Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Классикалық неміс философиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:29

Классикалық неміс философиясы

         XVII ғ. соңы және XIX ғ. басында Германия демократиялық артта қалушылықты жеңе отырып  буржуазиялық революцияға жетті, «XVIII ғ. Францияда, XIX ғ. Германияда саяси төңкерістің алдында философиялық революция болды». Жаратылыстану және қоғамтанудың жетістіктері неміс философиясының қалыптасуында басты роль атқарды: физика мен химия дами бастады, органикалық табиғатты зерттеу алға қарай дамыды. Математика саласындағы жаңалықтар нақты мөлшердегі анықтамалар ретінде процестерді түсінуге мүмкіндік берді.
Ламарк ілімі организмдердің қоршаған ортадағы даму шарттылығы, астрономиялық, геологиялық, эмбриологиялық теориялар, адамзат қоғамының даму теориялары, еркін ойлаудың дамуы – ресми дін мен шіркеудің елдің рухани өмірінде басқарушы таптың жағдайын бекітуге ұмтылуына қарсы тұру – осының бәрі бірінші орынға даму идеясын теория және шындықты тану әдісі ретінде шығарды. 
«Классикалық неміс философиясы» түсінігіне Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель және Фейербахтың философиялық жүйесі кіреді. Салыстырмалы аз тарихи кезең ішінде бірін-бірі сабақтастыра отырып, бұл жүйе кейбір ортақ белгілерге ие болды. Оған біріншіден, диалектиканың дамуы   «таза зердені сынау» әдісі ретінде ғана емес (Кант), тұтас жүйенің логикалық категориясы ретінде де қарастыруға болады. Диалектика, логика және таным теориясының тепе-теңдік принципі Гегель философиясында кең таралған. Екіншіден, диалектика әдісін тарихи процессте қолдану, объективті идеализм негізінде қоғамның даму заңдарын тұжырымдауға тырысты. Үшіншіден, тарихи прогресске сену, нәтижелі ғылыми танымға, оның ішінде философиялық танымға сену. Қорыта келе гуманизм адам құрал ретінде емес, мақсат ретінде пайдаланғандықтан оған деген шексіз құрмет (Кант) және философияның әмбебап нәрсесі ретінде пайымдалды (Фейербахтың антропологиялық материализмі).
         XVIII ғасырдың ортасынан басталған неміс мемлекеттеріндегі  неміс классикалық философиясының дамуы рухани мәдениеттің дәуірлік шарықтауы ең басты көрсеткіш болды, ол Германия дамуындағы прогрессті білдірді. Классикалық неміс философиясы келесі дүниежүзілік философиялық ойдың даму үрдісінде өз қолтаңбасын қалдырды. Ол Маркс, Энгельс, Герцен, Чернышевскийдің философиялық көзқарастарының дамуына теориялық негіз болды. Осының арқасында кантшылдар мен гегельшілдердің философиялық  мектептері пайда болды, оның қанат жайып дамуы XIX ғасырдың соңғы үшінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысына сай келді. 
 Кесте 1.6.1  XVII-XIX ғ.ғ неміс классикалық философиясы

Философтар     Философия-лық көзқарастар    Таным процесіндегі трактаттар (гносеология)    Адам өмір сүруінің трактаттары


И.Кант    
Объективті идеализм, агности-цизм    Біз өзіміздің  танымдық әрекет аумағына енген нәрселерді ғана тани аламыз. Ал біздің танымдық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды, яғни, олар «өзіндік заттар».    Адам табиғи мақұлық ретінде ақыл негізінде бекітілген заңдарға бағынады. Ал ақылды бола отырып адам заңдар формасындағы  абсолюттік моральдік міндеттерге бағынады. Бұл заңдар дербес мақұлық ретінде өзі үшін ақыл-ой негізінде бекітіледі. Адам ақыл-оймен қатар ерікке ие болғандықтан этика ақылды мақұлық ретіндегі адамға негізделеді 


И.Фихте    

Субъектив-ті идеализм    Әлемнің негізінде қандай да бір нақты  «Мен» жатыр. Әлемді интеллектуалды сезім арқылы тануға болады. Таным әдісі: тезис, антитезис, синтез арқылы ақиқатқа жетуге болады.    Субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ. Олардың өзара байланысында, әрине, субъект шешуші рөл атқарады, оның рухани күштері, шығармашылық іс-әрекеттері айнала қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған. Өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығарып қана тұлға өз-өзін орнықтыра алады, яғни еріктікке жетеді. «Еріктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең».

 

Ф.Шеллинг    


Идеализм    Дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ой - иррационалды, алғашқы, санаға емес, ырыққа, оның бостандыққа ұмтылуына негізделген.    Адам - әлеуметтік мақұлық, онда қайырымдылық зұлымдықты  жеңеді.

 

Г.Гегель    

Объективті идеализм    Таным саласында абсолюттік идея немесе Гегельдің сөзімен, абсолюттік рух өз дамуының соңғы дәрежесіне жетеді.     Гегель адам жанын, рухын құдайы сипатта түсіндіреді. Құдайдың адамда көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны  басқа дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух философиясы субъективті, объективті, абсолютті рух болып бөлінеді. Бұл кезеңдер – рухани еркіндік сатылары; 

 

Л.Фейербах    

Антропологиялық материа-лизм    Таным теориясы – сенсуализм. Шынайы әлем сезімде қабылданатын нақтылық, яғни, оны тек сезімдер мен түйсіктер арқылы тануға болады.    Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды, себебі ол адам миының қызметімен ажырамас байланыста. Олай болса сана Гегель дәлелдегендей, алғашқы, бірінші емес, керісінше материалдан туындайды – материя бастауыш, сана баяндауыш. 

 

К.Маркс
Ф.Энгельс    

Материа-лизм     Қоғамдық-экономикалық тәжірибе танымның негізі, мақсаты және критериі. Тәжірибеден теория туындайды, теория тәжірибеге қызмет етеді.     Маркс бойынша адам тарихи және әлеуметтік хайуан, сондықтан оның өмір сүруі «жеке индивидке тән абстракт емес. Ол өзінің шындығында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.».


Кесте  1.6.2  И. Канттың (1724-1804)
 Категориялар туралы ілімі

Ол төрт класқа бөлінетін 12 категорияны қарастырады, бұл каегориялар жүйесі ішкі логикалық құрылымға ие: әрбір төрт кластық катеоргиялар алғашқы екі категориясы қарама қарсы сипатқа ие, ал үшінші категория олардың синтезі болып келеді.
 Категорияны тұжырымдау принципі: 
    Сан
    Сапа
    Байланыс 
    Модальдық

Сан:

1. Бірлік
2. Көптік
3. Жалпылық
    Сапа:

1.    Нақтылық
2.    Терістеу
3.    Шектеу
Байланыс:

1. Субстанциялық
2. Себеп пен салдар
3. Өзара әрекет    Модальдық:

    1. Мүмкіндік
    2. Мән
    3. Қажеттілік

 


        Канттың негізгі шығармалары:
“Таза ақылға сын” (Гносеология)
“Практикалық ақылға сына” (Этика)
“Талқылауға қабілетті сын” (Эстетика)
       Кантқа  Күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы гипотезасы тиесілі (Жалпы теория және әлем теориясы). 
Кант шығармашылығының эволюциясын екі кезеңге бөліп қарастырады:
1.    Сынға дейінгі кезең (Жаратылыстану мәселелері).
2.    Сыни кезең (Онтологиядан гносиологияға дейінгі философиялық төңкеріс).
   
Кесте  1.6.3   Гегельдік философия кестесі

 
 
  1.6.4  Гегельдің философиялық жүйесі

Ештеңе - бірдеме – сапаның алғашқы белгісі


АЛЫНҒАН САПА - БҰЛ САН
АЛЫНҒАН  САН - БҰЛ ӨЛШЕМ
АЛЫНҒАН  ӨЛШЕМ - БҰЛ МӘН 
АЛЫНҒАН  МӘН -  БҰЛ ҚҰБЫЛЫС 
АЛЫНҒАН  ҚҰБЫЛЫС - БҰЛ АҚИҚАТ 
АЛЫНҒАН  АҚИҚАТ - БҰЛ ТҮСІНІК 
АЛЫНҒАН  ТҮСІНІК - БҰЛ ОБЪЕКТИВТІЛІК 
АЛЫНҒАН  ОБЪЕКТИВТІЛІК - БҰЛ АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ
АЛЫНҒАН  АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ - БҰЛ ТАБИҒАТ
АЛЫНҒАН  ТАБИҒАТ - БҰЛ СУБЪЕКТИВТІ РУХ
АЛЫНҒАН  СУБЪЕКТИВТІ РУХ - БҰЛ МОРАЛЬДІ ОБЪЕКТИВТІ РУХ
АЛЫНҒАН  ОБЪЕКТИВТІ АДАМГЕРШІЛІК РУХЫ - БҰЛ ӨНЕР
АЛЫНҒАН ӨНЕР - БҰЛ ДІН
АЛЫНҒАН  ДІН - БҰЛ АБСОЛЮТТІ  БІЛІМ
болмыс – еш нәрсе - қалыптасу   

 
1.6.4 а 
Гегельдің  абсолюттік идея философиясының дамуы

Бастапқыға 
қайта оралу
/абсолюттік идеяның
 өзін-өзі тануы/.

Абсолюттік идеяның даму сатысындаға үш кезең:
1.    Қалыптасуы және дамуы («Логика ғылымы»).
2.    Оның табиғат әлеміне ауысуы («Табиғат философиясы»).
3.    Абсолюттік идеяның дамуының жоғарғы сатысы. Құдай берген білім, бар ақиқаттың толық ашылуы, Абсолюттік рухтың өзін-өзі тануы («ойлаумен қамтылған дүние»), абсолюттік идеяның басталуы мен аяқталуының бірігуі, жоғарғы білім. Гегель термині бойынша “абсолютті білім” («Рух философиясы»).


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 1461 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]