Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Философия онтологиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:34

Философия онтологиясы 
      Болмыс – бар болып отырғанның, өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу, нақты өмір сүруді білдіретін категория.
Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән  деп атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. 
Қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Екінші табиғат - адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие. Екінші табиғат көптүрлі, ол әлеуметтік-тарихи болмыс, адам болмысына жақындау, бірақ ол адамнан салыстырмалы түрде тәуелсіз. Адам табиғаттың бөлшегі, сондықтан адам денесінің болмысына да болмау, пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның рухани болмысын, ішкі жан дүниесін де қамтиды. Тәнін ғана емес, көне гректер адам болмысының басты көрсеткіші ретінде қарастырған жанын күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі. Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді. 
Болмыстың түрлері саналуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірлікте. Дүниенің өзгермейтін, жойылмайтын бір бастауын, негізін бейнелейтін философиялық категория субстанция деп аталады. Плюрализм - дүниенің көптүрлілігін, бұл түрлердің бір-бірінен тәуелсіздігін мойындайды. Дуализм - дүниенің екі, материалдық және идеалдық бастауы бар дейді, ал моноизм бір ғана бастау туралы тұжырымдайды. Моноизм идеалистік және материалистік моноизм болып бөлінеді. Материяның басты қасиеті – қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалысыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді. Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырымас қасиеті. Кеңістік және уақыт - материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік - материя болмысының обьективті, жалпы, заңды формасы, ол  әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, құрылымдығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды. Кез-келген кеңістік қатынастар үш өлшем – координаталар (ұзындық, ең, биіктік) арқылы сипатталады. Уақыт - әртүрлі жүйелердің  жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды (бірбағытты, қайта оралмайды, үнемі өткеннен болашаққа қарай жүреді).
Сызба 2.1.1 Философия онтологиясы – әлемдегі адам болмысы


 
Болмыс - философиялық категория, алғаш қолданған Парменид. Классикалық  философияда тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең басты, бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі. 
Классикалық емес философия экзистенцализмді зерттейді. «Шекаралық ахуал» категориясына көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен өлімнің екі арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңілу мен қынжылу т.с.с. 
М.Хайдеггер,- «Болмыс және уақыт», еңбегінде адамның өмір сүру мәнін «Dasein», (осы арадағы болмыс) деген ұғыммен береді. Ол болмысты адам болмысы - болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол - азап шегуші сана. «Адам дегеніміз - маза» деуі де қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану, өлімге толы екенін көрсетті. 
Ж.П.Сартр – «Болмыс және ештеңе». Экзистенция дегеніміз - өзінің шектелгенін, яғни уақытша екенін сезінетін, ештеңеге бағытталған адам өмірі.
Экзистенциализмнің ерекшеліктерінің бірі - жеке адам мен әлеуметтік болмыстың бір-біріне қарсы қойылуы.

 

 

 

 
2.1.2 Материя
(алғашқы Аристотель)

Адамға түйсіктері арқылы белгілі болатын тәуелсіз өмір сүре отырып, біздің түйсіктеріміз арқылы: 
а) бейнесі жасалатын
б) суреті түсірілетін
в) көшірмесі алынатын
г) сәулесі түсірілетін
объективті реалды философиялық категория /Ленин/ «Материализм және эмпириокритизм».
Бар болу тәсілі -      

                                  

Жалпы форма ретінде өзгеру.

     а) Механикалық
б) Физикалық
в) Химиялық                         Энгельс     
г) Биологиялық
д) Әлеуметтік
                                            үш өлшемді                       қайтымсыз 
                                                                                   құрылым                        ұзақтық
                                                           
Қасиеттері:
а) абсолюттік                                     1) Субстанциялық концепция 
б) объективтік                                    /Демокрит, Ньютон/ Кеңістік пен уақыт
в) жасалмайды                                    материядан тәуелсіз.
г) жоғалмайды                                   Атом кеңістікте қозғалады.
д) мәңгілік                                          2) Реляциондық (Аристотель,                                    
                                                                  Эйнштейн, Лобачевский), уақыт пен                                                                                            
                                                 кеңістік материяның атрибуты.
                                       Материямен байланысты.


 
Кесте 2.1.3 Материя құрылымы объективтік шындық сфералары

Сана адамның рухани әрекетінің көрінісі мен барлық формаларын зерттеу және белгілеу үшін қолданылатын бастапқы философиялық ұғым
Сана формуласы: сана = әлем туралы білім + өзін-өзі тану + адамның әлемге қатынасы

 

 

 

                                   Дүниенің идеалды                         Шындықтың алдын-ала                              Сана өнімі
                                           бейнесі                                           көрінісі                                   /Сезім, идеялар, идеалдар/
             /Дүниенің көрінісі/                                                                                 Адамдар арасындағы қарым-                                       
                                                                                                              қатынастарға белсенді  әсер                                                              
 
Бақылау сұрақтары
1.    Антикалық философиядағы болмыс мәселелер (Элей мектебі).
2.    Әлем мәселесінің дуалистік және монистік сұрақтар шешімі.
3.    Болмыстың және объективті шындық мәндерінің ара қатынасы.
4.    Материяның негізгі құрамдас бөліктері қандай?
5.    Бейне материяның негізгі қасиеті ретінде. Бейненің түрлерінің эволюциясы.
6.    Материяның болмыстық әдістері мен негізгі түрлері.
7.    Материя құрылымы туралы жаңа ғылым.
8.    Адам болмысының ерекшелігі неде?
9.    Сананың пайда болуы мен табиғаты. Сананың пайда болуындағы еңбектің етудің рөлі?
10.     Сана мидың қызметі ретінде.
11.     Жасанды интеллектің мәселелері неде?
12.     Қазіргі кездегі жаратылыстанудағы (психоанализ) ілімдердеріндегі ой        мәселелері.


 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 807 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]