Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Сәбит Дөнентаев (1894 – 1933)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

24.11.2014, 00:09

Сәбит Дөнентаев (1894 – 1933)


Қазіргі Павлодар облысында туған. Жас кезінде ескіше хат танып, кейін Павлодарда медреседе оқиды. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сол кезде А. Құнанбаев пен Ғ. Тоқайдың өлеңдерімен танысады. 1913 жылы тұңғыш өлеңі («Қиялым») «Айқап» журналында басылады. 1915 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ - түйек» деген атпен шығады. 1916 жылы патша жарлығына байланысты империалистік соғыс майданынан қашып, Екібастұз көмір кеніне барады. «Екібастұз» (1916) өлеңінде жұмысшы тұрмысының ауыр азабы суреттеледі.Майданға алынып, Рига маңында қара жұмыс істейді. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық революциясынан кейін, Семейдегі мұғалімдік курсқа түседі. 1919 – 1920 жж. ауылдағы ағарту, сот жұмысына араласады. 1924 – 1933 жж. Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетінде қызмет істеді. Өлеңдер мен мақалалары осы газетте басылады. 1929 жылы Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясына (ҚазАПП) мүшелікке өтеді.

Сәбит Дөнентаев (1894 — 1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға көп көңіл бөледі...

Дөнентаев Сәбит. Ұрпағыма айтарым: Өлең, әңгіме, очерк, фельетон, мақала, естеліктер. - Алма¬ты: Жазушы, 1989. - 304 бет.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәбит Дөнентаев өз дәуірінің шындығын ешкімге ұқса¬май сатиралық жанрда дамытты. Октябрь революциясына дейінгі шығармаларында еңбекшілердің құлдыққа, қорлықта өткен өмірін зор өкініш, аянышты күйзеліспен суреттейді. Ал совет дәуіріндегі өлеңдерінде көсеміміз Ленин бейнесін, революция жеңісін, кешегі жалшылардың бақытқа жетіп, қоғам өміріне араласуын жырлайды. Мақала, очерк, фельетондарында жаңа өмірдің келелі міндеттеріне тоқталып, оған қарсылық білдіретіндерді аяусыз әшкерлейді. Кітапқа сонымен бірге жазушының өмірімен, творчествосымен кеңірек танысуға көмекте¬сетін бір топ естеліктер енгізілді.
Ақын қаламынан туған «Әйел теңдігін қалай түсіну керек» (1924), «Хат танымаған қатарға қосылмайды» (1924), «Баспасөз күшейсін» (1926), «Әуелі шаруа оңалу керек» (1924); «Қытайда әлеумет соғысы» (1924), «Саясат дүниесінде» (1924), т. б. мақалаларында әйел теңсіздігі, ауыл тіршілігі, халықаралық саясат туралы айтылады. «Көркемтай» деген әңгімесінде (1924) жетім баланың көрген қорлығы, аянышты өмірі суреттеледі. Жастардың білім алуының орнына құр сенделіп, жалаң сөз қуып жүргенін «Екеуі де дұрыс» атты оқшау сөзінде (1925) мінеп - шенейді. И. А. Крыловтың, Ғ. Тоқайдың, т. б. бірсыпыра өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Шығармалары: Уақ - түйек. Уфа, 1915; Өлеңдері. А., 1935; 1950; Шығармалар. А., 1957; Избранное. А., 1958.
Сәбит Дөнентаев - сатира жанрында айрықша тұлғаланған талант. Қазақ әдебиетіндегі фельетон, сықақ, әзіл - қалжың, мысал жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

"Айқап" - қоғамдық - саяси және әдеби журнал. 1911 - 1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1 - 2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М. Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу - ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А. Ғалымов, С. Торайғыров қатысқан. Журналда А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Б. Майлин, Б. Өтетілеуов, С. Көбеев, Н. Құлжанов, т. б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және Еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінде оқу - білімнің жетістігі, әйел теңсіздігі, байлардың қарау мінезі, еңбекқорлық пен жалқаулықтың айырмасы бірде поэтикалық мәнер танытқан ақын. Оның «Көркем қызға», «Жәмилә қыз», «Әйелдер мейрамына», «Мен зынданда», «Ерікті Айша», «Әйелдердің он жылдық тойына» деп аталатын өлеңдерінде әлеуметтік мәселе бірде диалог, бірде монолог, бірде қыз мұңы түрінде беріледі. Сондай - ақ, «Шілде», «Жарық ағаш», «Бірінші май», «Жазғытұры жар басында», «Күздің сыры», «Май туады» деген өлеңдерінде табиғат көрінісін фон ретінде алып, адам өмірі жайында толғанады

Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін екі бағытта қарастыруға болады. Оның бірі - тікелей балалар әдебиетіне жататын туындылар болса, екінші бір тобында бала көзқарасымен қарай отырып, үлкен әлеуметтік мәселе көтереді. Осы орайда «Балалық», «Балалықты сағыну», «Ұры мен баласы» сынды өлеңдерін атап өтуге болады

Татар классигі Ғабдолла Тоқайдан аударған. «Рамазан айында» деген сатиралық өлеңі мен «Калила мен Дамнадан» тәржіма жасаған «Бір көлдегі үш балық», «Бит пен бүрге» мысалдары еркін аударманың озық үлгісіне жатады. Сондай - ақ «Ібілістің шайтандарына айтатыны», «Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Көк төбетке», «Сұңқар мен қарғалар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға» тағы да басқа туындылары мысал жанрына кеп құйылған қомақты үлес. Ақын мысал өлеңдерінде жан - жануарларды мысал етіп алады да, солардың іс - әрекеті арқылы қоғамдағы ашкөздік, аярлық, жағымпаздық, қаскөйлік, жалқаулық, парақорлық сияқты жағымсыз қасиеттерді өткір сынға алып, халықты еңбекке, бірлікке шақырады
Сәбит Дөнентаевтың публицистикалық мақалаларында негізінен ел тұрмысындағы өзгерістер, адам психологиясындағы жаңалық, әлеуметтік теңсіздік және өнер тақырыбы, кедейлердің қатарға қосылуы, уақыт, заман туралы толғаныс тағы басқа мәселелер сөз болды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 2162 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]