Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Қоғам жүйе ретінде реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:37

Қоғам жүйе ретінде

Әлеуметтік философия - бұл тұтастай философиялық ілім және оның жеке құрылымдық элементтерінің көбі жалпы қоғамтанудың кескіні (тарихи философия, саяси философия, мәдени философия, моральдық философия). Әлеуметтік философия басқа философиялық ілімдердің компоненттерімен (онтология, гносеология, аксеология, праксиология, мәдениетті антропология) дүниеге көзқарастың және әдістемелік ілімдер сапасы ретінде органикалық бірлікте барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тұрғысында қарастыру. 
Әлеуметтік философия пәні – бұл қоғам, барлық жағдайдың өзара әрекетін ұстанған қоғам, яғни тұтастай әлеуметтік жүйе, сонымен қатар қоғамның дамуы және қызметін атқаратын заңдар. 
Әлеуметтік философия микродеңгей үрдісін және әртүрлі қоғамдық құбылыстарды білдіреді және де қарастырады, яғни қоғам деңгейіндегі әлеуметтік жүйелердің өзіндік қалыптасуы мен өзіндік дамуы ретінде. Сонымен қатар әртүрлі қоғамдардың арасындағы өзара әрекетін, яғни бүкіл адамзаттың дамуын сипаттайтын қоғамдық өмірдің үрдісі мен құбылыстары болып табылады. 
Қоғам – белгілі бір мақсатқа бағытталған өнім және өзара қызығушылықтар мен келісімдер негізінде біріккен көп адамдар тобының бірігіп ұйымдастырылған әрекеті. 
Қауым – біріккен тұрмыстық форма және ортақ пайда болуымен, тілімен, тағдырымен, көзқарасымен байланысты адамдардың өзара әрекеттесуі (отбасы, халық).   
Қоғам, қоғамдық болмыс тұрмысын, объективті шынайлығын, әлеуметтік материяны, қызметінің нәтижесі ретінде, дүниенің кең тұтастай-даму негізінде биосфераның дифференциясын және эволюциясын білдіреді. Материяны ұйымдастырудың ерекше деңгейі ретінде, адамзат қоғамы адамның іс-әрекеті арқылы өмір сүреді және өзінің қызметіне, рухани өмірдің дамуына міндетті шарт ретінде қолданылады. Адамның тәжірибелі іс-әрекетін ұстанған ұстамы адамның іс-әрекеті арқылы әлеуметтік әлемнің бөлігі болып қаланады. 
Қоғам мүмкіндіктер жүйесі. Даму барысында потенциалды мүмкіндіктердің барлығы қалыптаспайды, барлық жағдайларды болжау мүмкін емес екндігі жалпы заңдылық болып табылады. Болжаудың негізінде әлемдік өркениет тұтастай шекарада тұр деуге болады. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шұғыл шешу мақсатында жаңа даму жиектерін анықтау керек. Өркениет пен мәдениетке, дін мен имандылыққа, саяси және экономикалық тұжырымдар өзара әрекеттесу үрдісіне жаңа көзқараспен қарауға міндеттейді.
Биосфера тұтастығын және әр адамның құқығын қамтамасыз ете отырып, барлық қоғамның мәселесін зорлық-зомбылықсыз шешу жолдарында адамзат өмір сүруге қабілетті және осы жолда еркін дами алады. 
 
Сызба 3.1.2

 

 
               Кесте 3.1.3 Қоғам өзін-өзі дамытатын жүйе ретіндегі
                                                    процесс:

                                Табиғи                                         Тарихи
            
Объективті шарт

Географиялық орта /тарихи –жаратылыстану заңдылығы/


Табиғат заңдары

Өндіруші күштер

Қажеттілік / Демокрит, Гольбах/    Субъективті фактор

Адамдардың саналы іс-әрекеті /мақсат қою, таңдау тәсілі, мақсатқа жету/

Қоғамның саяси-құқықтық заңдары

Меншік формалары

Еркіндік, саналы түсіну қажеттілігі сияқты    / Спиноза, Маркс/

Фатализм - қажеттіліктің абсолюттілігі және адам шығармашылығының саналы түрде терістелуі, яғни барлығы о баста, алдын ала, “маңдайға жазылып” қойған тағдыр үкімі ретіндеі.  
    Волюнтаризм - субъективті фактордың абсолюттілігі (жігер, идеялар) объективті шарттарды сонымен қатар табиғи-тарихи  заңдардылықтардың терістелуі.  

Қоғамның дамуы тарихи-жаратылыстану процессінің екі жақты диалектикалық бірлестігі, объективті және субъективті аспектілердің өзара әсері.
 Қоғамның дамуының объективті заңдары, тарихи процессте адамдардың іс - әрекеті еңбек қызметінің заңдылықтары және қоғамдық ара қатынасы ретінде көрініс табады. Еңбектің күрделенуімен қатар, қоғамдық қарым-қатынас тарихи процесстің басты мазмұнын құрайды және оның бағыттылығын анықтайды. Олардың объективті және заңды берілісі адамдардың объективті қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, ол сол қоғамға сай тәсілдер мен амалдарға байланысты қолданылады. Өмірді өзгерте отырып, өздерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамдар жаңа жағдайлар жасайды, ол үшін жаңа қажеттіліктер туындайды және де оны қанағаттандырудың жаңа амалдары мен тәсілдері ойлап табылады. Сондықтан бұл процесс қажетті, маңызды және қайталанып, отыратын заңдылық. Қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерді жасап шығарушы адамдардың өздері болып табылады, саналы түрде немесе инстинктің әсері арқылы. Адамдар өз тарихын өздері жасайды. Олар тарихи процесстің субъектісі ретінде танылады. 


Сызба 3.1.4 Қоғам элементтері
 

Cызба 3.1.5 Қоғамның құрамдас бөлігі

 
                                                                                                         
Cызба 3.1.6 Қоғамдық анализ әлеуметтік жүйе ретінде

 
Сызба 3.1.7 Тұлға санасының даму деңгейлері

 


Адам өмірінің кезеңдері:
1.    Сәбилік кезең;
2.    Балғын шақ;
3.    Жасөспірім кезеңі;
4.    Жастық шақ;
5.    Кемел шақ.

 Маркс тарихтың материалистік ұғымының мәнін былай тұжырымдайды: «Адамдар өз өмірінің қоғамдық өндірісінде белгілі бір қажетті, олардың еркінен тәуелсіз қатынастарға - өндірістік қатынастарға араласады; ол қатынастар материалдық өндіргіш күштердің дамуының белгілі бір дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын нақты базисін құрады да, соған саяси және юридикалық қондырмалар орнатылады және оған қоғамдық сананың белгілі формалары сәйкес келеді. Материалдық өмірді, өндіру тәсілі әлеуметтік, саяси және рухани өмір процессін бегілейді». (К.Маркс пен Энгельс. Шығ. 13-т., 6-1 бб.) Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну түрлері: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, әлеуметтік қатынас болып табылады. 
Бақылау сұрақтары
1.  Қоғамның діни идеалистік трактовкасы, натуралистік және диалектиктика- материалистік бағыты.
2.  Тарихи процестегі объективтілік және субъективті диалектика.
3.  Гносеологиялық және аксиологиялық өлшемдегі қоғам.
4.  Қоғамның материалистік түсінігінің негізгі принциптері қандай?
5.  «Қоғамдық болмыс» пен «қоғамдық сана» категорияларының мазмұны мен методологиялық мәні.
6.  Қоғамдық өмірдің негізі ретіндегі материалдық өнімнің құрылымы қандай?
7.  Өндіруші күштердің дамуының мінезі мен деңгейіне өндіруші қарым- қатынастың сәйкестілік заңы.
8.  Материалды өндіруші аясы, оның құрылымы.
9.  Әлеуметтік институт, оның құрылымы мен қызметі.
10. Антропосециогенез түсінігі. Оның дамуындағы еңбектің рөлі.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 645 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]