Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Халықаралық экономика


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 22:52

Халықаралық экономика

 

Мақсаты: халықаралық сауданың негізгі теорияларына жалпы шолу жасау және мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беру. Сонымен қатар, Қазақстан-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін талқылау.

Талқылау сұрақтары:
15.1 Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары
15.2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты
15.3 Төлем балансы және валюта бағамы
15.4 Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі
15.5 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі

    Негізгі ұғымдар: әлемдік нарық, халықаралық еңбек бөлінісі, абсолютті артықшылықтар, салыстырмалы артықшылықтар, Хекшер-Олин дәлелдемесі, жаһандану, сыртқы сауда, экспорт, импорт, сыртқы сауда балансы, протекционизм, еркін сауда саясаты, төлем балансы, валюта бағамы, девальвация, ревальвация, 

15.1 Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары

Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық шаруашылықтар арасындағы қалыптасқан сауда-саттық қарым-қатынастарымен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер, жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы және сатып алынуы мүмкін. 
Әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы халықаралық еңбек бөлінісімен (ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік шарттарының алуан түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға, капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына әртүрлі иелік етуі (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өндірістік мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда тиімсіз және мүмкін емес болып табылады.
Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер Адам Смит пен Давид Рикардо көңіл бөлді. А.Смит былай деп жазды: «кез-келген өнімді кез-келген елде өндіруге болады, бірақ олардың шығындары өте жоғары және сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға түсетін тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс». Олай болса, қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен түсіндіріледі. Смитше, әлемдік сауданың тиімділігі қандай да бір елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге қарағанда абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша, А.Смит абсолютті артықшылықтар теориясын қалыптастырды. Ал Д.Рикардо болса, өзінің әйгілі салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытты. Айталық, Қазақстанға Қырғызстанға қарағанда бидай мен мата өндірісі арзанға түседі. Егер бұлай болса, онда Қазақстанға Қырғызстанмен саудаласудың мүлдем қажеті жоқ.
Алайда, салыстырмалы шығындар теориясына сәйкес екі ел арасындағы сауда тиімді болып табылады. Айталық, Қазақстанда бидайдың 1 бірлік құны матаның 1,5 бірлік құнына тең. Ал Қырғызстанда бидайдың 1 бірлігі матаның 2 бірлігіне тең. Егер, Қырғызстанға бидай шығарсақ, онда оның құнына матаның 2 бірлігін алуға болады. Олай болса, матаға қарағанда бидайды Қазақстанда өндірген аса тиімді болып табылады. 

 

 

              Қазақстан                  Қырғызстан
      Бидай                           Бидай
    450   
        b                           400   f
300                        300
200                        200   d
100                          100
         0                а         с            0                                   e
        100 200 300 400 500 600 Мата               100 200 300 400 500 600 Мата
Сурет 15.1 Салыстырмалы артықшылықтар
Суреттен көріп отырғанымыздай, Қазақстанның ішкі нарығында бидайдың 300 бірлігі 450 бірлік матаға айырбасталар еді (аb сызығы). Ал егер бидайды Қырғызстанға шығарсақ, онда оған 600 бірлік мата алуға болады (ас сызығы). 
Қырғызстан үшін ішкі нарықта 600 бірлік матаға 300 бірлік бидайды айырбастауға болады (de сызығы). Ал егер ол матаны Қазақстанға сатса, онда оған 450 бірлік бидай ала алады (fe сызығы).
Егер Қазақстан үшін сыртқы саудадан болатын ұтыс ас аралығын құраса, онда Қырғызстан үшін бұл ұтыс df аралығын қамтиды. Сонымен, екі елдің салыстырмалы шығындарын осылайша есептеу сыртқы сауданың дамуына мүмкіндік жасайды.
Швед экономистері Эли Хекшер мен Бертиль Олин Рикардо-ның салыстырмалы артықшылықтар теориясын әріқарай дамытты. Олардың ойынша, сыртқы саудаға түсетін өнімдердің шығындары өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларымен, технологиямен және сұраныс пен ұсыныстың жағдайына байланысты анықталады. Әлем елдерінде еңбек, капитал, жер және ғылыми жетістіктер сияқты өндірістің негізгі факторларының әртүрлі үлестірілуіне байланысты өнімді экспорттаудың сипаты табиғи, еңбектік, капиталдық, және ғылымды қажет ететін болып бөлінуі мүмкін. 
Осындай ерекшеліктерге қатысты, Хекшер-Олин дәлелдемесі қалыптасты: мәселен, капитал артықшылығына ие ел капитал сиымды тауарларды экспорттайды немесе сол елде жұмыс күші көп болса, онда еңбек сиымды тауарларды сыртқа шығарады. Демек, қандай да бір елде белгілі бір фактор тапшы болса, онда ол ел сол фактордың көмегімен өндірілген тауарларды импорттайды.
Қазіргі әлемдік шаруашылық ХЭБ және ұлттық экономикалар-дың ынтымақтастығы негізінде туындайтын экономикалық қатынас-тар жүйесі болып табылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, әлемдік шаруашылықтың пайда болу шарты ең алдымен ХЭБ-ке негізделеді. ХЭБ – бұл жекелеген елдерде өнімнің белгілі бір түрін өндіруге тұрақты түрде мамандану және шоғырлану. ХЭБ-ң аса маңызды алғышарты болып өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі табылады. Өндірістің барлық факторлары былай бөлінеді:
1. Негізгі факторлар – бұл елге табиғаттың сыйы ретінде берілген және тарихи ұзақ жылдар бойы қолданылып келетін факторлар.
2. Дамыған факторлар – бұл интенсивті ізденістер мен капитал салымдарының нәтижесінде игерілген факторлар.
3. Жалпы факторлар – бұл әртүрлі салаларда қолданылатын факторлар.
4. Ерекше факторлар – бұл бір салаға арналған немесе өнімнің белгілі бір тар топтарын жасау үшін қажетті факторлар.
Қазіргі әлемдік шаруашылық үшін өндіріс факторларының халықаралық алмасуының дамуы, екі жақты және көп жақты жүйелер, көптеген мемлекеттер мен мемлекетаралық бірлестіктер шеңберіндегі ашық экономиканың пайда болуы тән.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Халықаралық Валюталық Қордың (ХВҚ) стандатты жіктемесі әлемнің 184 елін қамтиды және келесідей топтарды бөліп көрсетеді:
1. Индустриалды елдер, оларға әлемдік экспорттың 2/3-сі және әлемдік ЖІӨ-ң 50%-дан астамы келеді. Бұл Солтүстік Американың, Батыс Еуропаның және Тынық мұхит бассейнінің 24 мемлекеті.
2. Дамушы мемлекеттер – бұл Азияның, Африканың және Латын Америкасының 132 елі.
3. Өтпелі экономикалы елдер – бұл Орталық және Шығыс Еуропаның, бұрынғы КСРО-ның 28 мемлекеті.
Дүниежүзілік банктің (ДБ) жіктемесіне байланысты әлемнің 209 мемлекеті табыстар деңгейі бойынша негізгі төрт топқа бөлінеді:
1. Табысы аса жоғары дамыған мемлекеттер.
2. Табысы жоғары мемлекеттер.
3. Табысы орташа дамушы мемлекеттер.
4. Табысы төмен дамушы мемлекеттер.
Әлемнің барлық мемлекеттері экономикалық дамудың қандай деңгейінде тұрса да олар бүгінгі күні барлық адамзаттың мүдделеріне қайшы келіп отырған жаһандық мәселелермен соқтығысып отыр. Қазіргі уақытта жаһандық мәселелерге демографиялық, азық-түліктік, экологиялық мәселелерді және әлемдік ядролық соғыс қаупін жатқы-зуға болады. Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық экономикалар ашықтылық дәрежесіне байланысты экономикалық дамудың әртүрлі деңгейін бастан кешіп отыр.
Жаһандану – бұл әлемдік экономикаға бірігуді күшейтудің үдерістері. Жаһанданудың пайда болу нысандары халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі түрлерімен тығыз байланысты болып табылады. Оларға тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасы, экономикалық интеграция, өндіріс факторларының әлемдік жылжуы, ғылым мен техника саласындағы айырбас, халықаралық валюталық-несиелік қатынастар жатады. Жаһанданудың арқасында әлемдік шаруашылық аса күрделі, әрі терең өзгерістерге ұшырады: фирма ішілік айналымның әлемдік саудадағы үлесінің өсуі, тікелей инвестициялардың, банктік операциялардың және қаржылық активтердің өсуі. Жаһанданудың қазіргі теориясы еркіндік моделіне сүйенеді, яғни мемлекет қызметін шектеу, нарықты жан-жақты қолдау және дамыту, әлемдік бағалар негізінде ресурстарды тиімді бөлу және қолдану. Бұл жерде мұндай шаралар ұлттық саясаттың мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс. Алайда, жаһандану жағдайында осылай дамудың да өзіндік кемшіліктері бар. Соңғы 30 жылдың ішінде бай елдер мен кедей елдер арасындағы алшақтық көбейе түсті, жұмыссыздық әлемдік деңгейде өсе түсті, табыстағы пайданың үлесі артып жалақы деңгейі төмендеді, экономикалық өсудің қарқыны бәсеңдеді. Дегенменде, жаһанданудың артықшылықтары да бар: біріншіден, адамдар арасында – олар меншік иелері, табыс алушылар, біліктілігі бар жұмыскерлер; екіншіден, фирмалар арасында – олар ірі, халықаралық, жаһандық бизнес өкілдері, технологиядағы көшбасшылар; үшіншіден, мемлекеттер арасында – капитал мен технологияны экспорттаушылар, таза кредиторлар, инфрақұрылымы жақсы дамыған және тиімді экономикасын құра білген мемлекеттер.
Қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық сауда мен әлемдік шаруашылықтың даму стратегиясының мақсаты болып әлем елдерінің ұлттық мүдделерін қорғаштау және даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді экономикалық кеңістікті жасау табылады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 2316 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]