі зерттеу нысандары
Дәрістер- белгілі-бір пәннің теориялық сұрақтарын логикалық түрде қарастыратын оқу сабағының формасы. Ақпарат теориясы пәнінің дәрістерінің негізгі мақсаты тасымалданатын ақпараттың  өте жоғары жылдамдықпен сенімді түрде берілуін қамтамасыз ету. Мұндағы негізгі атқарылатын жұмыстар: ақпараттың мөлшерін өлшеу тәсілдері, ақпараттың қасиеттері, бөгеуге төзімді кодтау, қолданбалы сипаттағы есептерді шешу. Дәрістерде ақпарат теориясының негізгі ұғымдарын, Хартли және Феннон бойынша ақпарат модельдерін,  дискреттік байланыс каналдарының модельдерін, ақпаратты тиімді түрде кодтау тәсілдерін, бөгеулі және бөгеусіз байланыс каналдарының өткізу каналдарыны туралы Феннон теоремасын қарастырады.
    Ақпараттың қолданбалы теориясы кибернетиканың ажырамас бөлігі. Кибернетика бұл ақпаратты сақтап, тасымалдап, қадағалап өңдеуге арналған ғылым.
Оның негізгі зерттеу нысандары:
•    Кибернетика жүйесі
•    Кибернетиканың жүйелерге техникадағы автоматты реттегіштер ЭЕМ
•    Адам мен жануарлардың ми жүйелері және биологиялық өсімдіктер жатады. 
Қазіргі жаңашыл кибернетиканың негізгі бөлімдеріне ақпарат теориясы алгоримдер және автоматтар теориясы оптималды басқару теориясы мысал бола алады.
    Кибернетиканың негізін қалаушы ретінде америка ғалымдары Винер және Шэннон есептеулерінше ақпараттық теория: мтематиканың ықтималдық теориясы мен математикалық статикамен тығыз байланысты деп есептеген. Ақпараттық теория тарихи және практикалық тұрғыдан байланысты теорялар негізі қаланды. Сонымен ақпарат теория байланыс каналдар өлшемін ондағы ақпарат ағымын өлшеуге арналған математикалық теория құрайды.
Ақпарат екі түрге бөлінеді:
1.    Дискретті (сандық)
2.    Үзіліссіз (аналогты)
Дискретті ақпарат бірқатар шаманың тізбекті нақты мәндерін сипаттайды. Ал үзіліссіз ақпарат бірқатар шамалардың өзгеру процнсін сипаттайды, оған атмосфералық қысым датчигі, машинаның жылдамдық датчигі мысал болады. 
    Дискретті ақпарат кез келген сандық индикатордан алуға болады. Дискретті ақпарат адамның  өңдеуіне қолайлы, бірақ үзіліссіз ақпарат практикада жиі қолданылады сондықтан дискретті ақпаратты үзіліссізге немесе керісінше ауыстыра білу қажет. Мұндай процесте модем жиі қолданылады.
Модем сөзі модуляция мен демодуляция  сөзінен алынған. Модем компьютердегі сандық ақпаратты дыбысқ немесе электро магнитті тербелістерге ауыстыратын арнайы құрылға. Үзіліссіз ақпаратты, дискретті ақпаратқа аудару кезінде  дискреттеу жиілігі қолданылады. дискреттеу жиілігі неғұрлым жоғары болса, үзіліссіз ақпаратты дискреттіге ауыстыру соғұрлым дәл жүреді, бірақ осы жиіліктің шамасы жоғарлаған сайын ақпаратты сақтау, тасымалдау, өңдеу соғұрлым күрделене түседі, сондықтан осы жиіліктің шамасын Найквист теориясына байланысты қабылдаған мәнге дейін көтеру қажет. 
    Дискретті ақпаратты сақтау қолайлы, өйткені ол сандық тізбек түрінде беріледі.  Ал үзіліссіз ақпарат сақтау өте күрделі, практика жүзінде ол үшін конденсатор негізінде электронды сұлба қолданылады. Үзіліссіз ақпарат байтпен өлшенеді, бит бірлік өте кіші өлшем бірлігі болғандықтан көбінесе 8 есе үлкен байт өлшем бірлігін қолданады.
Ақпарат өңдеу үшін келесі есептеу машиналары қолданылады:
•    Сандық есептеуіш машина- дискретті ақпаратты өңдеу үшін
•    Аналогты есептеу машинасы- үзіліссіз ақпаратты өлшеу үшін

Ақпарт теориясының базалық терминдеріне:
•    Ақпарат- бір ортадан екінші ортаға сигнал түрінде беріліп, тасымалданатын құбылыс(ақпарат анықтамасының ауқымы өте кең)
•    Байланыс каналы- ақпарат тасымалдау неғұрлым жоғары жылдамдықпен сипатталатын ақпарат беру ортасы
•    Байланыс каналындағы шу-қпарат тасымалдау кезінде болатын, байланыс каналдарындағы бөгеулер
•    Кодтау- дискретті ақпарат келесі тәсілдердің бірімен түрленуі:
а) шифрлау
б) тығыздау 
в) шудан қорғау

Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сұлбасы:

 
Символдық форма- әріптік, сандық, таңбалық және т.б. белгілерді пайдалану негізі, ол ең қарапайым болып табылады бірақта ол әр-түрлі жағдайлардағы күрделі емес сиганалдарды беруде пайдаланылады. 
Текстік формадағы ақпаратты беру неғұрлым күрделі. Мұнда алдыдағы формадағы сияқты символдар пайдаланылады: әріптер, сандар, математикалық таңбалар. Бірақта ақпарат осы символмен ғана беріліп қоймай олардың қатарына, оқылуына да байланысыты. Бірақта ең күрделі және көн көлемдісі графиктік формадағы ақпаратты беру болып табылады. Бұл түрдегі формаға табиғат түрі, фотосуреттер, сызулар, сұлбалар, суреттер, өмірімізде ең маңызды роль атқаратын және көп мөлшерде сиятын ақпараттар жатады. 
Қазіргі уақытта ақпарат есептеуіш машинамен өңделеді. Ақпаратты қабылдау кезінде қандай да бір нысандағы немесе процесті анализдеу жүргізу нәтижесінде нысанды белгілі бір образда қалыптастыру. Ақпараттың қарапайым түрі екі қарама-қарсы жағдайдың бар болуы (ИӘ,ДА) және жоқ болуы (ЖОҚ,НЕТ). Ақпарат дайындау кезінде аналогты сандық түрлендіру ақпаратты шифрациялау және қалыпқа келтіру операцияларды жүргізуді қабылдау нәтижесінде беруге және өңдеуге ыңғайлы формуладағы сигнал қалыптастыру. Ақпарат беру және сақтау кезеңінде ақпарат бір орыннан екінші немесе бір уақыт моментінен екіншісіне жіберіледі.
    Табиғи ақпарат сигналды тану сенімділігін қажет ету үшін олардың санын ең кіші мәнге дейін қысқарту керек. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 713 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]