Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Сәкен Сейфуллин реферат қазақша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

02.12.2014, 22:53

Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас ) (1894-1938) - қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері. 20ғ-дағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол, Бастаушы адасқанға болғандай жол, Өзге сөздің патшасы - сенің сөзің, Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол...» - деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты. «Сөзіңді үлгі қылды білген адам, Түсінбес оқыса да бітеу надан, Наданға құр қу ағаш құрған тезің, Көткеншек алға қарай баспас қадам...»- деген әлеум. ойларды ұлы ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын «Бірлік» қоғамына басшылық жасап жүргенде езі мықтап түсінді. Сондықтан «Кім басшы - аға халыққа», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» деген өлеңдерін жазып, ел қамын ойлау адастырмас арман жолы екенін ұқты. Сол тұста жас ақынды қолтығынан демеп, алға бастырып жіберген Абайдың азаматтық әуені болатын, «Сөз патшасынан» қоғамдық мән-мағына тауып, өз пікірін сабақтауға бел буды. «Сөзіңнің жылдан-жылға қадыры артты, Оқуға құмар қылды тапай жасты, Құмар болған кеудесі - сәулелі ар, Айтпаймын ауылдағы шыбай масты...» - деуінің сыры да түсінікті. «Сәулелі ары» барлар ғана Абайға серік болмақ. «Саналы көзі ашыққа сөзің алтын, Санасызғажел сез - соққан салқын, Ойында санасыздың еш нәрсе жоқ, Ілгері бассын деген қазақ халқын...» - деген қомақты пікірді түйіндегенде Сәкеннің Абайды қалай түсінгені езінен өзі айқындала бермек. Абайдың 1909 ж. өлеңдер жинағы шығып, қазақ сахарасына кең таралғанда көңіл кезі ашықтар, әсіресе ақындар мен оқушы шәкірттер дүр сілкінген болатын. Абай ақындығына тәнті болып, елең арналағандар некен-саяқ. Абайды әдебиетіміздің атқанақтаңы, жаңа беті, үлгі-өнегенің асыл арнасы деп танығандар ете кеп болды. Абайдың өз төңірегіндегілер ғана емес, алып ақындықтың қуатты күшін алыстан сезіп-білгендер де қосылып жатты. Сол қалың дүрмектің арасынан Мағжан «Хакім Абайға» өлең арнап, жарқ етіп көрінді. «Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды жүгін артар, Көз ашып, жұртың ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар», - деп шын өнердің мәңгілік екенін, оны дүниеге әкелген дарынның әрқашан қадір-құрметке бөленерін ізбасар ақын мықтап ұғынды. Абай ақындығына ден қойып, одан медет тілегендер көбіне халық қамы жайындағы кешелі ойлардан еріс алып, үлгі шашуға талпынды. Әрине, олардың ішінде Шәкәрімнің орны бөлек. Кенбай да Аба ц рухын насихаттаулардың ірісі болғаны рас. Т. Жомартбаевтың, қазақтың түңғыш публицист қызы Н. Құлжанованың Абайға арнаған елеңдері мен сүбелі ойлары «Қазақ» газетінде жарияландьк «Уақ» деген бүркеншік атпен 1914 ж. жазған автор сол ойларды мәнді түйіндеп, күніне жүз оқысаң да жабықтырмайтын, бір ойынан бір пікірі асып түсетін жыр маржанын айта келіп: «Сөзі рас, сөзі таза, сөзі ақыл, Көңілге бір жері жоқ, жабыспайтын. Қазақта мұнан артық сөз шыққан жоқ Бағалап мынау не деп пар ұстайтын... Есіл ер бүл заманда болмайды-ау деп, Қазақта қабырға жоқ қабыспайтын...» - деуі Абайдың қоғам алдындағы беделі мен салмағын айқын танытады. Осы ойларды Сұлтанмахмұт «пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан табарлыққа ашық тұрады марқұм Абай елеңдері» деп тұжырымдауы ақынның аузынан әлдеқалай шығып кеткен әншейінгі әдемі сөз емес еді. Абайға арналған өлендердің, оның ішінде Сәкен жырының қай-қайсысы болмасын сөз маржанын қомақты ой-пікірмен өрелендіре түсіп, көркемдікті әлеум. менмен ажарланғанда ғана жұрт жүрегіне жол табатынын көрсетті. Және сол кезде қолына қалам алғандардың жалпақ қазақ тілімен-ақ ел- жұртқа керекті ой-пікір айтып, сана-сезім жеткізе алатыны, солай болуға тиіс екендігі эстетика. таным-біліктің сүбелі талабы болып қалыптасты. Осы жөнінде қазақтың қоғамдық ойының көгінде жарық жұлдыз бола білген Міржақып Дулатовтың мына мойындауының мәні зор. Қазақ зиялыларында орыс, араб, парсы сездерін араластырып жазу машығы күшті болған тұста, яғни «1908 жылы «Оян қазақты» жазып жүргенімде әлгі «әдеби тілдерді» неғұрлым кебіртек кіргізу жағын ескерусіз қалдырмадым. Сол жылдарда Абай кітабы Һәм «Қырық мысал» шықты. «Қырық мысалды» оқығанымда өзімнен езім ұялдым. Өзімнің Һәм өзім секілділердің адасып жүргенін сонда байқадым» (266-6.) дегені ана тілінің қуатын сарқа пайдалану қажеттігін көрсетеді. Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салып, әдеби тілін қалыптастырды дегеннің нақты дәлелін осындай «мойындаудан керіп», бүкіл қазақ әдебиетінің ендігі беталысы таза ана тілінің байлығын игеруде екенін анық аңғарамыз. Абайды оқығандардың да, Абайдың шапағаты тиіп, ақындық сапарға шыққандардың да қазақ тілінің лексик. қорын сарқа пайдалануға, әрі бейнелі, әрі түсінікті шығарма беруді машыққа айналдыруға ұмтылулары ұлы Абайдың ұстаздық бейнесін танытады. Сәкен Абай үлгісімен талай шумақтар жазғаны белгілі. Әсіресе «Ғазелде» Абайдың елең ернегін айнытпай қолданып, ұлы ақыннан шеберлікті шындаудың жолын үйреніп жүргенін көрсетеді. Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегі - жарқын да ажарлы жаңашылдығы болса, Сәкеннің үлгі алғаны да, шама-шарқынша ілгері дамытқаны да осы саладан анық көрінеді. Кейбіреулер Сәкен Абайға онша құлай қоймады дегенді сылтау қылып, Абай мен Сәкен арасына қытай қорғанын соғып, алшақтатып жіберуге тырысады және бүл мәселені кебіне идеялық арнада алып шықпақ болып жүргендер де жоқ емес. Қазақ елеңінің ернегі жағынан болсын, әуендік мақамы, әуездік ырғағы жағынан болсын реформа жасауда Абай мен Сәкеннің орындары ерекше. Екеуінің рухани табысатын ұлы арнасы да осы салада. Абай қазақтың өнге бейімделген силлабик. елеңіне тониканың үлгі-ернектерін білдірмей қосып отырды. Бүл ақын қуатының мықтылығынан, күштілігінен. Абай елеңдерінің ернегі мен өлшемдері былайғы жұртқа әлімсақтан бері қазақ поэзиясының төл түзілісі болып көрінеді. Өйткені Абай диірменінің құдіреті сондай, ол қандай жаңа түр-үлгісі болсын, жаңа мақам-ырғақты болсын ұнтақтап өз ыңғайына бағындырған уақытта шектен шыққан ұнның қай түрі болса да қазақ диірменінен, таным-түсінігінен шыққандай, ешбір қоспасы сезілмей тұрады. Бәрі детаныс-бейтаныс болғандықтан Абай сөзі айрықша тартымды да қызықтырғыш. Оның үстіне ернек арқылы үлкен ғибрат-мағына өріліп, дестеленіп шыққан кезде Абай жасаған жаңа дүние дәстүрлік сипатқа ие бола түседі. Қазақта бұрын бар ма еді, жоқ па еді деуге шамаң келмей, тұмылдырықталған тайлақтай Абайдың соңынан ере бересің. Біздің бүгінгі көп оқушыларымыз Абайдан мағыналық ғибрат алғанына мәз, оны қалай жеткізіп, қалай сіңіріп еді дегенді қаперіне алмайды. Оқушысы мен тыңдаушысын ақындықтың ұлы құдіретімен құлатып, жақтас етіп алған Абайдың елеңдік жаңашылдығына алғаш назар аударған адам Ахмет Байтұрсынов. Өзінің «Қазақтың бас ақыны» деген атақты мақаласын жазды. Абайдан басталған реформаторлық рух қазақ ақындарының ішінде Мағжанда бейнешілдік, сөз құдіретін асқақтата беру жағында айрықша көп болса, сыртқы түр арқылы, екпінді ырғақ арқылы тоник. өлеңге іш тарту машығы Сәкенде мейлінше анық байқалады. Абай рухының Сәкенге айрықша дарыған тұсы осы. Жаңа мақам іздеген уақытта Сәкен тартынуды білмеген, осылай жасау қажет деп ұққан болатын. Бұл жолда тамаша табысқа жетіп жатқанын да көреміз, орынсыз ожарланғанда омақа аса құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең өрнегіне зорлық жасап, төсегін жыртқанын да көреміз. Сәкен жасаған елең ернектері Абаймен деңгейлес болмағанмен, реформаторлық ниеттері мейлінше рухтас болғандығын анық аңғарамыз. Абай ағартушы-демократтық бағытқа берілгенде ескі арна арқылы барамын, жетемін деген жоқ. Сондықтан ол бұрынғы дәстүрлі машықтар мен мақамдарды, терме мен толғауларды өзгерте, іштей түлете, кейде қирата бұтарлады. Е. Ысмайылов, 3. Шашкин, С. Мұқанов тұжырымдауынша, Абай жасаған 16 түрдің кебі осындай төңкерісшілдіктің жеңісі. Ол идеялық жағынан да, түр жағынан да бірін-бірі толықтырып, Абай кемеңгерлігін аспандата беруге жағдай жасады. Осы рух көзі келгенде, уақыты туғанда кеңес әдебиетінің бастаушысы болған Сәкенге дарыды, жұқты. Замана өзгерісі, қиын өткелдер жыл жылмағай болып оп-оңай ете салмайды. Ол ойға да ниетке де, елеңге де езінің табын салып, өз өрнегіне талай жаңалықтар әкеледі. Осы процесс Секен шығармаларында алабөтен болғандықтан ол да ұлы жаңашыл болып есептеледі. Абаймен рухтас еткен елең ернегіне келсек, онда Сәкеннің атақты «Советстанының» түрін алдымен ауызға алу қажет. Өйткені ол Сәкеннің ілгерінді кейінді ізденістерінің қорытындысы, қазақ поэзиясындағы жаңашылдықтың үлгісі. Талай ғасырдан бері әдебиетіміздің қайнар бұлағы, өркендер арнасы болып келген поэма жаңа дәу іруде соны сипат ала бастады. Көбіне сюжетсіз жырланатын өмір шындығы, дидактика. әуен Абайдан кейінгі көркемдік даму барысында уақыт дүмпуімен эпик. келемге қол созды. Осының нәтижесінде кәсіпқой поэзияның бейне жасау бағыты өрістей түсті. Әрқилы көркемдік тәсілдер тоғыса келіп, С. Сайфуллин өлеңдерінде өмір шындығы ершіл романтика арқылы жарқырай керінді. Ақырды асау - жаңғырды дала, Тулады, орғыды асау Дүбірлеп күңіренді дала... Көкіректі кернеп, кең даланы күңірентіп, қатты айғайлап ән салдым. Әніме қосылды кең дала, аққулы, қазды шалқар кел, қамысты, құрақты көк өзен, - қосылды бері шуласып, қосылды бәрі шаттанып» деген асқақ романтика жаңа өмірдің айбынды асаулығын аңғартқандай. Сондықтан Асау тұлпар образды төңкерістің аумалы-төкпелі заманын бейнелеуге сай болды. Бұл боразда біріне бірі сабақтасып, іштей қабысып жатқан екі жай бар. Бірі-тұлпар қазақ әдебиетінде ерекше қастерленген бейне. Демек, оның дәстүрлік сипаты қалың. Сәкен Асау тұлпарды бейнелегенде қазақ халқының таным білігінен алыстамай, дәстүрді пайдалану арқылы және өмірге ұмтылғандарға әсер ету мақсатын кездеді. Сондықтан да халық Асау тұлпарды жатсынбай қабылдады. Екіншіден, Сәкен баяндауында тұлпардың тек сыртқы түрі ғана сақталып, ішкі мазмұны, көздеген мақсаты, мінез-құлығы, іс әрекеті мүлде жаңаша суреттелді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясына Сәкен сіңіре бастаған жаңалық, жаңашылдық әуелінде ескі дәстүрге сиымды болып, соның бесігінде ер жетіп, заманға лайық жаңа түр екенін анық аңғартты. Соның нәтижесінде Асау тұлпар жаңа өмірдің апалаң- топалаңы мен ізденісіне сай табылған романтик. астары қалың бейне болды. Сәкен 20жылдардың орта шенінде дәуір ыңғайына қарай Қара айғырға - отарбаға көше бастады. Қазақ поэзиясының дәстүрлі 11, 7 және аралас буынды елеңдері ұлы Абайдан кейін құбыла молаюы Сәкен тұсында мейлінше күшейе түсті. Өйткені қазақтың ақындық аспанында Мағжан, Ілияс, Бейімбет, Сәбит сынды сәйгүліктердің бәсеке жарысы айқын естіліп жатуы және жаңа заманның дауылы, толқын-ырғағы өлең өрнегіне жаңалық әкелді. Жаңалықты формалистік жаттығуларға айналдырмай, кезең идеяларын, мақсат-мұраттарын нанымды жырлаудың амалы етті. Жаңа өлшем жаңа түрді қажетсінді. Сәкен поэзиясында дәстүрлі ернектермен қатар Абай елеңдерінің үлгісі жиі кездесіп отырғанына қарамастан тоник. белгілерге іш тарту басым болды. Ал мұның езі, яғни буын ұйқастығынан туатын ырғақтың екінші қатарға кешіріліп, негізгі айтар ой екпіндік ырғақпен жырлануы қазақ поэзиясына сіңе бастаған жаңалықтың нышаны, силлабик. өлеңге соны белгілердің ене бастауы еді. Абай мұны білдіртпей, сездірмей жүзеге асырса, Секен осы принципті «Советстанда» әбден орнықтырып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа түр жасады. Замана бейнесін жасау мақсатына ден қойған автор кебіне жеделдікті, екпінділікті, езгеріс-құбылысты 11 буынды қара өлеңмен беруге болмайтындығын түсініп, кебіне жыр үлгісіне бой ұрып отырады. Ойды тегіп-тегіп, бастырмалатып айту замана рухына сай келетінін анық ұғады. «Ақырды асау, жаңғырды дала...», - деген сияқты әр қимылды тездете түсуге мүмкіндік беретін мақалды көп қолданды. Сондықтан да кейбір өлең шумақтары бұрынғы дәстүрлік санынан кейде артып, кейде жетпей жатып-ақ логик. ойды түйіндейді. Сонда екпіндік нышан басым көрінеді. Қазақ өлеңдерінің негізгі құрылысы әндік, әуендік, саз ырғағына бейімделгендіктен екпіндік принцип кебіне тақпақтай түйіп-түйіп айтуға іш тартып тұрады. «Зырла, экспреос, ұш, зырла! Жұлдыздай-ақ құлдырла! Аямай жүгір бәрің де!...» - деген өлеңнің бар динамикасы дауыс екпініне құрылады да, өлең ұйқасы екінші қатарға кешіріліп, айтар ой ақырғы жол өзгешелігінен табылып отырады. «Егер мінсе - шыдасын! Қорқақтар мейлі жыласын, Шыдамаса құласын! Аямай сілте барыңды...»- деп жігерлі түйінделеді. Аралас буынды өлеңнің ежелгі құрылысының шет жағасы сақталғанымен де дауыс ырғағы алғашқы қатарға шығып, жаңа леп пайда болады Силлабик. өлең жүйесіне тониканың екпіндік ырғағын енгізу талабы Сәкен поэзиясында ерте басталған. 1915ж. қарашада жазған «Жазғы түнде» деген өлеңінің әр шумағы жеті жолдан құрылып, оның алғашқы екі жолы бір ұйқаспен (А,), 4-5 жолы (-6, Кб) бір ұйқаспен, 3-6 жолдар кейде ұйқасып, кейде ұйқаспай ой екпініне бейімделуі, ал ақырғы жолы 2-жолдың логикасымен сабақтасып жатуы тегін емес. Бұл өлең ернегіндегі әуен мен ұйқас, бунақ пен ырғақ ажырамас тұтастық тапқан. Ой, пікір түюге арналған шумақтардың өзі әрқилы болғанымен дауыс үндестігіне, екпіндік ырғаққа негізделеді де, ішкі ұйқастарын аракідік сақтап отырады. Бәрі де іс-қимылды аңғартатын етістікпен өріледі. Мұнан кейінгі өлеңдерінде, әсіресе «Үлтшылдық сандырағы», «Біздің ұлан», «Ленин» атты өлеңдерінің өрнегін дамыта, өркендете келіп «Советстан» түрін жасады. Абайдың да, Маяковскийдің де шығармашылық ықпалы Сәкенге тигені рас, алайда Абайдың «Сегіз аяғы» қазақ поэзиясында қандай жаңалық болса, «Советстан» да- сондай жаңа ернек. Өлең шумағы алты жолдан құрылып, ішкі буын-бунақ қатаң сақталады. Егер өлеңнің ішкі құрылысында ешбір езгеріс, жаңалық болмаса жол санында, үйқаста мән аз болар еді. Бірақ бәрі де керісінше. «Советстан» 11, 11, 4, 4, 4, 11 буынды шумақтан түрады. Силлабиканың негізгі шарты дұрыс сақталғанымен де, тоника белгілері де бірсыдырғы байқалады. 1, 2 және 6 жолдар бунақтап айтуды қажет етсе, 3, 4, 5 жолдар міндетті түрде нәшпенен бөлшектеуді, тақпақтап айтуды талап етеді. Демек, екпіндік талап өлеңнің өн бойына емес, тек белгілі бір жолдарына (3, 4, 5) қажет болып, екпінді ырғақты қажет етеді. ішкі ұйқастың да атқарып тұрған рөлі зор. Бунақтар әр жолда тұрақты буынмен беріледі де, дауыс ырғағына әрқашан екпін түсіріп, экспрессиясын күшейтеді. Сонда бүкіл өлең шумағына динамика еніп, қимыл-әрекет өзінен езі пайда болады. «Советстандағы» осы өлең өрнегіне дауыс екпіні ортақ қазық болып, әрқилы лептердің бәрін езіне бағындырады, адуынды тірлікті жаңа леппен жырлауға мүмкіндік беретін өрнекке айналады. Қазақ поэзиясының мазмұнына революция жасаған Сәкен дәл осындай революцияны оның лексикасы мен түріне де жасады. Оған көп мысалдың біреуі - «Советстан» поэмасы. Октябрь революциясының дауылы қазақтың даласында тудырған бұл тамаша тау сол әдемі қалпында мәңгілік сақталуына сеніміміз берік» деген болатын С. Мұқанов. Сонымен «Советстан» қазақтың силлабик. өлең жүйесіне тоник. белгілерді молынан енгізуге болатындығын әбден дәлелдеген туынды болды. Сәкен елеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тарту, мазмұнды түрмен ашып беру сияқты ізденістерге ерік берді. Өзінің сылқым сылдыры, ойнақы өрнегімен «Сыр сандық» дүниеге келді. «Сыр саңдықты ашып қара (8), Ашып қара, сырласқым (7) Сым пернені басып қара (8), Басып қара, жырласын...» (7) Өлеңді дөңгеленді ернектеу де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар, осы шырқ айналған сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып, еріксіз би билеткендей. Шалыс ұйқаспен жазылуы да елеңнің инверсиясын күшейтіп, динамикасын ойнақы еткен. Сәкеннің мәнді ізденістері осындай сәтті түрлерге жеткізіп, халықтың эстетика. талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді. «Советстан» мен «Сыр сандыққа» еліктеушілер ете кеп болды. Жаңашылдығын жұрт әбден танып, мойындаған шақта Сәкен қазақ поэзиясымен «ойнай» бастады. Эксперимент-тәжірибені күшейтті. Жалаң түр қуушылыққа салынған кезі де болды. Жаңа өмірдің келбетін жасау қажет деген ұран белең алған шақта дыбыс қуу, қимылды күшейту, екпіндету тенденциясы өлеңнің мазмұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен жұрдай еткен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұрандата жырлау, плакатқа айналдыру, рапорттау қажет деп сырт көрініске табынғанда тасырлаған дыбыстар қаптап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Маяковский болу тенденциясы да көп ақынның көңіліне ұялай бастаған шақта заңдылықты қатаң сақтайтын силлабика жүйесі тас-талқан болып, поэтик. қасиеттен жұрдай бола бастады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1562 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]