Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Әлеуметтік философия


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (46.5Kb) ] 09.11.2013, 00:54

Әлеуметтік философия

 

Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы (генезисі).    Антропосоциогенез.    Қоғам    өмірінің   күрделіленуі.    Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық қоғам. Биліктерді бөлісу идеясы.    Мемлекет    пен    қоғамның    ажырасуы.    Қоғамның    әлеуметтік құрылымы.  Қоғам  динамикасы.  Қоғамның экономикалық  негіздемелері. Әлеуметтік модернизм. Еңбек қажеттілік ретінде. Адам болмысын еңбекке телу (редукциялау). Еңбек қабілет ретінде. Өндірмелі және өндірімсіз еңбек. Әйел еңбегі. Еңбекті бөлісудің гендерлік аспектілері.

Экономикалық жатсыну феномені. Әлеуметтік жатсыну феномені. Ашық қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Индустриалдық және стиндустриалдық қоғам. Ақпараттық қоғам феномені. Қазақстандық қоғам дамуының жолдары перспективалары.

 

Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай – ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.

Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.

«Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыруы болады, - дейдіФ.Энгельс – Ал оның өзі тағы да екі түрлі болады. бір жағынан – тіршілік заттарын, ... киім – кешектерді, пәтер – үйлерді және осыған керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан – адамның өзін өндіру тұқым жая беру түрінде болады».

Материалдық өндіріс – тарихи процестің негізі. Адамдар материалдық игіліктерді өндіру үшін белгілі бір өндірістік қатынастарды тудырады.

Адам баласы басынан әртүрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізді. Олардың даму дәрежесін бейнелейтін бір ортақ көрсеткіш бар. Ол еңбек құралы. Еңбек – күрделі процесс, қозғалыс, даму. Құрал бола алатын кез келген зат еңбек құралы бола бермейді. Ол ең алдымен, адамның қажеттілігін өтеуге жарамды болып, оның тікелей қатысымен еңбектенуге қолайлы құралға айналуы керек. Ертедегі тас дәуірі – жабайы адамдар тастан жасаған балта, балға, пышақ тектес құралдарды қару еткен заман болған еді.

Еңбек құралы мен адам бір уақытта пайда болып, бірге жасап келеді. Олар бір – бірімен біте қайнасқан.

Табиғат заттарын игеру бірқалыпты бола бермейді, күрделеніп отырады. Адам еңбек құралдарын жетілдіре берді. Бұл процесс шексіз. Адамның табиғатпен байланысы ұлғайып, тереңдеген сайын оның керексінуі артады, еңбек қарулары өзгереді, өздері де жаңаша қалыптаса береді.

Адамның от жаға біліп, пайдалануы өміріне түбегейлі өзгеріс әкелді. Ол металлургия өндірісінің өзегіне айналды. Тас, қола, темір «ғасырлары» деп аталған әртүрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді.

К.Маркстің «экономикалық дәуірдің айырмашылығы не өндіретіндігінде емес, қалай және қандай еңбек құралдармен өндіретігінде» деген тұжырымы өміршеңдігін көрсетті. Шындығында, еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін белгілейді және бейнелейді. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.

Адамзат тарихының балаң дәуірінде өндіргіш күштердің дамуының деңгейі мейлінше төмен болды, соған сәйкес қажеттіліктер де қарапайым еді.

XX ғасырда әлеуметтік қажеттіліктер жан – жақты дамып, күрделене түсті. Адамдар ешқашан қол жеткенге қанағаттанып, тоқырап қалған емес, керісінше, өндірісті үздіксіз жаңартып, алған білімін, ашқан жаңалығын, тәжірибеде пайдаланумен келеді. Жаңадан пайда болған өндіріс құралдары адамнан білім мен тәжірибені, қабілетті талап етеді. Күнделікті тұрмысқа, өндіріске енген электроника адамдардан едәуір дәрежедегі дайындықты керек етеді.

Еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде техника пайда болды. Техника- жасанды органдар жүйесі, оған адам өзінің көптеген функцияларын сеніп тапсырады. Қазіргі замандағы техника – адамға таусылмас энергия мен шексіз мүмкіндік беретін ерекше әлем.

Еңбек құралдары мен техника өндірістің құралдары болып табылады. Оларды материалдық өндірістің заттық бөлшегі деп қарастыруға болады.

Өндіріс тәсілінің құрылымында адам ерекше орынға ие. Адамның жан қиярлық еңбегі, қажымас қайраты, кәсіптік шеберлігі, ұйымдастыру қабілеті кез – келген материалдық өндірістің дамуындағы аса маңызды фактор. Адам - өндіріс тәсілінің тұлғалық бөлшегі.

XX ғасырда нақты білім жүйесі ретінде ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды. Материалдық өндірістің өсу қарқыны, денсаулық сақтаудың келелі мәселелері, адам өмірін ұзартудағы жетістіктердің бәрі ғылымның дамуына байланысты.

Қоғамның тарихы – адам мен өндіріс құралдарының өзара  әрекеттесуінің тарихы. Әрбір адам жаңа экономикалық және әлеуметтік, тағы да басқа қатынастарды игеріп және жете меңгеріп отырады.

Өндіріс тәсілінің маңызды элементі - өндірістік қатынастар. Олар материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасатын әртүрлі байланыстар мен қатынастарды білдіреді.

Өндірістік қатынастардың жүйелік құрамы күрделі, оған әртүрлі бағыттағы қатынастар кіреді. Меншіктік қатынастар, құралдар мен еңбектің нәтижелері кімнің қолында екенін анықтайды. Меншік иелері жеке адам, әлеуметтік топ немесе мемлекет болуы мүмкін.

Өндіру процесінде оған тікелей қатынастын адамдар арасындағы қатынастарды технологиялық қатынастар деп атауға болады.

Өндіріліген өнімді бөлу мен иемдену, айырбастау, сату мақсатында әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар аса маңызды роль атқарады.

Адам өзін сақтап және келешек ұрпақты өсіріп, адамзат өмірін жалғау үшін игіліктерді шығарғанда бір – бірімен экономикалық байланыс қатынасын жасайды. Жекелеген қоғамдық – экономикалық формациялардың өндірісіне енеді, іс - әрекет жасайды, өндірісті дамытады, қоғамдық қатынастарды қамтиды. Сөйтіп, еңбекшілер – қоғамдық қатынастарды бойына сіңірген, іске асыру үлгісін жасаушы, таратушы.

Әрбір тарихи дәуірде адамдар әртүрлі өндіріс тәсілін дамытты.

Балаң дәуірдегі жинақтау өркениетінде материалдық өндірістің қарапайым түрі дамыды, еркектер аң немесе балық аулады, еңбек құралдарын дайындады, ал әйелдер үй шаруашылығын басқарды.

Аграрлы өркениеттің материалдық өндірісінің негізі жер өңдеу мен мал өсіру облды. Жер өңдеумен қатар қолөнер де ілгеріледі. Қосымша өнім пайда болып, сауда – саттық дамыды, саудагерлер әлеуметтік топқа айналды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 2330 | Загрузок: 875 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]