Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:27

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

    Қайта өрлеу дәуірі (Реннесанс) XV – XVI ғасырдағы феодалдық құрылыстың дағдарысы мен Еуропада капитализм тууын білдіреді. Философия үшін ол теоцентризмнен рационализмге, дүниені ғылыми түрде зерттеуге өтетін өзіндік өтпелі кезең болды. 
    Қайта өрлеу дәуірі философиялық ой, ғылым және өнердің қосылысын көрсететін кезең болды. Мұның өзі Италияда гуманизм, өрлеу деп аталатын жаңа дәрежедегі мәдениет тудырады.
    «Гуманизм» түсінігі XV ғасырдың ортасында пайда болады, Цицерон мен Тацит өз кезінде «humanitas» - термині арқылы адамдық, адамгершілік, сауатты, яғни қоғам өміріне белсене қатысатын еркін азаматтың қасиеттерін белгіледі. 
    Қайта өрлеу дәуірінің философиясына тән қасиет – Құдайдың жеке басын жоққа шығару. Біресе ол табиғат ішіне кірсе («Табиғат дегеніміз — ол заттардың ішіндегі Құдай», - деген Д.Бруно.), біресе Құдай шынайы шексіздік болатын болса, онда ол жаратқан Дүние шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие. (Н. Кузанский). Мұндай пантейзм  мен гилозоизм табиғаттың санасыз  түрдегі шығармашылығын оқу, түсіну танымға және бұл дүниені өзгертуге деген сенімді арттырады. Осыдан барып «табиғи сиқыр» пайда болады, астрология, алхимия әйгілі болды.
    Еуропалық ғылыми түсінік  пен жаратылыстанудың қалыптасуына поляк ғалымы, астроном және философ Николай Коперник (1473 – 1543) үлкен үлес қосты. Оның негізгі еңбегі антикалық дәуірде қалыптасқан дүниенің астрономиялық картинасын қайта қарады. 
    Гелиоцентризмнің ары қарай дамуын  астроном, математик, физик және философ Иоганн Кеплер (1571 – 1630) жүзеге асырды. Ол күн системасының біртұтастығы және оның ішіндегі планеталардың өзара байланыс тезисін жақтады. 
    Қайта өрлеу дәуіріндегі мәдениет, жалпы дүниежүзілік  көзқарас позицияларының жаһандық ауысу өзгерісімен сипатталады. Дүниенің орталығында антикалық Космос немесе ортағасырлық  Құдай емес, Адам тұрады. Және де ортағасырлық  Пессимизм мәдениетінен өзгешелігі Қайта өрлеуде Оптимизм мәдениеті басым болды.
Ф.Энгельс осы кезеңге мынадай тұжырым жасады: «Бұл бұрын адамзат өз басынан өткерген замандардың ішіндегі ең ұлы прогрессивті төңкеріс кезеңі, титандарды қажет еткен кезең, ойлау күні, құштарлық пен мінезді, көпжақтылық пен ғылымдылықты тудырды. Табиғатты зерттеу жалпы революциялық жағдайда жүргізілді, оның өзі де революция еді, өйткені өзінің өмір сүру правосын жеңіп алу басты мақсат еді».

 

 

 
Сызба 1.4.9 Қайта өрлеу дәуірінің философиясы /Ренессанс/

Антропоцентризм (суретші культі, “адам - өзін өзі жасаушы”). «Адам – ол бақытты ажалды Құдай». /Альберти/
Онтология – шексіз әлем дүниесі. Гелиоцентризм. Көптеген ақылды әлемдер өмір сүреді. /Бруно/. Дүниенің орталығы болмайды. Галилей –  аспан Колумбы.
Гносеология – Ақыл позициясының нығаюы. Эксперименттік жаратылыстанудың қалыптасуы. Механика –математикалық ғылымдардың жұмағы. /Л. да Винчи/ 
Аксиология – адам бостандығы. Гуманизм. Эпикуризм және этика құндылығы. Адамның жердегі борышы.

 

    

 

 


    
    

 

 

 

 
Кесте 1.4.10 Ренессанс философиясының мазмұны мен негізгі мәселелері
Бағыты
    Өкілдері    Негізгі шығармалары    Негізгі ойлары
Гуманитарлық    Л.Валла
Д,Алигьери
Ф.Петрарка    «Ләззат жайлы». «Құдыретті комедия», «Менің сырым», «Өзіндік өмір жайлы»    Прогресшіл қайраткерлердің үлгісі – жан-   жақты дамыған тұлға


Неоплатондық    Н.Кузанский    «Ғылыми білімсіздік»,   «Тұжырымдар жайлы», «Оқылған білместік апологиясы»    Неоплатонизм парадигмасы түйінделеді:
Даралық-Ақыл-Жан атты платондық триада диалектикасына; сатылы жойылу-жоғарғы «жеке және жалпы»-дан үзілу, тарау материясына; бастыны жұмбақ-интуициялық арқылы тану; адам жанының материялық ауыртпалықтан еркін болуы, тақуалық немесе шабыттың көмегімен таза руханилыққа жету 
Натур фило-софия-лық    Н.Коперник 
Д.Бруно 
Г.Галилей    «Себеп, бастау және даралық жайлы»    ∙пантеизм
∙табиғаттың шексіздігі туралы идея;
∙антика (адамның және хайуандардың тіршілік иелерінің онтологиясы) заманында үстемдік алған әлемге органикалық көзқарас,
∙Адамды «табиғаттың бөлшегі», «Барлық заттар ғарыштың ішінде, ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде»,-деген  Д.Бруно ойы ертедегі философиядағы микро және макрокосмосының теңдігін көрсеткендей болады.
∙гилозоизм
∙Ортақ, жалпы байланыс, заттардың қозғалысы және табиғат үрдістерін сипаттағанда көрінетін диалектика
Рефор-мация-лық     М.Лютер
Т.Мюнцер
Ж.Кальвин    Библияны неміс тіліне аудару «Христианиннің бостандығы туралы», 
«Праждық манифест»    Волюнтаризм және номинализм: сенім құдайшылықпен шектелмейді, ол өзіне саясатқа, қоғамға, ғылымға және мәдениетке деген белгілі бір көзқарастарды жинақтайтын үлкен көлемді жүйе, және біршама тұтас дүниетанымды береді.
Саясат-тық    Н.Макиавелли     «Патша» және «Тит Ливидің бірінші декадасы жөнінде»    Ол обьективті тарихи қажеттілік пен заңдылық идеясын ұсынады. Оның талқылауына христиандық моральдан азат  тәжірибелік ғылым кіреді.  Н.Макиавелли қазіргі заманғы саяси ғылым мен салыстырмалы әлеуметтік сараптаманың негізін қалады.
Утопиялық-социолизм    
Т.Мор 
Т.Компанелла    
«Утопия аралы»,  
«Күн қаласы»    1) қоғамдық меншік пен қанау жоқ;
2) еңбек ету барлық қауым мүшелеріне міндетті;
3 )барлығы қоғамға пайдасын тигізу керек. 

Бақылау сұрақтары
1.    Қайта өрлеу дәуіріндегі ерте Гуманизм: дағдарыс себебі.
2.    Әлемнің жаңа натурфилософиялық бейнесі /Коперник, Галилей, Коплер/
3.    Тәжірибелі жаратылыстану мен ғылыми білімнің құрылуы.
4.    Н.Кузанский мен Д.Бруноның философиялық-космологикалық ілімі: ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
5.    Қайта өрлеу дәуіріндегі сананың ерекшелігі.
6.    Ренессанстың әлеуметтік – саяси идеялары (Макиавелли, Т.Мор).
7.    Скептицизм және антидогматизм. /М.Монтень, Э.Роттердамский/
8.    Н.Кузанскийдің пантеизмі мен диалектикасы.
9.    Гуманисттік антропология мен эпикуризм.
10.    Адам адамгершілігі туралы П. делла Мирандола.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 1267 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]