Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.01.2015, 21:29

Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер

Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс, яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар үнемі дамып, жетілдіріліп отырады.  Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне және өндіріс құралдарына  жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен факторлар қосылуда .
Өндіріс (жаңа заманға сәйкес) «қоғамдық үрдіс» болып табылады. Бұл дегеніміз, барлық адамдар бір-бірімен байланыста хабарласып  жұмыс істейді. Мына суретте қоғамдық өндірістің негізгі сатыларын бөліп көрсетеді (сурет 2.1).

Өндіріс – бұл негізгі пункті, адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін өнімдерді өңдеу және өндірудегі негізгі бөлігі. Өндіріс - ¬ экономикалық айналымның кілті, өйткені өндіріссіз тұтыну да,айырбас та болмас. 
Бөлудің  арқасында  әрбір өндірушінің өндірген өнімдерінің үлесі анықталады. 
 Айырбас - мұнда өндірушілер өз еңбек өнімдерін басқа туаурларға ауыстырады¬. Мысалға, Ірімшік істеуші тек қана  шикізатқа  мұқтаж  болмайды ол өзіне , сонымен қатар нанды да , және т.б. қажеттіліктердің барлығын ол айырбастың арқасында ала алады. 
 Тұтыну - жасалған игіліктерді қолдану ¬арқылы, адамдардың  қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Ол бір уақытта тұтынылған игіліктердің толтырылуына арналған, қоғамдық өндіріс процестерінің жаңаруын болжайды.
    Осы өндірістің элементтері мен факторларының әрқайсысын айқынырақ қарастырайық.

2.1 сурет - Қазіргі өндірістің басты элементтері

2.1  Өндірістің адамдық факторы
          2.1.1 Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі
    Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке деген қабілеті, оның өндірісте қолданатын жеке және ойлау күшінің бірлігі. Жұмыс күші еңбек үрдісінде іске асырылады, сондықтан “жұмыс күші” және “еңбек” деген ұғымдар өндірістің адамдық ресурсы ретінде жиі байланысып жатады. Еңбекті адамдардың тұрмыстық құндылықтарды құру бойынша мақсатты бағытталған қызметі ретінде қарастыруға болады. Оның маңызды көрсеткіші еңбек өнімділігі, яғни оның өнімділігі, нәтижелілігі болып табылады. Ол: 1) еңбек бірлігіндегі өнімдер санымен немесе; 2) өнім бірлігіндегі уақыт санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің артуының арқасында еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды, қоғамның байлығы арта түседі. Еңбек өнімділігіне бір қатар факторлар әсер етеді (2.2 сурет).

Еңбек өнімділігінің деңгейін белгілейтін негізгі факторлар    - қызметкерлердің білімділігінің, біліктілігінің деңгейі
- өндірушілердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығушылық дәрежесі
- ғылым мен техниканың даму деңгейі және оларды өндірісте қолдану
- өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігінің дәрежесі
- еңбек жиілігі, яғни кернеуі немесе еңбек жылдамдығы
табиғат жағдайлары (табиғат ресурстары, топырақ, климат және т.б.)


2.2 сурет
                                                                                                            
Адамның еңбегінің дамуымен қатар қоғамдағы еңбек өнімділігі арта түседі. Бірақ, өндірістегі адамдардың БҰРЫҢҒЫ еңбегімен жасалған еңбектері (ТІРІ еңбегі),  машиналардың жұмысымен алмастырылып, ығыстырыла бастайды. Бұл өндірістегі адамдардың атқаратын міндеттерін өзгертеді.

          2.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор
    Жедел дамып келе жатқан ғылыми-техникалық революция (ҒТР) экономикада үлкен өзгерістер туғызды. Оған электроника, компьютер, икемді автоматтандырылған жүйе мен басқа да жаңалықтарды енгізу ғылыми-техникалық жетістіктердің жалпы деңгейін арттыра түсті. Жаңа жағдайлардың салдарынан өндірістегі қызметкер-адамдардың рөлі мүлдем өзгереді. Ол “машина жанындағы” механикалық атқарушы болмай, технологиялық үрдістегі басты кейіпкерге – бақылаушы және реттеушіге айналады. Бұл жаңа үлгідегі қызметкерге деген қажеттілікті арттырады.Ол жоғарғы және жан-жақты білімді, кәсіби құзыреттілікті,белсенді және өз қызметіне деген жауапкершілікті арттырады (2.3 сурет).
Осындай үлгідегі қызметкерлерді қалыптастыру ел санатындағы күрделі және ұзақ үрдіс. Ол мына негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі (2.4 сурет)

 

         Жаңа сұрыптағы        ■    жоғарғы және жан-жақты білімді
       жұмысшы                    ■    кәсіби құзыретті және іскер
                                                 ■   белсенді және жауапкершілікпен 
                                                               әрекет ететін


2.3 сурет -  Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың  айырықша белгілері


2.4 сурет

2.2.1 Осы бағыттардың біріншісі қазіргі кадрлардың білімділік және кәсіби дайындығын, кеңейтілген көлемде білікті және үздіксіз оқытудың негізінде қамтамасыз етеді. Жаңа техника мен технология ең алдымен оқыту аудиторияларында, одан кейін ғана заводтарда қолданысқа енгізілуі керек. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен үйлестіру өндірістегі өзгерістермен бірге үнемі жүргізілуі шарт. 
    2.2.2 Еңбекті интеллектуализациялау еңбектің адам қолымен емес, басымен жұмыс істеуі кезінде қалыптасатын ұғым.Ол ойлау қабілетінің ерекшеліктерімен және шығармашылық 
ойлау, аналитикалық және шығармашылық сипатқа ие болуымен көрінеді.  Адам қолымен емес, басымен жұмыс істейді.
    2.2.3 Өндірістің гуманизациялық үдерісі өндірістің “адамдануын” білдіреді. Бұл еңбек шарттарының жеңілденуі, дұрысталуы және қолайлылығына бағытталған эргономиканың ғылыми ұсыныстардың орындалуын көздейді. Осылардың нәтижесінде еңбектің тиімділігі және оның адамдар үшін тартымдылығы артады.
    2.2.4 Өндірісті демократияландыру қызметкерлердің өз фирмаларының акционерлік капиталдарына қатысуы, оны басқаруы, алынған кірістерді бөлуі  арқылы іске асырылады. 
Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуіне байланысты жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді.олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде,өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде.
                                                                                                              
2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті
Өзінің еңбекке деген қабілетін адам екі негізгі бағыт бойынша пайдалана алады: өз бизнесін ұйымдастырған кәсіпкер ретінде, не болмаса кәсіпкерлердің жалданбалы қызметкері ретінде. Өндірістегі ерекше адамдық ресурс кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Ол адамның бизнес немесе кез-келген басқа бір жаңа істі ұйымдастыра білуі мен дайындығы болып табылады. Осы іспен байланысты барлық шығындарды, тәуекелдік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Осындай қабілетке кез-келген адам ие бола бермейді. Нағыз кәсіпкер еңбекқор, бастамашыл, адамдармен тіл табыса алатын, іскер болуы керек. Кәсіпкер (немесе бизнесмен) дегеніміз - өндірістің ұйымдастырушысы мен қозғалғыш күші. Көп жағдайда кәсіпорынның иесі болып табылатын кәсіпкер (әсіресе шағын бизнесте)  барлық шаруа қызметін әдетте өзі басқарады. Сол сияқты ірі фирмаларда кәсіби басшылық және бизнесті басқару үшін (менеджмент) басқару жөніндегі жалданбалы қызметкерлер (менеджерлер) пайдаланылады. 
    “Кәсіпкер” және “менеджер” деген ұғымдар өте жақын, бірақ әртүрлі. Кәсіпкер дегеніміз – жаңа идеялар авторы, ол өз идеялары үшін ұйқысын қиып, меншікті қаражаттарын тәуекелге салады. Менеджер болса – авторлық идеяларды орындаушы, оларды іске асырушы. 

2.4 Өндіріс құралдары
    Келесі бір басты өндірістік фактор өндіріс құралдары болып табылады. Бұл материалдық ресурстар, заттардың екі тобын қамтиды. Біріншіден еңбек құралдары – олардың көмегімен адамдар қажетті құндылықтарды құрады (саймандар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.). Екіншіден,  еңбек заттары – еңбек процессінде адамдар әсер ететін заттар, олар келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайды (мұнай, кен, шикізат, материалдар және т.б.). Осылай өндіріс үрдісінде еңбектің материалдық ресурстарын құралдар мен заттарға олардың міндеті ойынша бөледі. Осы ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі олардың шығу тегі (2.5 сурет).

2.5 сурет - Өндіріс құралдарының негізгі түрлері

    Шығу тегі бойынша өндіріс құралдары да екі топқа бөлінеді:
1) табиғи ресурстар (табиғаттың өзі берген) - шабындық жерлер, ормандар, минералдардың, газдың орналасқан жерлері, су және басқалары (олардың жалпылама түрде – “жер” деген бір сөзбен атайды); 2) өндірістік ресурстар – адамдар құраған (немесе өңдеген) заттар және олар өндірісте одан әрі пайдалану үшін ойлап табылған. Бұл – машиналар мен жабдықтар, өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар және басқа да адам қолы арқылы өткен өндіріс құралдары.Қоғамдық өндіріс дамыған сайын ондағы өндіргіш күштердің де міндеті арта түспек.
        Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталмақ.


    Адамдар шығарған өндіріс құралдары көбінесе КАПИТАЛ деп аталады, олар негізгі капитал (өндіріс құралдарының өзі) және ақшалай капитал (өндіріс құралдарын сатып алуға арналған ақша) болып бөлінеді. (2.6 сурет). Сондай-ақ нақты капитал тағы бір атауға ие – инвестициялық ресурстар (немесе тауарлар), себебі олар экономиканы инвестициялауға арналған. Осыған байланысты барлық тауарлық массада өндірістік тұтынуға түскен инвестициялық тауарлармен қатар (өндіріс құралдары) тұтыну тауарларын немесе адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну заттарын (азық-түліктер, киім, тұрғын үй, телевизорлар және т.б.) бөліп алуға болады (2.7 сурет). Инвестициялық тауарлар тек қана тұтыну заттарын шығару үшін қызмет етеді. Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моральдық тозулары орын алады. ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУ үрдісі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сиаттайды.            Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа,оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады.
2.7 сурет - Тауарларды инвестициялық және тұтынушылыққа бөлу

2.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы
 Өндірісті инвестициялау – тұрақты үдеріс. Өндірістің қайталануы мен үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, капитал салымдары бірінен соң бірі жалғасын тауып отырады.  Өндірістің үзіліссіз қайталанатын үрдісі – ҰДАЙЫ ӨНДІРІС деп аталады.  Ұдайы өндіріс жай (өндіріс бір мөлшерде қайталанатын жағдайда) және ұлғайтылған (ұлғайып отыратын көлемде) болады (2.8 сурет).
Жай ұдайы өндірісте өнім мөлшері әрбір келешек өндіріс цикліндеөзгеріссіз қалады. Бұл жағдайда, өнім тіпті қосымша өнім өндірілсе де, жеке тұтыну мақсатына ғана жұмсалады. Ұлғайтылған ұдайы өндіріс нәтижесінде өнімнің мөлшері әрбір өндіріс циклінде өсіп отырады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің бірден-бір көзі – қосымша өнім. өндірістің жаңа цикліне қосымша, немесе сапасы жоғары ресурстар қажет.


    Қазіргі экономикада ұлғайтылған өндіріс көбірек кездеседі. Жаңа инвестициялар өндірістің шығындалған капиталын (қолданылған шикізат пен материалдар, тозған жабдықтар) өтеп қана қоймайды, сондай-ақ оның өнімділігін  қосымша немесе одан да тиімді өндіріс құралдарының көмегімен арттыра түседі. Соның арқасында капитал жинақталады, яғни өндіріске қосымша капитал салу есебінен ол күрделене түседі.     Ұдайы өндіріс үдерісінде капитал үнемі қозғалыста болады және мына сызба бойынша айналым жасайды: Өндіріс құралдарын сатып алу - Өндіріс үрдісі - Өндірілген тауарларды сату. Осындай айналымдар қайта-қайта қайталанып отырады. Өндірісті кең көлемде жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының бір бөлігін өзінің тұтынуына емес, өндірісті қаржыландыруына жұмсауы міндетті.


2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері
    Бастапқыда атап өткендей негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) - өндірісте КӨП РЕТ қатысатын еңбек құралдары, олар  біртіндеп физикалық және моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады. Осылай, негізгі капиталдың құныдайын өнімнің құнымен біртіндеп өтеледі. Тауар сатылғаннан кейін ол кәсіпкерге ақшалай нысанда амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеліп қайтарылады, олар еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға және жандандыруға пайдаланылады. Ақшалай нысандағы негізгі қорлар негізгі қаражат деп аталады. Негізгі капиталдың құрылымында актив қорлар (өндіріске ткелей қатысатын – станоктар, машиналар және басқа да жабдықтар) мен пассив қорлар (өндіріс үшін қажетті жағдайлар туғызады - өндірістік ғимараттар, құрылымдар және басқа да объектілер) болады (2.9 сурет).


2.9 сурет -  Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу

    Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың үш басты көрсеткіштерін бөліп айтуға болады:  1) қорқайтарымы - ол  қорлардың өнімділік деңгейін білдіреді және қор құнының бірлігіне келетін өнім құнымен белгіленеді; 2) қорсыйымдылығы – қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, ол өнім бірлігін шығаруға арналған негізгі қорлардың шығынын сипаттайды; 3) құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті. Ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың әр бірлігінің белгілі бір кезең ішінде орташа есеппен тәулігіне қанша ауысым жұмыс істегенін көрсетеді. Мысалы, егер цехтағы 200 станоктың 1-ауысымда 180, 2-ауысымда – 100, ал 3-ауысымда –40 жұмыс істесе, ауысым коэффициенті 1,6 (180+100+40)200), яғни әрбір станок үш ауысымдық тәртіпте, орташа түрде 1,6 ауысым пайдаланылды.
Айналым капиталы (немесе айналым қорлары) - өндірісте БІР РЕТ қатысатын еңбек құралдары. Олар толығымен қолданылады және толығымен, бірден өз құнын өндірілген өнімнің құнына ауыстырады. Осылай, айналу қорларының құндары әрбір айналған сайын дайын өнімнің құнымен өтеледі және толығымен тауарларды табысты сату жағдайында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып оралады. 2.1-кесте негізгі және айналу қорларының басты салыстырмалы сипаттамаларын көрсетеді.

2.1 Кесте - Негізгі және айналым капиталдары арасындағы басты айырмашылықтар
    Негізгі капитал    Айналым капиталы
Не жатады    Еңбек құралдары (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.)    Еңбек заттары (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және т.б.)
Өндіріске қалай қатысады    Көп рет    Бір рет
Қалай шығындалады    Біртіндеп тозады    Толық тұтынылады
Өндірілген тауарлардың құнына өз құнын қалай аударады    Біртіндеп, бөлшектеп, тозу шамасына қарай    Бірден және толығымен

    Өндіріс үдерісіне қызмет көрсететін негізгі және айналу қорларымен қатар айналым қорлары да бар, олар айналым үдерісіне қызмет етеді.  Айналым қорлары мен айналу қорлары бірдей айналады (бір айналымды пайдаланады), сондықтан оларды жиі біріктіреді және айналым қаражаттары деп атайды. Өндіріс капиталының жалпы құрылымын мына түрде келтіруге болады (2.2-кесте).

2.2 кесте - Кәсіпорынның өндірістік қорларының жалпы құрылымы
Өндіріс қорлары
Өндіретін қорлар    
Айналым қорлары
Негізгі
қорлар    Қор айналымдары    
пассив    актив    Еңбек заттары    дайын өнім    кәсіпорынның ақшалай қаражаттары    дебиторлық
берешек
негізгі қаражаттар    айналым қаражаттары

          2.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану
          Әрбір кәсіпорын өз капиталының тиімді пайдалануына мүдделі. Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Өндіріс қорларын оңтайлы пайдалану тиімділігін арттырудың үш басты бағытын бөліп айтуға болады:
1) бірінші бағыт негізгі капиталға қатысты. Ол қорқайырымын мына негізгі шаралардың көмегімен арттыруды (немесе қорсыйымдылығының төмендеуін) көздейді:
- анықталмаған, әрекет етпейтін жабдықтарды жою;
- актив қорлар үлесін көбейту, пассив қорлардың шығыстарын қысқарту;
- жабдықтың жұмыс ауысымы коэффициентін арттыру (тұрып қалуды болдырмау, пайдалануды жақсарту және      техниканы жөндеу, 2 және 3 ауысымдағы еңбекті  ынталандыру және т.б.);
- ескірген қорларды жаңа жоғары өнімділігі бар техникаға ауыстыру;
- құрылымды жеделдету және жаңа күштіліктерді қолданысқа енгізу.
2) Айналым капиталына қатысты өнімнің материалсыйымдылығын төмендету маңызды болып табылады, яғни материалдық ресурстардың (металл, ағаш, отын, қуат және т.б.) өнім бірлігіне жұмсалуы. Бұл осы ресурстардың үнемделуін көздейді. Әсіресе:
- жаңа үнемдегіш материалдар мен бұйымдардың озық     конструкциялары;
- ресурс жинақтағыш технологиялар мен еңбекті тиімді ұйымдастыруды енгізу;
- ресурстардың үнемделуін ынталандыру және өнім сапасын жақсарту.
Үшінші бағыт – капитал айналымының уақытын қысқарту. Осындай қысқарту ресурстардың үнемделуіне ықпал етеді. Айналымды жеделдетудің нақты жолдарын анықтау үшін капиталдың айналым уақытының құрылымын білу қажет (2.10 сурет). Айналмалы капиталдың айналым уақыты ауыспалы айналымның бір айналымына тең. Негізгі капиталдың айналым уақыты авансыланған негізгі капиталдың жылдық амортизациясына тең. Авансыланған бүкіл капиталдың айналым уақыты авансыланған капиталдың жылдық амортизациясы мен айналмалы капиталдың жылдық айналым сомасына қатынасы. Айналым уақыты өндіріс уақыты мен айналыс уақытынан тұрады. Капитал айналымының жылдамдығы өндіріс тиімділігіне ықпал етеді. Көп мөлшерде пайда табу мақсатымен кәсіпкер капитал айналымын тездетуге мүдделі болады.

Капитал айналы-
мының уақыты    өндіріс уақыты

 


    актив

 

    Жұмыс кезеңі барысында еңбек заттары тікелей әсерге ұшырайды және қайта ұйымдастырылады (шикізат пен бөлшектерді өңдеу, конструкцияларды жинақтау және т.б.)
Технологиялық үзілістер - адамның тікелей қатысуынсыз іске асырылатын өндірістік процестер уақыты
        пассив


    Ұйымдастырушылық үзілістер - қайта ауысымдар, демалыс күндері, түскі ас демалыстары, жабдықтарды жөндеу мен басқа да бос тұрып қалулар
өндіріс құралдарының өндірістік қорларда болу уақыты – үздіксіз өндіріс үшін өте қажет, бірақ оны дәл ұйымдастырғанда жоққа шығуы мүмкін
    
Айна-
   лым уақыты    Сатып алу уақыты  - өндіріс құралдарын сатып алуға және жұмыс күшімен қамтамасыз етуге арналған уақыт.
Дайын өнімді сатуға арналған уақыт  - өнімді қоймаға тапсырған сәттен бастап тауарды сатудан түскен ақша кәсіпорын шотына аударылғанға дейінгі уақыт.

2.10 сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы

Сызбадандан көрініп тұрғандай (2.10 сурет) қор айналымының уақытын қысқарту жолдары көбімізге таныс: өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс уақытының жоғалуын болдырмау, ауысым коэффициентін арттыру, шикізатпен жабдықтау қалпын қамтамасыз ету, жабдықтау, жарақтау жүйесін жақсарту және т.б.
    
2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары
    2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары
Өндірістің жұмыс күші мен құралдарынан кейін бүгінгі күнгі экономиканың маңызды факторлары ретінде өндірістің ұйымдары мен технологиясын атау керек. Солардың арқасында өндірістің жұмыс күші мен құралдарының тиімді қатынасына қол жеткізіледі. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз - өндірістің барлық үдерісінің бірлігі мен тәртібін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстың белгілі бір қондырғысы. Мысалы, автомобильдер өндірісін ұйымдастыру түйіндер мен бөлшектерді жинақтайтын шикізат жабдықтаушыларымен заводтың байланысын жеңілдетеді (цехтар, учаскелер, бригадалар және т.б.)
Өндіріс технологиясы еңбек заттарын өңдеудің нақты тәсілдерін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін білдіреді (мысалы, нан пісіру технологиясы операцияларының белгілі бір кезегі, қамырдың нақты құрамы, пештердің нақты жұмыс тәртіптері бар және т.б.). Қазіргі технологияларды білу – тиімді өндіріске апаратын жол, сондықтан әлемде алдыңғы ноу-хаумен айырбас кеңінен таралған. Жаңа технологиялардың өзіне тән белгісі - өндірісте ақпараттар мен компьютерлерді барынша көп пайдалану.  Осындай технологиялар ақпараттық немесе ақпараттық-компьютерлік деп аталады. Осыдан ақпарат деп аталатын өндірістің жаңа факторы туындайды.

2.9 Өндірістің ақпараттық факторы
Ақпарат дегеніміз білім, мәліметтер мен түрлі сигналдар. Қазіргі өндірісте ол маңызды және әртүрлі роль атқарады. Әсіресе, ақпарат мыналарды қамтамасыз етеді: 1) техниканың қызмет етуі (бағдарламалық басқарумен); 2) өндірістің өзінің тиімді ұйымдастырылуын және оның барысына бақылау жасау; 3) өндірістің жедел қайта құрылу мүмкіндігі; 4) қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру; 5) алдағы идеялар мен технологияларды тез тарату.
ҒТР даму шарқына қарай ақпараттар ағымы көбейе бастады. Ағым бүгінгі күні  ХІХ ғасырдағы 50 жылмен әрбір 20 ай сайын салыстырғанда екі есе көбеюде. Қоғамның барлық өміріндегі ақпараттың ролі жыл сайын өсуде. Сол себептен ғалымдар “ақпараттық революция” жөнінде  және дамыған елдердің “индустриалдықтан” “ақпараттық қоғамға” ауысуы туралы айта бастады. Соңғысының басты айырмашылығы: а) кең автоматтандыру және ақпараттық-компьютерлік технологияларды барлық салаларда қолдану; б) әлемдік байланыс жүйелерін дамыту (трансконтиненталдық телефон кабельдері, спутниктік теледидар, бүкіл әлемдік Интернет компьютер желісі және с.с.); в) ақпарат көлемінің шамадан тыс көбеюі, ақпараттың жеткізілу және өңдеу жылдамдығы; г) жаңа жаңалықтарды енгізуді жылдамдату; д) экономиканы ұйымдастырудағы әртүрлілік пен икемділікті арттыру; е) білімді және адамдардың барлық қоғамдық өмірін үздіксіз жаңарту.

2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде
    Бәрімізге белгілі, ғылым дегеніміз – теориялық жүйеге салынған объективтік білім. Қазіргі ғылыми зерттеулер ағымында үш негізгі бағытты бөліп алуға болады.
2.10.1 Фундаменталдық  ғылыми  зерттеулер –  жаңа  білім  алу  мен зерттелетін құбылыстардың заңдылықтарын анықтау мақсатындағы зерттеулер. 
2.10.2 Қабысатын зерттеулер дегеніміз практикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын фундаменталдық ғылымдарға қол жеткізу. Мысалы, атомдардың фундаменталдық физикалық зерттеулеріне сүйеніп, “қабыспалы”-зерттеушілер атомдық энергетиканы ойлап шығарды.
2.10.3 Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (ҒЗТКӘ). Олар ғылым мен өндірісті біріктіреді, сол арқылы жобаның ғылыми және инженерлік өңделуін қамтамасыз етеді. Айталық, өндірісте жаңа құралды шығару үшін мына кезеңдерден өту керек: фундаменталдық зерттеулер; қабыспалы зерттеулер; жобалау; сынақ; тәжірибелік үлгілер жасау.
 Ғылым даму үстінде және ертеден бері өндірісті “қоректендіріп” келе жатыр. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) барлық технологиялық кезеңдерге тән. Алайда қазіргі кезеңнің ерекшелігі ғылыми-техникалық революцияның “шабуылы”, ол баяу емес, жартылай прогрессті білдіреді, ал ғылым мен техниканың дамуындағы сапалық секіріс және осы негіздегі қоғамдық өндірістік күштердің түбегейлі қайта құрылуы. Ғылым мен өндірістің интеграциясы нәтижесінде өндіріс “ғылымданады” және өндірістік тікелей факторына, экономикалық прогресстің мықты қозғалтқышына айналады. Бұл жерде әр түрлі ғылым мен өндірістің даму процесстері тұрақты дамып отыратын бірыңғай жүйеге бірігеді: ғылым-техника-технология-өндіріс.
    Алайда, ҒТР қайшылықтарсыз өтпейді. ҒТР қайшылықтары бір жағынан адамзат үшін үлкен БАЙЛЫҚ, себебі адамдардың мүмкіншіліктерін арттырады, олардың қызметінің тиімділігін асырады, еңбекті жеңілдетеді, тұрмыс жағдайларын жақсартады және т.б. Бірақ басқа жағынан ол проблемалар қатары мен кері әсерлерді туғызады. Мысалы, жұмыссыздық мәселесі (машиналар мен автоматтар өндірістегі адамдарды ығыстырады), экологиялық және техникалық қауіпсіздік, бұқаралық зақымдану қаруларынан қорғайды  (2.12 сурет).

 

ҒТР 
тудыратын негізгі 
проблемалар мен
 кері әсерлер     - жалпылай және хроникалық жұмыссыздық мүмкіндігі
-    адамдардың қайта біліктіліктерін арттыру және көшіру проблемалары
-    еңбек ауыртпалығы, психикалық  аурулардың көбеюі
-    ҒТР әскери пайдалану қаупі
-    Экология, қазіргі техниканың қауіпсіздік проблемалары және т.б.

2.11 сурет

    Сциентизм мен техницизмнің идеялары оптимистер қолдады, ғылым мен техниканың ролін асыра сипаттайды, олардың қолынан бәрі келеді деп есептеген. Пессимистер болса антисциентизм мен технофобияларды қолдады, олар адамдар өміріндегі ғылымның ролін түссіз бояулармен бояйды деп айтты. Олардың пікірінше, ғылым мен техника қоғам проблемаларын шешпейді, қайта оларды өршелендіре түседі. Реалистер болса әрқайсысының “плюстері” мен “минустерін” таразылай отыра, өз кектерін таңдап алады.

2.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым
    Энергия - өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа салатын бірден бір күш. Өндіріс әрқашанда осындай қозғалтқыш күшті керексінеді. Бірақ бастапқыда ол тек адамның өзінің немесе олар пайдаланатын жануарлардың механикалық энергиясымен қанағаттанды. Бүгінгі күнгі өндіріс күштері болса қуатты және түрлі отындық-энергиялық (ең алдымен электрлік) қамтамасыз етілуді талап етеді. Сондықтан өндірістің энергетикалық факторы маңызды және ең бастысы дербес маңызға ие болды. Энергиямен қамтамасыз ету мәселесін жеке шешпей ешқандай орта немесе ірі кәсіпорын құру мүмкін емес.
    Қазіргі экономикада инфрақұрылым деп аталатын фактор да ерекше рольге ие. Бұл өндірістің қызмет етуі үшін жалпы жағдайлар жасайтын барлық салалардың бірлесуі. Инфрақұрылым екі кіші жүйені өзіне қамтиды: 1) Өндірістік инфрақұрылым - өндіріске тікелей қызмет ететін көмекші салалар (транспорт, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, есептеу орталықтары, экологиялық қорғау құралдары және т.б.);         2) Әлеуметтік (немесе өндірістік емес) инфрақұрылым – адам өмірін қажетті әлеуметтік-мәдени жағдайлармен қамтамасыз ететін сала (соның ішінде өндіріс қызметкерлері өз отбасыларымен). Оған тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, сауда, тұрмыс қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. жатады. 

          2.12 Өндірістің экологиялық факторы
    Экологиялық фактор дегеніміз жалпы алғанда қорғау, сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі бар қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасымен байланысты проблемалардың ортақ жиынтығы. Адамзат дамуында табиғат екі түрлі роль атқарады: 1) өндірістің ресурстар көзі және 2) адамдардың тұратын ортасы ретінде. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі бірінші функция - өндіріске “қызмет ету” маңыздырақ деп санайды. Бірақ табиғат бірыңғай және оған абайсыздан шаруашылық басып ену оның ресурстарын ғана кемітіп қоймайды, сондай-ақ адамдардың тұрмыс жағдайларын, олардың денсаулықтарын әлсіретеді.
    Қазіргі өндіріс табиғатпен өте кең және терең әрекет етеді, сол себепті шаруашылық практикадағы экологиялық факторды ерекше есепке алу міндетті болып саналады. Бұл әсіресе мына жағдайларда айқындалады:
- кәсіпорындар ресурс жинақтайтын және қалдықсыз өндіріс үдерістеріне ауысады;
- өндірісте  бұдан да тиімдірек тазартқыш және қорғаныс құралдары пайдаланылады;
- жалпы мемлекеттік табиғат қорғау шаралары мен тиісті заңнама қабылданады;
- ғылыми зерттеулер мен экология жөніндегі арнаулы кәсіби дайындықтар жүргізіледі және т.б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 1083 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]