Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Қазақстандағы экологиялық проблемалар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.06.2014, 11:49

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

 

Экологиялық  жағдай  қазіргі  уақыттағы  күрделі  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Ол  біздің  елімізде  де,  әсіресе  индустриялы,  дамыған  орталықтарда,  соның  ішінде  ауыл  шаруашылық  аймақтарында  да  өткір  түрде  қойылуда.  Табиғи   қорларды  тиімді  пайдалануда,   қалаларды,  елді   мекендерді  көгалдандыруда,  ұлттық  парктер,  көгалды  аймақтар  жасауда  көптеген   шаралар   іске  асырылса  да,  айналадағы  ортаны  қорғаудағы   жауапсыздық,  болашақты  ескермеушілік  орын  алып  отыр.
Ауаның,  судың,  жердің  ластануы  салдарынан  адамдардың  өміріне  және  олардың  өмір  сүру  ортасына  зор  қауіп  төніп  келеді.  Көптеген  индустриялы  аудандарда  айналадағы  ортаның  ластануы   қажетті  нормалардан   асып  түскен.  Қазіргі  уақытта   табиғат  және  биологиялық  орта  тұтас  алғанда   бүкіл  адамзат  алдына  кұрделі  талап  қойып  отыр.
Біздің  планетамызды   барлық  тіршіліктің  өмір  сүруіне  тиімді  етіп  сақтау  үшін  табиғатты,  оның   байлығын  тұтыну   тәсілдерін  түгелдей  өзгерту  қажет.  Кезінде   белгілі  жазушы  Л.Леонов: “Адам  баласының  алдында  бүгінде  бірінші  кезектегі  екі  мәселе  тұр:  бейбітшілікті  және  табиғатты  қорғау,  екеуі  де  болашақ  өиір  сүрудің  шарты”   деген.  Ал  Ш.Айтматов:  “Біз  бүгінде   өркениеттің  шыңына  жеттік,  онда  адам  табиғатты  тұтынушы  ғана  емес,  сонымен  қатар  бағындырушы,  жасаушы  болады.  Біз  бүгінде  оған  тәуелді   ғана  емеспіз,  ол  да  бізге  тәуелді” – деп  жазады.
Біздің  республикамыздың  табиғи  байлық  қоры  мол.  Бізде  48 мың  көл,  85022  өзен  бар.  Өсімдік  және   жануарлар  әлемі  бай.  Қазақстан  жерінде  6 мыңға  жуық  өсімдіктің  түрлері,  сүтқоректілердің  172,  құстардың  490  түрі  бар.  Осы  байлықты  тиімді  түрде,  аса  зор  қамқорлықпен  пайдалануымыз   қажет.
Су  қорларын,  қоймаларды  сақтау – экологиялық  проблеманың  ең  күрделі  саласы  болып  табылады.  Бұл  әсіресе  Арал  теңізінің  тағдырымен  байланысты.  Соңғы  отыз  бес  жылдың    көлемінде  Арал  теңізі  700  км3   су     қорынан  айырылды.  Теңіз  суының  тұздылығы   бір  литрге  шаққанда  20 грамнан  асып  түсті.  Теңіз   деңгейі  17  метрге  төмендеп,  жиектен   жүздеген  километрге  қашықтап  кетті.   Жыл  сайын  75   миллион  тонна  топырақ  пен  тұзды  шаң  ұшады.  Ол  барлық  тіршілікті   түбірінен  құртуда.
Арал  экологиялық  апатты  аймаққа  айналды.  Шаң  мен  топырақ   Арал  қаласын  тұншықтырды.  Оның  халқының   жартысынан  астамы  көшіп  кетуге  мәжбүр  болды.  
1960  жылға  қарай  Арал  қандай  болды?  Ол  КСРО – ның  құрлықтық   көлдері  ішінде  төртінші  орын  алған.  Аралдың  су   қорын  толтыратын  Орта  Азияның   екі  ірі  өзені - Әмудария  және  Сырдария  еді.  Олардың   суы  өте  нәрлі,  егістікке  пайдалы  болатын.  Арал  теңізінен   жыл  сайын   450 мың  тонна  бағалы   балықтар  ауланды,  миллион    ондатра  терісі  алынды.  Балықшылар  қайығы  мен  жол  қатынас   кемелері – теңіздің  көркі  еді.  Арал  теңізі  сол  аймақтың   ауа  райына  жағымды  әсер  еткен  табиғатты   реттеуші  болды.
Алпысыншы  жылдардан  бастап,  екі  өзеннің  суын   егістікке  пайдалану  өлшеусіз,  шамадан  тыс  қарқын   алып,  соның   салдарынан  теңіз   суы  тартыла   бастады.  Қазіргі   уақытта  олардың  суы  теңізге  құймайды.             
Теңіз  суының  сапасы   нашарлап,  көлемінің   күрт  кемуі  өсімдік  әлеміне  кері  әсерін  тигізді.  Бағалы   ормандар,  мал  жайылымдары  мен  көгалды   аймақтар  жоғала  бастады.  Олардың  орнын  зиянды  тұзды  сорлар  басты.  Өңірді  мекендеген   57  жабайы  аңдардың  13-ақ  түрі  қалды.  Арал  теңізінен   балық  мүлде  ауланбайтын  болды.  Жер  тұзданып,  оның  өнім  беруі  тоқтады.
Бүкіл  Арал  аумағында  іш  ауруы  етек  алды.  Балалардың  өлімі   Жапониядан  20  есе  асып  түсті.  Қарын,  бүйрек,  бауыр  аурулары  адамдарды  өмірлік   мүгедекке  айналдырды.  Балалар  ауруы  болып  тууда.
Чернобыль  апаты  8  миллиардтан  астам  шығынға  түсті,  ал  Арал – “үнсіз  Чернобыль”  зардабының  шығыны  одан  әлдеқайда  асып  түседі.
Семей аймағындағы  ядролық  сынақ  халықтың   қайғысына  айналды.  Бұл  аймақта  бірінші  рет  1949  жылы  тамыз  айында  16 мың км2  кеңістікті  қамтыған  жарылыс  басталды.  Ашық   аудағы   ядролық   сынақ  14 жылға  жалғасты.  Осы  кезкңде  500  ядролық  жарылыс   өткізілді.  Ядролық  техниканы   сынаудың  салдары:  рак,  катаракта,  туберкулез,  аллергия,  екі  басты,  қолы  жоқ,  бүйрексіз  балалардың  өмірге  келуі.  Мұндай  аурулар  әрбір  отбасын  дерлік  қамтыды.
Тек  1991 жылы  тамыздың  29-ында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Семей  ядролық   полигонын  жабу  туралы  жарлық  жариялаған  соң,  ядролық  сынақ  тоқтатылды.
1967 жылы  Іле  өзенінде  Қапшағай  су  электр  станциясы  салынды.  Қапшағай   қойнауы суға  толтырылды.  Соның  салдарынан  Іле  өзенінен  Балқашқа   құятын  су  мөлшері  азайды.  Кішігірім  көлдерге  су  келмейтін  болды,  көбі  құрғап  кетті.  Бұл  аймақ   түгелдей  сортаңға  айнала  бастады.  Балық  аулау  көлемі  қысқарды.
Үлкен  Алматы   каналының  салынуына  байланысты,  химиялық  тыңайтқыштарды  есепсіз   пайдаланудың  нәтижесінде   егістік  жерлер  тұзданды.  Арал  тағдыры  қайта  басталды.  Балқаш – Іле   аймағының  экологиялық  жағдайы  күрделі  мәселеге  айналды.
Республикамызда  жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорындарды  тазалау  қондырғыларының  сапасы  мен  тиімділігі   30% -дан  аспайды.  Өндіріс  сарқынды,  шайма  және  қолданылған  суларының  әсерінен,  Ертіс,  Орал, т.б.  өзендерінің  суы,  зияндылығы  жөнінен   нормативтік  көрсеткіштерден  әлдеқайда  асып  түседі.  Өзендердегі  судың  өздігінен  тазаруы,  тек  300  километрлік  жол  жүріп  өткен  соң ғана  турбулентті  және   ламинарлы  араласулар  әсерінен  жүзеге  аса  алады.  Тіпті,  бұл  су  көздерінің  есте  сақтау  қабілеті  де  зақымданған.  Қазіргі  экожүйені   қалыптастыру,  ғылым  мен  техника  жетістіктерін  ендіру,  осы  мақсаттарға  қаржы  жұмсау  мөлшері  теңізге  тамған  тамшыдай...
Жер  және  минералды  шикізат  ресурстары,  ауыл  шаруашылық  алқаптары,  тозудың  аз-ақ  алдында  десе  де  болады.  Бұл  айтылғандарға,  үлкен  аумақтардағы  жер  дефляциясы  дәлел  болады.  Суармалы  жерлердегі  құнарлылықтың  төмендеуі,  топырақ  қабатындағы  гумус  қабатының  көз  алдымызда  жұқалануы,  Қазақсатан   далаларының   егіс  алқаптарында   жиі  байқалып  отыратын  құбылыс.  Ал,  табиғатта  қалыңдығы  5 см  гумус    қабатын  жинау  үшін  жүздеген  жылдар  қажет  болса,  аридті  климатты  аймақтар  үшін  бұл  мақсатқа  мыңдаған  жылдар  кететіні  анық.  Топыраққа  рекультивация  жасау   да  қымбатқа  түсетін  іс-шара: 1 га  үшін  300 мың  теңгеге  дейін,  кейде  одан  да  көп  шығын  жұмсалады.  Мұның  тағы  бір  зиянды,  экожүйенің  микроклиматы  енді  қайтып  орнына  келмейтін  күй  кешеді [14,3б].
Пайдалы  қазбалардың  ішінен,  республикаға,  әсіресе  ең  максималды  экономикалық,  экологиялық  және  әлеуметтік  зиян  шектіріп  отырғаны  полиметалл  кендері,  түсті  металлургия, ал   микроэлементтерден  - қорғасын,  хром  оксиді,  марганец  және  уран.  Олардың  басым  көпшілігі,  шикізат  күйінде  басқа  елдерге  жөнгелтіліп,  дайын  өнім  мен  қымбат  бұйымның   тиімділігін  солар  көріп  отыр.  Біздің  маңдайымызға  әзірше  жазғаны,  шикізат  өндіретін  орындардың   маңындағы  зиянды  қалдықтар  мен  бүлінген  су,  ауа,  топырақ  әсерлері.
Қоршаған  ортаның,  Республикамыздағы  халықтың  науқастануына  тигізер  әсері  60  пайыз  шамасында.  Ол  әсіресе,  тау-кен  өнеркәсібі  орналасқан  қалаларда  жоғары.  Қалаларда  экологиялық  ахуал,   соматикалық  аура  түрлерінің  өршуіне  ықпал  етуде.                 
Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  қатынас  шиеленісе  түсті.  Осылайша   экологиялық  апат  адамдардың  денсаулығына,   оның  болашағына  қауіп  төндірді.
Теңіз  кенішінде  тау  болып  үйілген  күкірт  мәселесі  облыстық  әкімдіктегі  үлкенді – кішілі  басқосуларда  талай  мәрте  талқыланды.  Әрине,  одан  күкірт  көлемі  кеміп  кетпегенімен,  расын  айту  керек,  шешімді  шаралар  алынып  жатыр,  бастапқы  қадамдар  жасалуда.  Алайда,  Қазақстандағы  ең  ірі  мұнай  өндіру  компаниясы  ауқымды  экологиялық  проблемаларға  тап  болып  отыр.  Мысалы,  облыста  атмосфералық  ауаға  шығарылатын  барлық  залалды  қалдықтардың  жартысынан  астамы  бірлескен  кәсіпорын  үлесінде.  Теңіз  кеніші  аумағында  9 млн  тоннадан  астам  күкірт  ашық  аспан  астында  жатыр.  Бұл  дүние  жүзі  бойынша  осындай  әдіспен  сақталған  күкірттің  40  пайызын  құрайды [15,5б].
Табиғатпен   қайшылықтың  шиеленісуіне  техника,  өндіріс  қана  кінәлә  емес,  кінә  адамдардың   іс-әрекетін  дұрыс  басқармаудан,  қабілетсіздіктен,  қоршаған  ортаны  сақтауға  ынтаның  жоқтығынан  болып  отыр.  Табиғатпен  тиімді  қатынасты   қалыптастыруда  адам  шешуші  фактор.
Табиғатты  қорғаудағы   басты   стратегиялық  бағыт – мүмкіндігінше  қалдықсыз  технологиялық  процестерді  енгізу.  Бұл  қоршаған  ортаның    ластануын  азайтады  немесе  түгелдей  жояды,  шикізаттың  бастапқы  түрлерін  өңдеуге   мүмкіндік  береді  және  қосымша  өнім  алуға  да  жағдай  жасайды.
Айналадағы  ортаны,  негізінен  табиғатты  адамның   пайдалану  сипатындағы   қалыптасқан  қайшылықты   өзгертудің  үлкен  маңызы  бар.
Табиғат  қорықтары,  парктер  өсімдіктер  және  жануарлар  әлемін   сақтауға  мүмкіндік  береді,  сирек  кездесетін  немесе  жойылып  бара  жатқан   жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесін  қорғайды.  Табиғатты   қалпына  келтіріп,  байытудың  маңызы  өте  үлкен.  Ол  үшін көгалдандару,  бау-бақша   өсіру,  суқоймаларын  жасау  жұмыстарын  үздіксіз   жүргізу  керек.  Ағаш  отырғызу   жұмыстың  жартысы  ғана,  істің  нәтижесі – оны  өсіруде.
Табиғатты  қорғау  саласының  бірі – экологиялық  бақылау.  Бұл  бағытта  бірсыпыра  жұмыстар   іске  асырылуда.  Республика  блйынша  облыс,  аудан,  қалаларда  айналадағы  ортаны  қорғау,  экологиялық  бақылау  мекемелері  құрылды.
Адам  мен  табиғат   арасындағы  қайшылықты  шешуді  қоғам  реттейді,  оның   қызметі – адамдардың  санасын  тәрбиелеу  және  олардың  өзін  қоршаған   әлемді  қорғауға  бағытталған  ынталы  жігерін  қолдау.  
Қазіргі  уақытта  барған  сайын  көптеген  елдер  оны  шешу  үшін  өздерінің  күш-жігерін  біріктіре  бастады.  Ұзаққа   созылатын  экологиялық   қауіпті  жоюмен  қатар,  төтенше  экологиялық   жағдайларда   көмек  көрсетілуде.  Осының  бәрі  БҰҰ-ның  ұсынған  “Жер  біреу  ғана!”  деген   ұранын   жүзеге  асыруды  көздейді.  Дүниежүзілік   қауымдастық  мынадай  жағдайды  басшылыққа  алады:  экологиялық  проблеманы  шешудің  басты  жолы – адамдардың   өндірістік  және  өндірістік  емес   іс-әрекетін   қалыпты  экологиялық   дамуды – айналадағы  ортаны   бүкіл  адамзаттың  және  әрбір  адамның   мүддесіне  сай   өзгертуді   қамтамасыз  ететіндей  етіп   ұйымдастыру [11,97б].          
Мінеки  енді  осы  экологиялық  апаттан  қалай  құтылуға  болады?  Табиғатты  қалай  сауықтыруға  болады.  Бұл  өте  күрделі  мәселе.  Бұл  үшін  ең  алдымен,  адамдардың  табиғатқа  деген  көзқарасын  өзгертіп,  дұрыстау  керек,  тәрбиелеу  керек. Ол  үшін  балалар  бақшасынан  бастап,  мектептерде,  жоғарғы  оқу  орындарында,  адамдардың  табиғатқа,  қоршаған  ортаға   деген  көзқарасын  өзгертіп,  қалыптастыру  керек.  Қазіргі  заманға  сай  экологиялық  идеология  қажет.  Егер  біз,  жас  ұрпақты  кішкентай  кезінен  бастап  табиғатты   сүюге  тәрбиелемесек  көп  нәрседен  ұтылатынымыз  хақ.  Әрбір  тәрбиеші,  мұғалім, маман,  басшы, экология  негіздерін  жақсы  білуі  қажет.  Сонда  ғана,  әрбір  адамның  миында,  қанында,  көзқарасында  қоршаған  ортаны  бүлдірмеу  керектігі  туралы  негіз  қалыптасады.  Адамдар  сонда  ғана  туған  өңір  табиғатын  қорғауға  белсенділік   көрсете  алады.  

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 14928 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]