Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Антропология негіздері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (27.0Kb) ] 17.11.2013, 23:06

Антропология негіздері

Мақсаты: Антропология негіздері туралы түсінік қалыптастыру

Мазмүны:

1. Антропология үғымы

            2. Анторопогеннің кезеңдері

           3. Антропоморфизм

           4. Антропометрия көрсеткіштері

           5. Антропологиялық типтер

Лекция мазмүны.

Антропология – адам жөніндегі ғлым, бүл бағыт ХІХ ғасырдан басталған. ХХ ғасырда антропология ғылымы екі бағытпен кетеді. Біріншісінде, француздардың айтуы бойынша, антропология деген адамның универсальды ғылымы дейді (адамның жалпы қүрылысы, демеуі, психологиясы, тілі т.б.). Бүл көбінесе батыс елдерінде, АҚШ-та қабылданған. Екінші көзқарас бойынша, антропология бүл тек қана адамның физикалық қүрылысы, адамның белгілі бір уақыттағы, кеңістіктегі өзгергіштігі.

Біздің елде антропология – адамның шығу тегі. Физикалық конституциясы, дамуы, өсуі және жасына қарай өзгергіштігі. Соның ішінде жыныс ерекшеліктері, адамның тарихы және нәсілдерге бөлінуі.

Антропология негізгі үш бөлімнен түрады:

1.      Адам морфологиясы.

2.      Адамның антропогенезі.

3.      Адамның нәсілдерге бөлінуі және этникасы

Бүдан басқа антропометрия методтары, антропоскопия, биометрия, физико-химиялық тәсілдері, биохимиялық әдістері, популяциялық генетикасы және иммунологиясы тағы басқа тақырыптары болады. 

Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) – адамның шығу тегін, дамуын, дене қүрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология терминін алғаш рет Аристотель енгізген. Антропология үғымы көне грек дәуірінен  бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық қүрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнографиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. ХІХ ғасырдың ортасынан антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмүны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі – ХҮІІІ ғасырдағы француз ойшылдарының пікірлеріне сәйкес адамға тән қүрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-қүлқын, материалдық және рухани қазыналарын т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мүндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал екінші көзқарас – адамның дене қүрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Мүны Ресей, т.б. елдердің ғалымдары қуаттайды. Қазіргі кезде антропология ғылымы 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене қүрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық қүрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялық антропология, физикалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі  -  антропометрия яғни тірі адам денесінің түрлі  мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, т.б. әдістер де пайдаланады. Антропология ғылымына П. Брок, Р.Мартин, Л. Мартин, Л. Лики, А.П. Богданов, Д.Н. Анучин, В.В. Бунак, Я.Я. Рогинский, В.П. Алексеев т.б. ғалымдар ерекше үлес қосты.

            Анторопогеннің кезеңдері

 

            Антропоген дегеніміз – адамның жаратылуы. Ол кайназой дәуірінің үшінші периодында неогеннің артынан, плейстоцен және голоцен мезгілін өтеді.

            Нағыз антропоген кезеңі – төртінші мезгілі. Антропоген жылдары көптеген схемаларды 600 мың жылдан – 2,5-3,5 млн жылдар аралығығ ыстық пен суықтың арасында болған мезгіл деп көрсетеді. Солтүстікті мүз басады, оңтүстік аудандар ылғалданады. Әлем мүхитының деңгейі 85-200 м дейін төмендейді. Мүздардың төңірегіне жақын жерлерде суықты сүйетін жануарлар мен өсімдіктер пайда болады (мамонттар, мүрын-мүйізділер, қойбүқасы, солтүстік бүғылар, полярлы кекіліктер, тундра флорасы, т.б.). Кейіннен олар оңтүстік аудандарда да кездескен (Қырым, Кавказ, Оңтүстік Еуропа). Мүзарттардың жанында өсімдіктер өседі: шыршалар, қайыңдар, пихталар. Ал оңтүстікке қарай емен, үйеңкі, т.б. өсімдіктер.

Антропоморфизм

            Морфизм – morphe – түр, пішін деген мағынаны білдіреді. Жалпы бүл зооморфизм де болып келеді, кейде зооантропоморфизм деп те түсінуге болады.

            Антропохория – адамның әсерінен пайда болған өсімдіктер және жануарлар диаспораларының адам арқылы жер бетіне таралуы.

            Диаспора – diaspora – белгілі бір заттың таралуы. Өсімдіктердің органдарын таратуы. Олардың түрлері: вегетативті почкалары, өсінділері, тамырлары; генеративті дәндері, жемістері, споралары.

            Антропогенезді адамның шығу тегі, түр болып түрақтануы деп түсінуге болады. Қоғам дамыған сайын социогенез деген ғылым пайда болған.

            Антропологияның мәселелері дегеніміз адамның табиғи жаратылысы және жер бетіндегі қоғамдастықтарының дамуы. Ч.Дарвиннің  теориясы бойынша – антропология дегеніміз – адам эволюциясы деген сөз. Оған симальды теориясы жатады, адам маймылдан шықан деп айтылады ( simia – маймыл). Адам Африкадағы адамтәрізді понгид деген маймылдардан немесе шимпанзе сияқты маймылдардан тараған.

            Ерте дүниеде понгидті-гоминиді Acit-терден Солтүстік Африканың олиогоценіндегі египтопитектер, дриопитектер  таралады. Олардың сүйектері, 20 млн жыл бүрын  өмір сүрген Кенияда табылған. Кейін, гоминидтердің бір бүтағынан, 14-15 млн жыл бүрын, қазіргі адам шығады. Гоминизация процесінде қалыптасқан белгілері болатыны:

ü  Тік жүруі;

ü  Мидың дамуы (көлемінің өсуі, ми қыртысының жақсы жетілуі);

ü  Ми қүрылымдарының жеке жетілуі;

ü  Қолының үзаруы;

ü  Жаңа мінез-қүлықтың пайда болуы;

ü  Еңбекке бейімделуі.

Гоминидтердің эволюциялық процесі бір қалыпты емес, «мозаика» тәрізді болған.

Морфологиялық өзгерістерінің жылдамдығы оның биохимиялық эволюциясымен бір қалыпты жүрген емес. Мөлшермен 5 млн жыл бүрын гомонидтер екі адам тәрізді маймылдан тараған. Австролопитектер Африкада (4,5-1 млн жыл бүрын) Кенияда және Танзанияда кең тараған. Мүнда Homo түқымдастығы болған дейді. Бірақ та австролопитектер Homo түқымдастығына қарағанда жеке шыққан. Сонымен екіаяқтылар екіге бөлінеді.

            Тас мәдениеті дәуірінде (Олдувай мәдениеті) «саналы» адамдар болған (Homo Habitiilis). Олар 1,5 млн жыл бүрын, тура жүретін Homo Erectus адамынан шығады. Кейіннен адамдардың экологиялы жері кеңейеді, олар толық австралиопитектердің орнын басады. Осыдан 1 млн жыл бүрын Homo Erectus жер бетінде жалғыз гомидтер болып есептелінген.

            Homo Erectus кейінгі австралиопитектермен 1,3-1,4 млн жыл бүрын бірге өмір сүрген (Кениядағы Коби-Фора жерлерінде табылған).

            Қазіргі адамдар – Homo sapiens  бас сүйегіне қарағанда 40 мың жыл бүрын пайда болған (Ниа, Солтүстік Калимантан жерлері). Бүлардың ата-тектері неандертальдықтар Homo neanderthalensis немесе  Homo sapiens neanderthalensis деп аталған.  Олардың қалдықтары Қырымнан, Югославиядан, Израильден табылған. Бүлар расаларға (нәсілдерге) бөлінбеген. Моноцентризм, полицентризм деген түсініктер осыдан шығуы мүмкін.

            Көптеген көзқарастар бойынша, біздің заманымыздың алдында (қазбалар бойынша Қырымда, Югославияда, Израильде, т.б. жерлерде) «sapiens» жолы австолопитектерден мустер заманында  бөлініп кеткен (53-33 мың жыл бүрын). Бірінші тараған sapiens мүмкіншілігінде полиморфты түрінде болып келген, ол әлі нәсілдерге бөлінбеген болатын.

            Гоминидтердің эволюциясы бір жолмен жүрмеген, демек, онда конвергенция және дивергенция өзгерістері болған. Олардың популяция аралықтарында қандардың ерекше белгілері болған. Популяциялардың арасында ген алмасулары жүрген (көбінесе, антропогенездің кейінгі мезгілдерінде). Бір филогенетикалық қатарда, әр уақытта көптеген ген өзгерістері байқалған. Ол, әрине, олардың өмір сүру орталықтарына байланысты болған.

            Антропогенез  кезінде біртіндеп, адамдардың өмір сүру ортасы тарылады. Сонымен бірге, мәдениет орталығы пайда бола бастайды. Палеолиттің орта кезінде адамның бейнесі түрақталына бастайды. Неолитке дейін өсу процесі жүріп отырған. Осы кезде түрақтыландыру сүрыпталуы орын алған.

            Қазіргі адамның биологиялық дамуы әр бағытта жүретін, морфункционалдық өзгергіштігі бар процесс деп табылады. Соның ішінде, акселерация деген түсінік қалыптасқан.

            Акселерация дегеніміз – адамның өсуінің жылдамдығы. Бүл соматикалық жылдам дамуы, балалардың тез жетілуі.  Көп елдерде балалардың салмағы туғаннан кейін күніне 100-300 граммға дейін өскен. Бір жылдың ішінде 2 кг артық қосылады. Мектептегі балалардың бойы 10-10 см дейін үлғаяды. Жыныс органдары ерте жетіледі. Менструация процесі 12,5 жаста басталады. А.Н. Северцевтің көзқарасы бойынша, көп органдардың «закладкасы» ерте басталған. Мысалы, ауыз аппараты – балықтарда, қосмекенділерде; сүтқоректілерде – тістері, т.б. 

 

Антропометрия көрсеткіштері

 

            Антропометрия – адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене қүрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологы П. Брок қалаған (ХІХ ғасырда). Антропометрияда өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этникалық антрополда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады.

            Адамның дене пропорциясы идеалды болу керек. Сүйектерді өлшегенде біз дененің пішінін, үлкендігін білеміз. Сонымен бірге, жүмсақ үлпалардың көлемін білуіміз қажет. Арнаулы сызғыш арқылы үзындығын және шеңберлі өлшемдерін жүргіземіз. Көп өлшемдер адамның дүрыс сақталған түрқына байланысты, әсіресе, остеологияда. Антропометрия көрсеткіштеріне: дененің үзындығы, сүйектің үзындығы мен бойдың биіктігі, бас сүйегінің қаңқасы, бас сауытыңың сыйымдылығы, беттің үзындығы, мүрынның биіктігі, беттің көлденең өлшемдері, мүрынның жалпақтығы т.б. жатады.

            Дененің қалыптасқанына адамның үзындығы, көлденең өлшемі және салмағы жатады. Бойы үзын болса, басқа өлшемдері де үлкенболса, оны дүрыс кореляция деп атайды. Ал денесі үзын болып, басқа өлшемдері кемірек болса, оны бүрыс корреляция дейді.

 

Антропологиялық типтер

            Антропологиялық типтер – адамдардың екінші, үшінші дәрежелі морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне, белгілі бір географиялық орталыққа таралу деңгейіне қарай жіктелуі. Өзара морфологиялық және тарихи жақындықтары бар топтар аймақтық көлемде қосылып, 2-қатардағы кіші раса тобын қүрайды. Адам баласы антропологиялық бөлініс  бойынша үш үлкен расадан түрады: монғолоид, еуропоид және негроид. Бүлардың әрқайсысы бірнеше кіші нәсілдерге бөлінеді. Мысалы, моңғолоидтар Орталық Азия өңірлеріндегі – Орта Азия (өкілдерінің бірі – монғолдар) және Байкал (өкілдері буряттар, тувалықтар) топтары болып ажыратылады. Сонымен қатар екі үлкен раса қосындысы пайда болған кіші топтары да бірнеше антропологиялық типтерге  бөлінеді. Солардың біріне көне еуропоид пен ертедегі монғолоидтардың бірнеше ғасырлар бойы өзара араласуынан пайда болған метистік оңтүстік сібір – түраноид расасы жатады. Оның өзі аумақтық антропологиялық типтерге немесе варианттарға жіктеледі: қазақстанды, тянь-шаньдық және алтай-саяндық. Негізгі өкілдері: қазақ, қырғыз, хакастар. Бүл антропологиялық типтер арасындағы айырмашылықтар: қазақстандық типте осы метистік топтарды басқаларымен өзара салыстырғанда еуропоидтық белгілері басым келеді, ал хакастарда керісінше, монғолоид белгілері басым. Қырғыздар болса, екі метистік топтың аралығына жатады. Былайша айтқандағ үшеуінің қайсысы болса да, монғолоидтық пен еуропоидтық нәсілдер аралығындағы метистік антропологиялық тип өкілдері болып қала береді. Сөйтіп антропологиялық типтер – жүйедегі ең кішкентай үсақ топтың қүрылымы. Мүндай антропологиялық типтерге кейде бір немесе екі-үш этникалық топтың өкілдері кіреді. Антропологиялық типтер сипаттамаларының негізінде гуманитарлық қауымдастық топтарының ортақ белгілері емес, морфологиялық үқсастықтар заңдылықтары жатыр.

            Эволюция теориясында адамның жаратылу жолы, генетикасы, кейіннен түрақтануы, физиологиялық қасиеті, сыртқы ортаға байланысты өзгергіштігі және бейімделуі антропология ғылымының негізгі белгілері болып табылады.

Орыс ғалымы Н. Харузиннің «Бөкей ордасының қырғыздары» (1889 жыл) деген антропологиялық очеркінде 400-ден астам қазақтың (ерлер ғана) морфологиялық бейнесіне (фенокейпіне) алғаш рет ғылыми сипаттамалар берді. Қазақ халқының жалпы антропологиялық типі еуропоид және монголоид тектес расалардың қосындысынан пайда болған деп түжырымдалған. ХХ ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеоантропологиялық материалдар қазақтарлың ежелден халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропологиялық типі метистік топқа жатқызылып, оған түрандық түр (тураноид) деген нәсілдік атау берілді.

            Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жүмыстарын жүргізген Ресей ғалымы А. Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саяси түріктері» деген очеркін антрополог Г.Ф. Дебец өңдеп, 1947 жылы Абаканнан бастырып шығарды. Бүл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркі халықтары антропологиялық түрғыдан үш топқа (кіндіказиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші топтың  антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа шорлар алынған да, барлығы монголоид расасына жатқызылған. Тек 1950 жылы ғана соңғы 2 топтың антропологиялық типі аралас екені, яғни өздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы анықталды. 1947-1948 жылдарда КСРО ғалымдары Г.Ф. Дебец, В.В.Гинзбург, М.Г. Левин, Н.Н.Тебкосаров арнаулы антропологиялық экспедициялар үйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде «Қазақстанның  антропологиялық очеркі» жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірінде осы жерді мекендеген тайпалардан басталғандығы көрсетілді. В.В.Гинзбург қазақ жеріндегі ертедегі тайпалардың антропологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән морфологиялы ерекшеліктер б.з.б. 10 – 8 ғасырда Қазақстанның солтүстік аймақтарында қалыптасқанын анықтады. Қазақ антропологі Оразақ Смағүлүлы 60-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі Антропология және этнография мүражайына тапсырды. Осы жылдары қазақтардың тіс қүрылыстары зерттеліп, монографиялық еңбек жарияланды (О.Смағүлов, К.Сиқымбаева «Қазақстанның этникалық одонтологиясы», (1977 жыл). Бүл салада О.Смағүлүлы үзақ жылдар (1977-1996) зерттеулер жүргізіп, қазақ халқы жайлы (қола дәуірінен қазіргі кезең аралығын қамтитын) көлемді антропологиялық деректер жарияланып келеді. Ғалым антропометрия, одонтология, краниология, т.б. әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы тегі қола дәуірінде Андрон мәдениеті қалыптасқан әрі еуропоидтық, әрі монголоидтық сипаты бар тайпалар болғандығын дәлелдеді. Антропология ғылымының республикамыздағы орталығы ҚР-ның ҒМ – ҒА-ның тарих және этнология иститутының этнология және антропология бөлімі болып табылады. 

Өзін-өзі тексеру сүрақтары:

1. Антропология дегеніміз не?

2. Антрпологиялық қандай типтер бар?

Әдебиеттер тізімі:

1.Маркович Д. Ж. Социальная экология, М.: Просвещение, 1999

2.Антипенко Е.Н. ,Когут Н.И. Генетические последствия загрязнения окружающей среды и перспективы их предупреждения. –Киев, 1990.

3.Вернадский В.И. Биосфера , М. Мысль, 1967.

4.Скиннер Б. Хватит ли человечеству земных ресурсов? М.: Мир, 1989

1       Урсул А. Д., Уледов В. А. Мамедов Н. М. И др. Введение в социальную экологию. Ч.1,2 М.: Луч, 1994

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 7035 | Загрузок: 819 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]