Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Әз-Наурызды жырлаймыз


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2014, 16:12

Әз-Наурызды жырлаймыз.

Наурыз – ертеден келе жатқан мұсылман елдерінің ұлттық мейрамы. Наурыз сөзі иран тілінен аударғанда, ноу – «жаңа», руз – «күн» дегенді білдіреді. Яғни бұл сөз жаңа күн, жаңа жыл деген мағынада біздің елде қолданылады. 
Осыдан бірнеше жыл бұрын Наурыз мерекесін тойлауға елімізде тыйым салынған. Наурыз жалпыұлттық мейрам болғандықтан, үкіметтің басшылығымен, тек 1988 жылдың көктемінен бастап Алматы, Астана сияқты қалаларда алғашқы рет тойлана бастады. Қазақ халқының ұмыт болған дәстүрі, көнеден келе жатқан салты қайта жаңғырып, қайта туғандай болды. Міне, осы күннен бастап Наурыз мейрамын көпшілік жұрт асыға күтеді. 
Ертедегі жыл санау бойынша бір жыл алты ай жаз, алты ай қысқа бөлінген. Ал Наурыз осы жартыжылдықтың бастауы болып саналды. Кейін келе ғалымдар жылды отыз күннен тұратын он екі айға бөлді. Енді, Наурыз көктемде тойланатын болды. Оның себебі, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні күн мен түн теңеседі. Тек Күн мен Түн ғана емес, сонымен қатар Жақсылық пен Жамандық, Қыс пен Жаздың теңесетін күні болып саналады. Егер, Наурызды мол дастарқанмен қарсы алатын болсақ, жыл бойы үйімізден бақ пен дәулет, шаттық пен қуаныш кетпейді. «Жаңа жыл мұнтаздай үйге кірсе, ол үй, ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» демекші, адамдар Наурыз келгенше өздерінің үйлерін шаннан тазартады, айналаны тазалайды. Наурызда жұрт өздерінің аппақ көйлектері мен жаңа киімдерін, таза киімдерін киеді. 
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурызда бүкіл даланы Қызыр аралайды екен. Қызыр – адамдарға бақ, дәулет, қуаныш әкелетін ақсақал кейпіндегі адамдардың көзіне көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Егер оның назары жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты жібітеді деген ұғым бар. 
Наурызда пісірілетін ұлттық, дәстүрлі тағамның бір түрі – наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады. Соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, құрт, бидай, пияз және сәбізден қазанды толтырып отырып наурыз көже пісіріледі. Адамдар осы мерекеде үй-үйді аралайды. Наурызда туған балаларға Наурыз, Наурызбек, Мейрам, Мейрамгүл деген ат қойылады. Ұлыстың Ұлы күні кейбір адамдар тұсаукесер, сүндет той, үйлену тойы, шілдехана сияқты дәстүрлер орындалады. 
Наурызда түнгі он екіден бастап, яғни, күн мен түннің теңескен уақытынан бастап, әр түрлі салт-дәстүрлер орындалады. Мысалы, сағат он екіде, жұрт ұйықтап қалмау үшін, жас-келіншектер, қыздар «ұйқыашар» деп аталатын дәм тағайындап, өздері ұнатқан жігіттерге апарып береді. Жігіттер тағамды алғаннан кейін, сол бойжеткенге селт еткізер, дір еткізер сыйлығын беру тиіс. Айна берсе, бұл – пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – құлпырудың, жайнай түсудің белгісі. Бұл сат «Ұйқыашар» деп аталады. Наурыз мейрамының тағы бір ерекшелігі – көрісу. Кісілер бір-бірімен көріскенде:

Наурыз құтты болсын!
Ақ мол болсын! 
Қайда барсаң жол болсын!
Наурыз құт әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ұлыс береке берсін! 
– деген сөздерді айтып, төс қағыстырып, қос қолдасады. 
Наурыз күні таңертен ерте қыз-кліншектер қолдарына сүт, ірімшік, құрт алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, жігіттер күрек алып, бастаудың көзін ашып, жаңа ағаш отырғызады. Қыздар оған ақырындап су құйып, ақ бүркиді. 
Наурыз тойының ең басты бір кезеңі - өгіз сою. Түске таман барлық жұрт жиналып, өгіз сояды. Өгіздің қанынан айналада ойнап жүрген балалардың беттеріне, маңдайларына ою салынады. Өгізді нарқазанға салып, астына от жағады. 
Қара қазанның халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде алатын орны үлкен. Қара қазан – жеті қазынаның біріне жатады. Сойылған малды да, осы қазанда пісіреді. Ертеде алтын қазан іздеу салты болған екен. Бұл салтта, қазанды тауып әкелген адамға үлкенсыйлақтар беріледі. Кейбіреулер, өздерінің қыздарын да бере салған екен. 
Наурызда таң ертең барлық халық таңнын атқанын күтеді. Қазақ халқының түсінігі бойынша, күннің көзі көрінгеннен бастап, екі сағат «күн сәті» деп аталады. Егер, осы күн сәтін тосып тұрса, сол адамға Наурыздың құты дариды. 
Ауылдағы ақсақалдар, қариялар балаларға бата береді. Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні халық ішінде жас ерекшеліктеріне қарай адамдардың арасындағы көзқарас, ілтипат, ізеттер артады. Келіні қайын атасымен, күйеу енесімен қалжындасып, бірақ құрметтілік көрсетуі тиіс. Наурыз күні адамдарға бір-біріне ренжуге болмайды. Барлық ренішті кешіру керек. 
Алтыбақан басында жастар түнімен күнімен түрлі ойындар ойнайды. Бұл кеште ән айтылады, би биленеді, танылмаған шешен қалмайды. Осы күні көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, балтам тап, тең көтеру сияқты ұлттық дәстүрлі ойындар ойналады. Бұл да осы тойдың негізгі бір бөліміне жатады. 
Егер осы күні үйіне қонақ келсе, оны құшақ жая қарсы алып, наурыз көжеден дәм таттырып, күту керек. 
Ер адамдар ақ көйлек пен ұлттық киімін киеді. Ақсақалдар ақ көйлек пен шекпенін, не шапанын киіп, белбеу буынып, бастарыа ақ қалпақтарын киеді. Не болмаса ақсақалдар қымбат барқыттан тігілген шапандарын киеді. Әйелдер, апалар көйлектерінің сыртынан қамзол киеді. Қамзолдың алдына арнайы оюланылып істелінген ілмек салады. Жігіттер ақ көйлек, кең шалбар киіп, белдеріне белбеу байлайды. Ал аңшылар болса, қолдарына тазы иті мен бүркітін алып, атқа мініп жүреді. Қыз-келіншектер сақиналарын тағып, екі-үш қабатты көйлектерін киеді. Бойжеткендер қызыл көйлек, қызыл етік, бағалы қамзол киіп, бастарына үкілі бөрік киеді. 
Қорыта келгенде, көптеген халықтардың салт-дәстүріне айналған өзіндік ерекшеліктері бар. Міне, Наурыз тойында осы салттың барлығы орындалып, еске түсіріледі. Бұл күні барлық зат тең дәрежеде тұрып, теңеледі. Бұл күн жаңа өмірді ашқандай, дүниедегі барлық зат жаңарады. 

 Ержан Гауһар Ержанқызы 
Өскемен қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы
 № 20 мектептің 8 сынып оқушысы


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 430 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]