Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Тауар-ақша қатынастары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 22:18

Тауар-ақша қатынастары

 

Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары

Тауар ерекше экономикалық игілік ретінде кез-келген экономикалық жүйенің жасушасы болып табылады. Адам еңбегінің нәтижесі болып табылатын өнім тауарға айнала алады. Себебі, ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналады, айырбасқа және сату-сатып алуға бағытталады.
Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің өнімі. Тауардың 2 қасиеті бар:
1. Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады. 
2. Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала алуы.
Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының екі жақтылығын көрсетеді. Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығынан туындайды. Демек, кез-келген тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан – бұл адамның жұмыс күші шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі. 
Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Мәселен, ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі – үстел, тігіншінікі – көйлек және т.б. болып табылады. Бірақ, ағаш ұстасы да, тігінші де нақты еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып, ақыл-ой және дене еңбегін шығындайды. Адамның осындай шығындары тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол оның нақты түріне тәуелсіз болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп атайды. Демек, нақты және абстрактілі еңбек – бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі жағы.
Нарық жағдайында тауардың құны жеке еңбек шығынымен емес, қоғамдық қажетті еңбек шығынымен және қоғамға қажетті жұмыс күшімен анықталады. 
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты - өндірістің қалыпты жағдайында және еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының орташа деңгейінде өнімді дайындауға кететін орташа уақыт. Бұл уақыт нарыққа әкелінген тауар массасымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты және тауардың құны еңбек өнімділігінің әсерінен тұрақты түрде өзгеріп отырады. Уақыт бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің санын еңбек өнімділігі деп атайды және ол мына формуламен анықталады:
Еө (еңбек өнімділігі) = Q (өнім саны) / Т (уақыт).
Еңбек қарқындылығы – уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс күшінің шығындары. Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу қажет. 
Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіне шаққандағы өнімдер саны артады, ал өнімнің құны төмендейді. Еңбек қарқындылығының артуы кезінде өнімдер саны адамның дене шығындарымен бірге өсіп, нәтижесінде өнімнің құны өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты, тауардың нарықтық құны еңбектің жеке шығынымен және жеке жұмыс уақытымен анықталмайды, ол қоғамға қажетті орташа жұмыс уақытымен анықталады. Осыны құн заңы деп атайды.
Құн заңы тауар өндірісі жағдайында өндірісті реттеудің негізі болып табылады. Құн заңы тауардың құн бойынша айырбасталу үдерісінде көрініс табады. Ол тауардың қоғамға қажетті еңбегінің мазмұнымен өлшенеді. Тауарды құн бойынша сату және сатып алу заң ретінде күшіне енеді. 

4.3 Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары

Тауарлы шаруашылықтың дамуы ақшаның пайда болуына мүмкіндік берді. Алайда, оның пайда болуы туралы ортақ шешім әлі жоқ. 
Тауар құнының одан әрі дамуымен байланысты, ақша бүгінгі күні тауарлардың айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық құрал ретінде емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын абсолюттік өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары деп саналады. Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсете алады. Олай болса, ақшаның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен көруге болады. 
Ақшаның атқаратын қызметтері:
1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін. 
2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады.
3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады.
4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің болуын қажет етеді.
5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды. 

Әдебиеттер тізімі

1.    С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б. 
2.    Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет. 
3.    Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет. 
4.    Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б. 
5.    Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.
6.    Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с. 
7.    Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 . 
8.    Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б. 
9.    Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.
10.    Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.
11.    ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.
12.    ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.
13.    ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.
14.    ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.
15.    Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 1409 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]