Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Антикалық мәдениеттегі философия


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (27.3Kb) ] 09.11.2013, 00:45

Антикалық мәдениеттегі философия

Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексті. Философия генезисі. Грек мифологиясының әсері Философияның өзіндік анықталуы және мифтен ажыратылуы. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бетбұрысы. Саяси-этикалық сұрақтардың қойылуы. Көне Грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер   мен Сократтың   ролі.   Парменид:   философиялық   дәлелдеу қалыптасуының қайнарында.

Платонның білім және құзырлылық мәселесін қоюының іргелілік сипаты. Платон философиясы табнғат пен қоғам үстінен Зерде басымдылығын орнықтыруды іздестіру формасы хақында.

Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Зерделі өмірге қол жеткізу үшін білім мәселесінің мәртебелілік және маңыздылығы. Білім алу жолдары мен құзырлылықтың мәселелену Этикалық құзырлылықтың қалыптасуы және оның зерделі іс-әрекетте туралы білімдер жинақтаудағы рөлі. Логика салиқалы ойлаудың органон ретінде. Өркениетті адам табиғатын айқара ашудың формасы ретінде. Қоғамдағы өмір Зерде мүмкіндіктерін шығармашылықпен іске асырудың шарты ретінде.   Қоғамдағы   зерделі  өмір   ретіндегі   «полития»   -   адам қоғамдастықтың мақсаты.

Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Эпикуреизм - жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақьггына қол жеткізудің философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи құқық идеясы жалпы құқықтық тәртіп орнықтырудың негізі ретінде. Рим мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастыруға құқықтың стоицистік тұғырнамасының әсері.

Антикалық      философияның       адамның      дүниеге       рационалдық қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының      қалыптасуына      әсері.      Антикалық      философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени  және  саяси-әлеуметтік активнзмінің қалыптасуына әсері.

Антикалық философия – бүкіл дүние жүзілік философияның дамуындағы керемет құбылыс. Ол Көне Грекияда біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасырдың соңында қалыптасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырына дейін өмір сүрді.

Көне Грекияда мың жылдан артық уақытта әртүрлі сарындағы философиялық ілімдер пісіп, жетіліп кейінгі философиялық ойлаудың дамуына негіз, бастау болды.

Антикалық философияның өзіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқысы табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстығы. Алғашқы грек философтарын «физиктер» деп сипаттау кездейсоқтық болмаса керек.

Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.

Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.

Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.

Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.

1.    натурфилософиялық кезең.

2.    гуманистік кезең.

3.    классикалық кезең.

4.    эллиндік кезең.

5.    римдік кезең.

Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен IV ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософияға милет мектебінің өкілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқызуға болады.

Бұл кезеңдегі философиялық ілімдердің мәнін түсіну үшін мынадай іргелі ұғымдарды игеру керек:

1.    түпнегіз – барлық заттардың негізі

2.    апейрон – шексіз, мәңгі, белгісіз, ұдайы қозғалыста болады

3.    «логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді.

4.    апория – шешім табудың қиындығы, тығырыққа тірелгендік деген мағынада қолданылады

5.    атом – Демокрит философиясында өте кішкене, бөлінбейтін бөлшек.

Милет мектебі - антика философиясындағы ең алғашқы мектептердің бірі. Оның өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр.

Фалес әлемнің түпнегізі су деп есептеген. Бәрі судан пайда болады, бәрі суға айналады. Фалестің шәкірті Анаксимен әлемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық заттар мен құбылыстар шексіз, шетсіз апейроннан пайда болған деді.

Эмпедокл әлемнің негізі ретінде төрт затты, яғни отты, суды, ауаны және жерді алды.

Аталған философтардың бәрі дүниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз түпнегіз, ол өзінің басқа арқылы түсіндірілуін қажет етпейді.

Гераклит бәрі өзгереді, бәрі өткінші деп пайымдады. Өзгерістердің қозғаушы күші мен негізі -  қарама – қарсылықтардың өзара күресі.

Элеаттар мектебінің өкілдері Парменид, Зенон, Ксенофан.

Субстанцияны түсіндіру мәселесінде олар нақты бір зат пен құбылыстан гөрі өзімен өзі болмыс деген ұғымды қарастырады.

Парменид философиясының негізгі тезисі – болмыс бар, болмыс емес жоқ, болмыс еместі тануға, тіпті ол туралы айтуға да болмайды.  Ол мәңгілік, пайда болмайды, жойылмайды, ол біркелкі және үздіксіз.

Ксенофанның пікірінше, болмыс дегеніміз - Құдай. Құдай әлемнің субстанциясы.

Зенон шекті және шексіздік, жалғыздық пен көптік, қозғалысты ойлаудың мәселерін қойып, зерттеді.

Зенон бос кеңістік, көптік, қозғалыс мәселелерінің сезімдер үшін бар екендігін мойындады, ал оларды ұғымдар деңгейінде қалай түсіндіру қажет. Мәселенің түп төркіні осыда болса керек.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 7709 | Загрузок: 1536 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]