Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Экология туралы түсінік


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.06.2014, 11:47

Экология туралы түсінік

 

Экология  - жаңа,  жас  ғылым  саласы.  Бұрын  соңғы  он – жиырма  жылға  дейін  тіптен  көңіл  бөлінбей  келген.  Әбден  табиғатымыз  азып – тозғанда,  бұл  ғылым  саласына  бет  бұрдық.  Енді  болашақта,  экология  саласында  білім  берудің  аясын  кеңейте  түсу  қажет.  Ең  негізгісі, “экология”  пәнін  бала  бақшаларынан  бастап  барлық  мектептерде,  орта  және  жоғарғы  оқу  орындарында  оқытылуын  қамтамасыз  ету  қажет.  Сонда  ғана   ертеңгі  күннің  белсенді   табиғат  қорғаушыларын  дайындауға  мүмкіндік  аламыз [10,144б].     
Тірі  организмдердің   таралуы  бірінші  кезекте   өздері  мекендейтін ортаның  жағдайымен  анықталады.  Барлық  тірі  және  өлі   объектілер,  жануарлар  мен  қоршаған  өсімдіктер,  олармен  өзара  тікелей  байланыста  болатын  мекен  ортасы  деп  аталады.
Қоршаған  орта (немесе  қоршаған  табиғат  ортасы)  терминінде   адамдардың  ықпалы  жайылатын  табиғаттың  сол  бөлігі  ретінде  түсіндіріледі. 
Тірі  организмдерге  әсер  ететін   ортаның  элементі  - экологиялық  факторлар  деп  аталады.  Өзінің   ықпал  ету  ерекшелігіне  қарай  ол  үш  топқа  бөлінеді:
- абиотикалық  фактор – бұл  өлі  табиғаттың  тірі  организмдерге  тікелей  немесе  жанама  түрде   әсер  етіп,  олардың  өмір  сүру  жағдайын  белгілеу   қасиеті  (температура,  жарық  немесе  басқа  сәулелі  энергия,  ылғалдылық,  ауаның  құрамы,  атмосфералық   қысым,  жауын-шашын,  жел,  су   құрамы,  топырақ,  жер  бедері, т.б.)
- тіршілік  факторлары – бұл   тіршілік  иелерінің  бір-біріне  жер  етудің  барлық  формалары.  Әрбір   организм  басқа  жеке  дараның   тікелей   немесе  жанама   түрдегі  ықпалын  бастан  кешіреді,  өздерінің   немесе  өзге  түр  өкілдерімен   өзара   қатынаста  болады  немесе   оларға  тәуелді  болып,  не  болмаса  өздері  әсер  етеді.
- антропогенді  факторлар – организмдердің  мекен  ортасына,  табиғаттың  өзгеруіне,  олардың  өмір  сүру  жағдайына  тікелей  ықпал   жасайтын   адам   қызметтерінің   барлық  факторлары.  Мұндай  факторларға    жататындар: өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылық  өндірістері,  көлік  пен  шаруашылықтың  өзге  салалары.  Әсіресе,  соңғы  жылдары   антропогенді  түрде  табиғатқа   әсер  ету  көлемі  арта  түсуде [11,37б]. 
Экологиялық   факторлардың  әр  әр  алуандылығына   қарамастан   олардың  организмдерге  әсер  ету  қасиеті  мен  тіршілік   иелерінің   жауап  беру  реакциясының   бірқатар  ортақ  заңдылықтары  бар.  Организмдердің    қарқындылыққа   немесе  әсер  ету   күшінің   факторына  реакциясын  жатқызуға  болады.  Жетімсіз  немесе  шамадан   артық  әсер  ету  организмдердің  өміршеңдігіне   кері  ықпал  етуі  мүмкін.
Алуан  түрлі  тіршілік  иелерінің  әр  түрлі   жағдайда  өздеріне  өте  жақсы   сезінулері   бірдей  емес. Мәселен,  ылғалды  жақсы   көретін     өсімдіктер  ылғалды  топырақты,  гүлді    капуста   көлеңкелі  салқынды  ұнатады,  кейбірі  құрғақшылықты,  ыстықты   ұнатады.  Осы  факторлар  өсімдіктердің  өсу  жағдайына  өте  маңызды   ықпал  жасайды.  Бақылау  нүктесінен  барынша   өсуі  оңтайлылық  деп  аталады. Бұл  әдеттегідей  температураның  көлеміне  жатады.   Жағымды  күш  әсерінің  факторы  (мөлшері)   осы  организм   түріне  оңтайлы  зонаның  факторы  деп  аталады.  Ең  азынан  көбіне  дейін  бар  аралық  температура  кезінде  өсуге  мүмкіндік  барды  диапазон (көлемінің)  тұрақтылығы  деп  аталады.  Шек  қою  нүктесінен,  яғни   ең  азынан  көбіне  дейін  тіршілікке  қолайлы  температура   тұрақтылығының  шегі  немесе  сол  түрдің  шыдамдылық   шегі  болады.  Осы  экологиялық  факторларға   қатысы  бойынша   шыдамдылық  дәрежесін   экологиялық    валенттілік  деп  атайды.  Организмдердің  экологиялық  валенттілігін   оның  әр  алуан  ортаға   қоныстану   қабілеттілігі   көрсетеді.  
Тұрақтылық   шегінің  нүктесіне  жақындау  шамасы  бойынша   егер  әрекет  ету  факторы  азайып,  немесе  көбейсе,  тіршілік   әрекеті  төмендеп   қысымға   ұшырайды  немесе   тіршілік   иесінің  өлуіне   әкеп  соқтырады,  яғни  бұл   жерде  тұрақтылық   диапазоны  шеңберінде   мазасыз  күй   зонасы  туралы  айтылып  отыр.  Мұндай   ықпалды  басқа  факторлар  да  жасай  алуы   мүмкін.
Әрбір   өсімдік  пен  жануарлар   түрінің   оңиайлылығы,  мазасыз   күй  зонасы   немесе  қысым   зонасы  мен  тұрақтылық  шегі (шыдамдылығы)  қоршаған  ортаның   әрбір  факторларына   қатысы  барлар  өмір  сүруде. 
Экологиялық  валенттіліктің   кең  түрі  тіршіліксіз  орта  факторына   қатысы  бойынша   факторлардың  атауына   “эври”  қосымшасын  қосып  атайды. (грекше  eurys - кең).  Экологиялық   енсіз  валенттілік  (тар)  “стено”  стенотерімді   қосымшасымен (грекше  stenos – тар,  енсіз)   белгіленеді.   әр  алуан  экологиялық  факторлардың   (кең)  алшақ  шегіндегі  ауытқуларға   бейімделетін   түрлерді   эврибионтты  деп  атайды.  Тіршілік  ету  үшін  қатаң   белгіленген  жағдайды  қажет  ететіндер - стенобионтты   деп  аталады.
Экологиялық  факторлардың   әсерінен  тірі  организмдер   белгіленген  иерархиялық   жүйеге  бірігеді.  Онда   тіршілік  иелерінің  әр  алуан    деңгейде   ұйымдасқандары:  популяциялар,  бірлестіктер  және  экожүйелерді  көруге  болады.
Популяция  дегеніміз – белгілі  бір  аумақта   тіршілік  ететін  және   өзара  шағылысып  ұрпақ  беретін  бір  түр  даралардың   жиынтығы.  Түрі  факторлардың   әсерінен   популяциядағы  даралар  саны,  құрамы,  таралуы  өзгеріп  тұруы  мүмкін.  Популяция   латынша   populus – халық,  ел  дегенді  білдіреді.
Көптеген  орта  параметрлерінің  жиынтығы   осы  немесе  басқа  түрлердің   тіршілік  жағдайын   анықтайтын  функционалды  сипаты  оның    экологиялық  қуысын    көрсетеді.  Н.Ф.  Реймерс   бойынша  эколгиялық  қуыс – экологиялық  жүйе  ішіндегі   түрлер  ортасы  немесе  оның  популяциялық  тіршілік  жағдайының  жиынтығы.  Сонымен  қатар  өзі  мекендейтін  әрбір  түр  аумаққа,  өндіру   функциясымен   байланысты,  қоректік   қажеттілігіне  сәйкес  орынды  иеленеді.  Осындай  экологиялық  байланыстар   биоценоздың  белгіленген   құрылымын  жасайды.  Биоценоздар – динамикалық  жүйелер,  олар  тұрақты  даму  жолында  және  оларға  сукцессия   тән [12,16-18б].
Табиғат – бүкіл  әлем.  Табиғат – адамның   өмір  сүретін  ортасы.
Адам  табиғатта   өмір  сүреді,  онымен  тұрақты  қатынаста  болады.  Адам,  оның  денесі  мен  рухани  өмірі  табиғатпен   тікелей  байланысты.  Одан  шығатын  қорытынды – адам  табиғаттың  бір  бөлігі.  Табиғат  адамның  өмір  сүруінің  табиғи  жағдайы  ғана  емес,  оның   өзгертушілік  іс-әрекетінің  кеңістігі,  ортасы.
Адамның  өмір  сүруінің  табиғи  жағдайы  екі  түрлі:  өмір  сүрудің  қайнар  көзі  болып  есептелетін – табиғи  байлық (көмір,  мұнай,  ағын  су  мен  желдің  энергиясы, т.б.). Қоғам  дамуының  ерте  кезеңдерінде   адамдардың  ынтасы  “бірінші  құбылысқа”  көп  аударылды,  ал  кейін  өндіріс  күшінің   дамуымен  байлаанысты   “екінші  құбылысқа”  ауысты.  Себебі  табиғи  байланыстар  өндіріс  дамуның,  бүкіл  қоғам   дамуының  алғышарттарына  айналды.
Адам,  сонымен  қатар,  жасанды  ортада – екінші  табиғатта  да  өмір  сүруде.  Жасанды  орта   заттық  негізде  ғана  жинақталмайды.  Адам  қоғамдық  қатынас  жүйесінде  өмір  сүреді,  іс-әрекет  жасайды.  Ондай  қоғамдық  қатынас  белгілі  бір  материалдық  дүниеде  ғана  іске  асырылады [5,44б].            
              

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 6677 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]