Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Токсикомания қазақша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

24.11.2014, 18:03

Токсикомания– булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.

Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.

Токсикомания – бұл клей, лактар және басқа да тұрмыстық химиялық препараттары секілді денсаулыққа улы, зиян, уытты заттар мен кейбір медикаменттерді мөлшерден тыс пайдалану. Оларды пайдаланған кезде бастапқыда әлсіз масаңсу (эйфория) туындайды, содан соң есінің шатасуы, бейімделудің жоғалуы, құсу пайда болады. Кейбір заттар сандырақ, алдамшы қабылдау, иллюзия, өзінің мүмкіндіктерінің шексіздік сезімін, ойлау қабілетінің бұзылуын, өзін-өзі бақылаудың жоғалуын шақыруы мүмкін. Дозаларының жоғарылауы тырыспалар мен өлімге әкеліп соқтырады. Еріткіш топтары заттарын қабылдауды доғару, көбінесе депрессия мен ашуланшақтықты шақырады. Уақыт өте келе оларда жұмыс істеу қабілеті төмендеп, есте сақтауы бәсеңдейді, содан соң себепсіз қорқыныштар, күдіктілік, ұйқының бұзылуы туындайды. Нашақорлардың тері жабындылары өзгеріске ұшырайды: сұр, боз, әжімді бола бастайды, тістері бұзылады, асқазан-ішек жолдары, жүрек қан-тамыр жүйесі, бауыр өзгерістерге ұшырайды, бала туу функциясы бұзылады, ұрпақтары зардап шегеді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1523 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]