Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 28.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Маркстік философия реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:30

Маркстік философия

ΧΙΧ ғасыр, әсіресе ΧΧ ғасырда философиялық ойлаудың ең негізгі бағыттарының бірі марксизм философиясы болды. Бірнеше ондаған жылдар бұрын Бертран Рассел былай деп айтқан: “Бүгінгі таңда әлемнің жартысынан астамы маркстік теорияға сенетін елдер”.
Марксизм философиясы, ΧΙΧ ғасырдың Ι жартысындағы Еуропа дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси-таптық шарттың қалыптасу ерекшеліктеріне негізделген. Әлеуметтік-саяси қозғалыс берген сабақтардың ерекшеліктерінің негізінде  құрылған. Маркстік қоғам мен әлеуметтік қатынас концепциясы жаңа көзқарастың қалыптасуымен тығыз байланыста құрылған. Осындай дүниетанымның  қалыптасуы ассимиляциялау және құндылықты қайта өңдеуді талап етті, ал бұл сол дәуірдің ғылыми ойлары  еді.
Марксистік философияның қалыптасуының маңызды кезеңіне К.Маркстің «Гегельдің құқықтық философиясына сын» (1843), «Экономикалық-философия қолжазбалары» (1844), Ф.Энгельспен бірге жазған  «Қасиетті отбасы» (1845) атты кітабы және К. Маркстың «Фейербах туралы тезисі» (1845); 1845-1846 ж.ж К.Маркстің Ф.Энгельспен бірге «Неміс идеологиясы» атты қолжазбасын дайындады, ал 1847 жылы К.Маркс «Философия кедейлігі» кітабы жазылды. Марксизмнің негізін қалаушылар К.Маркстің «Капитал» және Энгельстің «Табиғат диалектикасы» еңбектерін және материалистік-диалектика принциптерін қоғамды және табиғатты тануда жаңа философияның ары қарай дамуы деп санауға болады.
Марксизм филсофиясы материалистік тұрғыда - диалектикалық материализм және тарихи материализм болып екіге бөлінеді.
1. Диалектикалық материализм негізінде Гегельдің идеализмін материалистік тұрғыда түсіну жатыр:
- материалистік диалектикалық әдіс;
- материалистік диалектикалық теория;
- болмыс сананы билейді және анықтайды;
- сана-жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті; 
- материя үздіксіз қозғалыста және дамуда болады;
- Материя мәңгі, шексіз, үнемі жаңа формаларға еніп отырады;
- дамудың маңызды формасы – практика, яғни адамның қоршаған дүниені өзгертуі және осы процесте адамның өзін өзі өзгертуі;  
- диалектиканың үш заңы: қарама қарсылықтың бірлігі мен күресі, сапа өзгерістері мен сан өзгерістерінің бір біріне өтуі, терісті терістеу;
2. Тарихи материализм негіздері:
- тарих, қоғам дамуын материалистік тұрғыда талқылау;
- қоғам дамуы – табиғи – тарихи процесс;
- экономикалық қатынастар барлық өзге қоғамдық қатынастарды, яғни құқықтық, саяси, діни, моральдік, т.б. анықтайды.
Сызба 1.6.7  Тарихты материалистік тұрғыда түсіну

Тарихты материалистік тұрғыда түсіну


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 2743 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]